Рецидивтерді алдын алу
: бұл мақсатта науқастар гастроэнтерологтың
қатаң қадағалауында болып, патогенетикалық және симптомдық ем алуы
тиіс.
87
ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР
1. Ер адам, 50 жаста, кӛп темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, тӛс сүйегінің
тӛменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге
шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы
нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық ӛзгерістер тіркелмеді. Тӛменде
кӛрсетілгендердің қайсысы диагностикадағы келесі қадам болады?
А) ЭхоКС
В) ЭФГДС
С) Асқазан рентгенографиясы
D) Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
Е) Спирография
2 Ер адам, 75 жаста, эпигастрийде ауырлық, толу сезіміне, сыздап
ауырсыну, ауызда жағымсыз дәм, лоқсу, тәбеттің тӛмендеуі, ауамен кекіру,
тұрақсыз нәжіске шағымданады. Ішті пальпациялаудаалдыңғы құрсақ
қабырғасының жайылмалы кернеулігі және эпигастрий аймағында
ауырсыну. ФГДС: асқазанның денесі мен антрумында бозару, жазықталуы,
тамырлардың кӛрінуі, гипотония, гипокинезия, ӛттің рефлюксі. Жоғарыда
айтылған кӛрініс қандай патологияға тән?
А) Антральды атрофиялық емес гастрит
В) Ойық жара ауруы
С) Созылмалы атрофиялық гастрит
D) Бейспецификалық жаралы колит
Е) Асқазанның қатерлі ісігі
3. Әйел адам, 65 жаста, остеоартрозбен ауырады, ұзақ уақыт селективсіз
стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қолданады. Тӛмендегі
кӛрсетілгендердің қайсысы СЕҚҚП кері әсерін алдын-алуға және тежеуге
мүмкіндік береді?
А) Протонды помпа ингибиторлары
В) Н
2
-блокаторлар
С) Антибиотиктер
D) Антацидтер
Е) М-холинолитиктер
4. Ер адам, 45 жаста, ойық жара ауруымен ауырады, қабылдау бӛліміне
арқаға иррадиация беретін, тамақтанумен байланыссыз, антацидтер және
спазмолитиктер қабылдағанда басылмайтын, эпигастрий аймағындағы
ауырсыну, лоқсу, құсу, іш ӛту, дене температурасының субфебрильді
сандарға дейін жоғарылауы шағымдарымен қаралды. Рентгенологиялық
зертеуде терең «ниша», ойық жаралы аймақтың аз қозғалысы анықталды;
ФГДС-да терең ойық жара анықталады, кратер жиектері биік, вал тәрізді.
Жоғарыда айтылған жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай?
А) Ойық жара перфорациясы
88
В) Перидуоденит
С) Ойық жараның кіші шажырқайға пенетрациясы
D) Ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы
Е) Ойық жарадан қан кету
5. Әйел адам, 25 жаста, әдеттегі мӛлшерде тамақ қабылдағаннан кейін
эпигастрий аймағында толу сезімі, аптасына бірнеше рет пайда болатын
тез тою сезімі, кекіру, іштің кебуі, лоқсу, ұйқысыздық, әлсіздік,
шаршағыштыққа шағымданады. Осы шағымдар жарты жыл бойы
байқалады. Рентгенологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асқазанның
моторлы – тасымалдаулы (эвакуаторлы) дискинезиясы анықталды, ФЭГДС
– қалыпты. Мүмкін болатын диагноз қандай?
А) Ойық жаралы ауру
В) Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру
С) Созылмалы гастрит
D) Созылмалы панкреатит
Е) Функционалды ойық жаралы диспепсия
6 Диарея, дене салмағының тӛмендеуі, гипоальбуминемия, ісінулер мен
гиповитаминоз белгілері кӛрінісімен болтаны кешен жіңішке ішекте
қоректік заттар сіңірілуінің тӛмендеуі нәтижесінде дамиды. Жоғарыда
кӛрсетілген белгілер қандай синдромға тән?
А) Темірмен жүктеме синдромы
В) Ішектің тітіркену синдромы
С) Мальабсорбция синдромы
D) Демпинг-синдром
Е) Мальдигестия синдромы
7. Әйел адам, 32 жаста, ақшылқоңыр түсті, кӛпіршікті, май тәрізді,
жағымсыз иісті нәжіс, метеоризм, дене салмағының тӛмендеуі
шағымдарымен қаралды. Шырышты қабаттың биопсиясында бокал тәрізді
жасушалар санының кӛбеюі, эпителий аралық лимфоциттер санының
жоғарылауы, бүрлердің атрофиясы, беткей және ойықтық (ямочный)
эпителийдің лимфоциттермен инфильтрациясы анықталды. Анамнезінде
арпа, сұлыдан жасалған тағамдарды қабылдай алмау. Осы науқасқа қандай
ұсыныстар жасау қажет?
А) Антибиотиктермен курстық терапия
В) Ұн тағамдарын шектей отырып ем-емдәмді ұстану
С) Адсорбенттерді үнемі қабылдау
D) 5-аминосалицил қышқылы препараттарын үнемі қолдану
Е) Холеретиктерді үнемі қолдану
8. Әйел адам, 35 жаста, оң жақ қабырға астында үнемі сыздап ауырсыну,
кекіру, лоқсу, кейде құсу, тәбеттің тӛмендеуі, іш қатуға шағымданады.
Қарағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну, Мерфи, Керр, Ортнер
89
симптомдары оң. Жалпы қан анализінде қабынулық ӛзгерістер жоқ.
Дуоденалды сүңгілеуде В фазасының ұзаруы мен ӛт қабы ӛтінің кӛлемінің
ұлғаюы анықталды. Ӛт қабын УДЗ конкременттер жоқ. Мүмкін болатын
диагноз қандай?
А) Ойық жаралы ауру
В) Созылмалы колит
С) Созылмалы гепатит
D) Созылмалы холецистит
Е) Ӛт шығару жолдарының дискинезиясы
9. Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез
шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ
қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының
субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан
кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда:
гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Қандай диагностика
әдісі патологияны дәлелдеуге мүмкіндік береді?
А) Вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау
В) Қанның биохимиялық анализі
С) Бауыр биопсиясы
D) Бауырды УДЗ
Е) Радионуклидті сканирлеу
10. Ер адам, 45 жаста, ұзақ уақыт ішімдікті кӛп қолданады. Қанмен құсуға
шағымданады. Объективті: мәңгірген, сӛзі түсініксіз, асцит, құрсақтың
алдыңғы қабырғасының кӛктамырлары кеңейген, спленомегалия, АҚ-80/60
мм.с.б., ЖЖЖ - 110 рет мин. Науқасты жүргізу тактикасының келесі
қадамы қандай?
А) Жаңа тоңазытылған плазма құю
В) Антибиотикотерапия
С) Вазопрессин енгізу
D) Ӛңештің баллонды тампонадасы
Е) Кӛк тамырды эндоскопиялық бунақжіптеу
11. Әйел 25 жаста, күніне 5 рет болатын ботқа тәрізді нәжіске, іштің
кебуіне, дефекациядан кейін басылатын іштің ауырсынуына, іште діріл
сезімі,
толық
тыныс
ала
алмау
сезіміне
шағымданады.
Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық
зерттелуінде патологиялық ӛзгерістер анықталмады. Нәтижелі жүргізу
тактикасы қандай?
А) Спазмолитиктер + пробиотиктер
В) Антибиотиктер + пребиотиктер
С) Психотропты терапия + лоперамид
D) Пребиотиктер + диоктаэдриялық смектит
90
Е) 5-НТ
3
-рецепторының антагонистері + пробиотиктер
12. Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті
диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін
басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-
табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының
жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ
ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек
крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан
кету. Мүмкін болатын диагноз қандай?
А) Ішектің қатерлі ісігі
В) Гранулематозды колит
С) Ишемиялық колит
D) Амебиаз
Е) Бейспецификалық жаралы колит
13. Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы ӛршуінің терапиясы жүргізілген.
2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің
ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ
қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай диагностика әдісі осы
симптомдардың себебін анықтауға мүмкіндік береді?
А) Жалпы қан анализі
В) Нәжісті микробиологиялық зерттеу
С) Ирригоскопия
D) Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу
Е) ФГДС
14. Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы ӛршуінің терапиясы жүргізілген.
2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің
ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ
қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай топ препараттары осы
жағдайдың дамуына себеп болды?
А) β
2
-агонисттер
В) Метилксантиндер
С) Муколитиктер
D) Антибиотиктер
Е) Иммуномодуляторлар
15. Ер адам, 55 жаста «Ұлтабар буылтығының ойық жара ауруы, НР
ассоцирленген, рецидивті ағымды» диагнозымен. Құрамында протонды
помпа ингибиторы, кларитромицин және амоксициллин енген қосарланған
терапия нәтижесінде толық ремиссия мен НР эрадикациясы болды.
Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай?
А) Н
2
–блокаторларымен үзілулік курстық терапия
В) Антибиотиктермен демеуші терапиясы
91
С) Хирургиялық емдеу
D) Цитопротекторлармен курстық терапия
Е) ПИИ демеу терапиясы
16. Ер адам, 50 лет, темекіні кӛп шегеді, тұншығу ұстамасына, тӛс
сүйегінің тӛменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсыну, қышқылмен кекіруге
шағымданады. Теофиллин тобының препараттарын қолданғанда жағдайы
нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық ӛзгерістер тіркелмеді. Пикфлоуметрияда
тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы шамалы тӛмендеген. Мүмкін
болатын диагноз қандай?
А) Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру
В) Созылмалы гастрит
С) ЖИА. Күш түсу стенокардиясы
D) Бронх демікпесі
Е) Ӛкпенің созылмалы обструкциялы ауруы
17. Ер адам, 30 жаста, эпигастрий аймағында кезеңді түрде аш қарынға
ауырсыну, қыжылдау, лоқсу, қышқылмен кекіруге шағымданады.
Объективті: пилородуоденалды аймақта шектелген ауырсыну. ФГДС:
антральды аймақта шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуі,
қатпарлардың гиперплазиясы, антралды спазм. Қандай зерттеу әдісі
патологиялық үдерістің этиологиясын анықтауға мүмкіндік береді?
А) Асқазан ішілік рН-метрия
В) Жалпы қан анализі
С) Уреазды сынама
D) Асқазан рентгенографиясы
Е) Дуоденалды сүңгілеу
18. Әйел адам, 20 жаста, тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында
кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы, ауа жетпеу сезімдеріне,
ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын
перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс.
Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды,
асқазанның
үлкен
газдық
қабы
кӛрінді.
Жоғарыда
аталған
симптоматиканың ұзақ болуы қандай патологияның дамуына әкелуі
мүмкін?
А) Созылмалы гастриттің
В) Диафрагманың ӛңештік саңылауы жарығының
С) Ойық жара ауруының
D) Эмфиземаның
Е) Диафрагма жарылуының
19. Ер адам, 50 жаста, ішімдікті кӛп қабылдайды. Тамақтанғаннан кейін
үдейтін іштің жоғарғы бӛлігінде аурысыну, лоқсу, іштің кебуі, диарея,
салмақ жоғалтуға шағымданады. Қандай диагностикалық әдіс зақымдалған
92
мүшенің сыртқы секреторлы қызметінің жағдайын бағалауға мүмкіндік
береді?
А) рН-метрия
В) Уреазды сынама
С) Дуоденалды сүңгілеу
D) Эластазды сынама
Е) Глюкозотолерантты сынама
20. Гипертониялық тип бойынша ӛт шығару жолдарының дискенезиясы
кезінде қандай топтың препараттары қарсы кӛрсеткіш болып табылады:
А) антибиотиктер
B) спазмолитиктер
C) холецистокинетиктер
D) СЕҚҚЗ
E) холинолитиктер
21. Әйел адам, 35 жаста, тәулігіне 3 ретке дейін сулы кӛпіршікті кӛп
мӛлшерде болатын нәжіске, іштің жоғарғы бӛлігінде ауырсынуға, дене
салмағының тӛмендеуіне шағымданады. Бірнеше күн бұрын Тунистен
келген, ол жерде теңіз ӛнімдеріне жасалған экзотикалық тағамдар
қабылдаған. Нәжіс бактериологиялық себіндісінде энтеротоксигенді
Escherichia coli анықталды. Патологиялық ӛзгерістердің мүмкін болатын
себептері қандай?
А) Созылмалы панкреатиттің ӛршуі
В) Бейспецификалық жаралы колит
С) «Саяхатшылар диареясы»
D) Іш жүргізетін препараттарды қабылдау
Е) Псевдомембранозды колит
22. Әйел адам, 52 жаста, майлы, ащы тағамдарды қабылдағаннан кейін сол
жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, құсуға шағымданады. Объективті:
тері жамылғысы физиологиялық реңді, пальпацияда оң жақ қабырға
астында ауырсынудың күшеюі, Мерфи симптомы оң. Зертханалық
кӛрсеткіштерінде қабыну ӛзгерістері жоқ. Бауыр сынамалары ӛзгеріссіз.
УДЗ: ӛт жолдары кеңеймеген, ӛтімді, ӛт қабы қуысында диаметрі 5-7 мм,
кӛлемнің 1/3 бӛлігін толтыратын конкременттер анықталды. Шолу
рентгенограммасында
конкременттер
кӛлеңкесі
анықталмады.
Консервативті терапия барысында қандай препарат нәтижелі?
А) Метронидазол
В) Вазилип
С) Церукал
D) Урсофальк
Е) Холецистокинин
93
23. Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез
шаршағыштыққа, дене салмағының иӛмендеуіне, лоқсуға, ауызда ащы
дәмнің болуына, оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне, кезеңді түрде
дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауына,
терінің қышуына, қызыл иектің қанағыштығына, зәрдің қара түсті
болуына, нәжістің ағаруына шағымданады. Объективті: гепатомегалия,
сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Мүмкін болатын диагноз қандай?
А) Созылмалы вирусты гепатит
В) Созылмалы холецистит
С) Созылмалы панкреатит
D) Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
Е) Гемолитикалық анемия
24. «Бауыры ұлғайған, тығыз консистенциялы, беті тегіс, терісінің
гиперпигментациясы (қола тәрізді боялған), диабет» қандай патологияға
күмәң туғызады:
А) бауыр циррозы
B) созылмалы гепатит
C) Бауыр обыры
D) гепатоз
E) гемохроматоз
25. Мезенхимальды - қабыну синдромының индикаторлары болып
табылады:
А) қан сарысуында АлАТ, АсАТ белсенділігінің жоғарылауы
B) тура билирубиннің жоғарылауы
C) қанда гамма-глобулиндердің жоғарылауы
D) қанда альфа-фетопротеиндердің анықталуы
E) қан сарысуында жалпы ақуыз құрамының ұлғаюы
26. Әйел адам, 25 жаста, тәулігіне 5 ретке дейін жиі ботқа тәрізді нәжіс,
дефекациядан кейін басылатын әш кебуі мен іште ауырсынуға, ішкі
дірілдеу мен толық емес тыныс алу сезіміне шағымданады.
Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық
зерттелуінде патологиялық ӛзгерістер жоқ. Мүмкін болатын диагноз
қандай?
А) Тиреотоксикоз
В) Іш жүргізетін препараттарды қабылдауға реакция
С) Гранулематозды колит
D) Бейспецификалық жаралы колит
Е) Ішектің тітіркену синдромы
27.
γ-глютамилтранспептидаза, 5-нуклеотидаза, сілтілі фосфотаза
белсенділігінің артуы, гиперхолестеринемия, тура фракция есебінен
94
гипербилирубинемия қандай синдромның биохимиялық кӛрсеткіштері
болады?
А) Мезенхималды-қабынулық синдром
В) Холестаз синдромы
С) Цитолиз синдромы
D) Портокавальды шунттау синдромы
Е) Гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік синдромы
28. Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті
диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін
басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-
табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының
жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ
ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек
крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан
кету. Базисті терапия ретінде қандай топ препараттарын қолданған
мүмкіндігінше тиімді?
А) Антибиотиктер
В) 5-аминосалицил қышқылының препараттары
С) Адсорбциялаушы
D) Пробиотиктер
Е) Пребиотиктер
29. 45 жастағы әйел адамда іш қату мен іштің ӛтуі кезектесіп жүруі,
дефекация кезінде іштің аурсынуы, етеккірінің болмауы байқалады.
Сілемей араласқан нәжіс. Ӛзі тұйық, депрессивті. Іші жұмсақ, тоқ ішек
бойы сезімтал.
Толық клиника – зртханалық зерттеулерінде ешқандай ӛзгерістер
байқалмайды. Алғашқы диагноз:
А) глютенді энтеропатия
B) бейспецификалық ойықжаралы колит
C) Крон ауруы
D) амебиаз
E) ішетің тітіркену синдромы
30. Бірнеше жыл бойы созылмалы энтеритпен сырқатанатын науқас, ӛз
бетімен тетрациклин препаратын қабылдағаннан кейін ішек диспепсия
симптомдары (метеоризм, шұрылдау, диарея) күшейген, жалпы жағдайы
нашарлаған. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
А) секреторлық жеткіліксіздігімен созылмалы гастрит
B) созылмалы панкреатит
C) созылмалы холецистит
D) ішектің дисбактериозы
E) ішектің тітіркену синдромы
|