Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі


Гирудотерапия ілімінің шығу тарихы және медицинада қолданылуы



бет66/78
Дата25.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#114246
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78
Байланысты:
Фармацевтикалық-тауартану

Гирудотерапия ілімінің шығу тарихы және медицинада қолданылуы.

Гирудотерапия ерте заманнан келе жатқан ғылым. Сүліктерді ерте заманда 1500-300 жж. қолданды. Осы күнге дейін жетіп келген манускрипттерге, яғни бұл әдісті көптеген ғалымдар қолданып келгені. Мысалы: Колофолдағы Никандра (200-130 жж. Христос туылғанға дейін); кейін оны жалғастырғандар: Темисон (123-43 жж. Христос туылғанға дейін), Гален (131-200 жж.), Аэций (354-435), сонымен қатар Ибн-Сина (980-1037 жж.) Ибн-Сина өзінің үлкен “Канон” тәжірибесінде медициналық сүліктерге көп көңіл бөлді.

Лас сулардан, бақа бар сулардан ұсталған сүліктерден сақ болу қажет. Сүліктерді ұстап алғанда, олардың үстінде түрлі түстер, үстінде екі сызықты аурипигменттер болуы қажет. Сонымен бірге сүліктердің түсі көпшіл сарғыш, жалпақ, сүлік түсі бауырға ұқсас келетіндер жақсы, емдік болып табылады. Сүліктер адам қанын тереңнен сорып алады. Оларды қолданып алдында бір күн бұрын ұстау қажет. Содан кейін оларды алып іріңдерден, ластардан тазартып, орынды жуады, қызыл байқалғанша сүртеді. Будан кейін сүліктерді қолданылатын болса, оларды тұщы суға жібереді, онда сүліктер тазаланып шығады. Тазаланған сүлікті керекті жерге қояды. Егер сүліктер қанға толы болып орнынан ажырамай жатса, яғни уақыты өтсе, сүліктер денесіне немесе басына кішкене тұз себеді. Сүліктер түскеннен кейін оларды жинап алып қойылған жеріндегі қанды банкімен сорып тастау қажет. Егер қан тоқтамаса, үстіне түрлі қосылыстар себу керек, немесе басқа қан тоқтатқыш құралдармен жағу қажет. Егер кімде сүлік қоятын болса, онда алдын ала сүліктер чашкісімен дайын тұру қажет. Сүліктерді тері ауруларында, тері дақтарында, сепкілде және де т.б. ауруларда жақсы эффект көрсетеді.

Дәрігерлер сол ерте заманнан – ақ медициналық сүліктерді ми қозғалуында, бауыр, бүйрек ауруларында және де буын ауруларында, туберкулез, эпилепсия және де т.б. ауруларда қолданылатын болған.

Медициналық сүліктерді көбінесе ххІІІ және ХІХ ғасырдың 1-ші жартысында жиі қолданды. Ағзадағы сүйықтықтарға (қан, өт және т.б.) қан сүйықтықтарын теңесуі пайда болады деп есептеген. Сондай-ақ қан құю, қан алмастыру үрдісінде жиі қолданылатын болған. Өткен ғасырдың басында сүліктер “дәріхананың қызыл бұрышын” алған болатын. Бұл әдістің танымалдылығы төмендегі оқиғамен негізделген: “Францияда 50 млн-ға жуық сүліктерді күнде қолданған. Наполеонның айтуынша, сүліктердің ішіндегі тек 6 млн. Венгрияға импортталған. Ал 30 жылдары ХІХ жүз жылдықта Россияда емдеу мүмкіндігімен жылына 30 млн сүліктер қолданған. Сол жылдары жалпы қан жіберу және барлық ауруларда қолданған болатын. Қырымда және Кавказда соғыс жылдарда 1 адамға 100 ден 200-ге дейін сүліктер қойған”.

Сүліктер негізінен қанмен қоректенеді. Олар басқаларға, ұлуларға, балықтарға, суда жүзгіш кептерлерге, сонымен бірге майда жануарларға жабысады. Сүліктер негізінен ірі қара малдардың су ішу қубырларында көптеп кездеседі. Олар жылыға төзімді болады және узақ жолдарға шыдамды болады. Жылдың жылы кездерінде сүліктер көбінесе құбыр астарында тығылып жүреді, күнді, сәулелі күндері жүріп тамақ іздей бастайды. Су құбырларында су қалмай кеуіп кетсе сүліктер жерге терең жабылып алады, ал су келгенде қайтадан шыға бастайды. Жазда жынысы жетілген сүліктер көбеюге шығады. Кокондарын жерге жіберіп, онда жумыртқа туқымын өткізеді. Сүліктер 5 коконға дейін жібереді, әр қайсысында 20-30 туқым болады. Туқым дамуы орташа есеппен алғанда 1 ай, кокон ақ массасымен қоректенеді. Жетілу ылғалдылыққа, температураға байланысты кокондар өздерінің орнын тастап, өз бетінше өмір сүре бастайды. Сүліктер суық қыста жер қумарына жауылып, терең үйқыға кетеді. Керекті жағдайда сүліктер өзінің массасын көбейтеді. Лабораторияда олар 1-15 жыл (қосымша азық түсусіз) өмір сүреді. Бірақ, олар бір айда 1 рет қан сорып турады. Қолмен жасалған жағдайда сүліктер 4-6 жыл өмір сүре алады.

Сүліктер 33 сегменттен тұрады. Оның ішінде төртеуі алдыңғы сорғышты құрайды, ал 7-еуі артқы сорғыштарын құрайды. Денесі сырттан қапталған (кутикуламен) эпителий және сілекей клеткаларына бай болып келеді. Медициналық сүліктердің тек бір түрі - Hіrudo medіcіnalіs және үш түрлілігі бөлінген түрлері гирудотерапияда қолданылуы мүмкін:

1 - Hіrudo medіcіnalіs offіcіnalіs.

2 - Hіrudo medіcіnalіs medіcіnalіs

3 - Hіrudo medіcіnalіs orіentalіs

1 - Hіrudo medіcіnalіs offіcіnalіs – 2 сарғыш қызыл түсті сызық бөксесінде орналасқан. Ауыз қуысы және аяқты жағы жасыл түсті, бір түсті, қырынан қара түсті сызық байқалған.

2 - Hіrudo medіcіnalіs medіcіnalіs – жоғарғы бөксесінде төрт қара сызық, параллель болып келген, қара дақты, тамшы формалы болып келген.

3 - Hіrudo medіcіnalіs orіentalіs - қанық жасыл түсті, бөкселерінде ұзын сарғыш-қызыл сызықтары бар, қара төрт бұрышты дақпен қапталған, қара немесе жасыл дақтары байқалады, олар бірдей паралельді орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет