Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/92
Дата07.02.2022
өлшемі1,42 Mb.
#83024
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92
Байланысты:
Конакбаева ЖКТ каз

 
Зерттеу жоспары: 
Не
гізгі диагностикалық зерттеулер: 
1.
Жалпы қан анализі; 
2.
Қандағы және зәрдегі амилазаны анықтау; 
3.
Қандағы глюкозаны анықтау; 
4.
Аминотрансферазаны анықтау (АлАТ,АсАТ), жалпы билирубин және 
оның фракциясын, қандағы 
холестеринді, сілтілі фосфатазаны, 
гаммаглютамилтранспептидазаны, СРА, жалпы ақуызды анықтау; 
5.
Копроскопия; 
6.
Ұйқы безінің, ӛт қабының, ӛт шығару жолдарының және бауырдың 
УДЗ. 
Қосымша диагностикалық зерттеулер: 
1.
Жалпы зәр анализі; 
2.
Коагулограмма; 
3.
Гликемиялық профиль, глюкозаға толерантты сынама; 
4.
Эзофагогастродуоденоскопия; 
5.
ЭРХПГ; 
6.
Гипотония жағдайындағы дуоденорентгенография; 
7.
Құрсақ қуысының КТ; 
8.
Лапароскопия; 
9.
ЭКГ; 
10.
Эндокринологтың, хирургтың кеңесі;
Емі 
Емнің мақсаты: 

Ұйқы безінің функциялыққ тыныштығын орнату. 

Ауырсыну синдромын жою, түтіктердің және сфинктерлердің 
моторикасын қалпына келтіру; 

Интоксикация синдромын жою; 


37 

Ұйқы безінің сыртқы және ішкі секреторлық қызметінің жеткіліксіздігін 
емдеу 

Протеазаны және кининдерді ингибирлеу; 

Тамырлардың микроциркуляциясын қалпына келтіру; 

Қабынуға қарсы ем; 

Хирургиялық асқынуларды емдеу және себептік факторлар сақталған 
кездегі рецидивті болдырмау; 
Госпитализацияға көрсеткіш: 

Орташа ауырлық дәрежедегі және ауыр ағымдағы СП; 

Амбулаторлық емнің нәтижесіздігі
;
Дәрілік емес терапия 

Кез келген ішімдіктен, темекіден, «панкреатотропты» дәрілерді 
қабылдаудан бас тарту; 

Емдәм №5п (панкреатты) – аз мӛлшерде бӛлінген тамақтану; 
Дәрілік терапия 
СП

тің гиперсекреторлық (гиперферментті) және гипосекреторлық 
(гипоферментті) формалары кезінде терапиялық іс шаралардың 
ерекшелігін есте сақтау керек. 
СП - тің гиперсекреторлық (гиперферментті) формасы 
кезінде 
интенсивті қайталамалы ауырсыну синдромымен жүреді, сондықтан
ауырсыну синдромын жою және ұйқы безінің қызметін тыныштандыру ӛте 
маңызды. 
Панкреатикалық 
белсенділі 
секреция 
түтіктердегі 
гидростатикалық 
қысымды 
жоғарылатып, 
ағуды 
қиындатады 
(ауырсынудың негізгі себебі). 
Бұл келесі емдік іс шаралармен жүзеге асады: 

Кӛп мӛлшердегі сілтілі суларды қабылдаумен бірге жүретін ашығу 
күндері (1-3 күн және одан кӛп); кӛрсеткіш бойынша энтеральді 
(нутриентті арнайы зонд арқылы ащы ішекке енгізу) немесе парентеральді 
тамақтану. Кейде эпигастрий аймағына суық басуды да қолданады (ұйқы 
безіне жасанды гипотермия). 

Ішке заманауи полиферментті препараттарды үлкен дозада қабылдау: 
креонды 1 капсуладан әр 2-3сағат сайын немесе 2 капсулада күніне тӛрт 
рет, панцитрат 1 капсуладан күніне 3 рет, мезим форте 2 капсуладан 
күніне 3 рет, панкреатин 50000 – 150000 БІ күніне. Ұйқы безі 
ферменттерінің жоғары концентрациясы он екі елі ішектегі ұйқы безі 
экзосекрециясынң тӛмендеуін туғызады, ол ӛз кезегінде секретинге және
панкреозиминге айналуына жауап беретін релизинг пептидтердің 
тежелуіне әсер етеді. 

Н
2
- гистаминді рецепторларын (фамотидин) немесе ППИ (омепразол, 
рабепразол, эзомепразол) парентеральді не ішке қабылдау арқылы 
асқазанның қышқылдық секрециясын максимальды тежеу: фамотидин 40-
80мг тәулігіне немесе 20мг-нан тамыр ішіне әр 8сағат сайын; омепразол
тамыр ішіне 40-80мг тәулігіне немесе 20-40мг ішке. 


38 

Сіңірілмейтін антацидті препараттар (алмагель,маалокс,фосфалюгель). 

«Қандағы панкреатикалық ферменттердің бейімделу» феномені кезінде 
кейбір авторлар бұрынғыдай протеаза ингибиторын және кининді 
дисбалансты реттейтін апротинин және олардың аналогтарын (контрикал, 
гордокс) тағайындауды ұсынады. Соңғы уақытта СП ӛршуі кезінде 
олардың әсеріне күмән туып отыр. 

Егер жоғарыда келтірілген іс шаралар ауырсыну синдромын басуға 
кӛмектеспесе анальгетиктер тағайындалады: натрий метамизолы, 
трамадол. Ауырсынуды жою үшін қосымша спазмолитиктер қолданады: 
дротаверин, пинавериум бромид.
 
СП гипосекреторлық (гипоферментті) формасы кезінде: 

Негізгі емдеу тәсілі панкреатикалық ферментті препараттарды 
қолдануы; 
 

Екіншілік қантты диабет дамыса инсулин тағайындалады;
 

Қосымша ем ретінде ұйқы безінің сақатлған экзокринді тіңдерін 
күшейтетін ппрепараттыр қоланады: панкреозиминнің синтетикалық 
аналогы – церулетид – декапептид 2 нг/кг салмаққа/мин тамыр ішілік 1-3 
сағат бойы;
 

Айқын мальабсорбция, мальдигестия синдромы кезінде қосымша 
аминоқышқылды қоспаларды (полиамин, аминоплазмал және т.б.) 
ақуыздық анаболизаторлармен бірге (ретаболил, нандролон, метилурацил) 
қосып тағайындайды.
 

Айқын ішектік дисбиоз кезінде эндотоксемияны болдырмау үшін ішектік 
антисептиктер (интетрикс, энтероседив және т.б.), микробтарға қарсы әсер 
ететін биологиялық препараттар (энтерол, флонивин - БС), пре-, про- және 
симбиотиктер (хилак форте, бифиформ, линекс және т.б.) қолданылады.
 

Созылмалы дуоденальды ӛтімсіздіктің функциялық формасы кезінде – 
прокинетиктер (метоклопрамид, донперидон) қолданылады.
 

Билиарлы тәуелді СП емдеу кезінде қосымша урсодезоксихол 
қышқылының препараттарын (урсосан, урсофальк 250-500 мг түнгі 
уақытта) тағайындайды.
 

Ишемиялық СП емдеу кезінде микроциркуляцияны жақсартатын 
заттарды 
қабылдау 
қажет: 
дезагреганттар 
(дипиридамол), 
антикоагулянттар (гепарин 10-15мын БІ тері астына 14 күн).
 

Дезинтоксикациялық мақсатта инфузионды терапия (полиглюкин 400 
мл/тәулігіне, трисоль, ацесоль ерітінділері, 5-10% глюкоза ерітіндісі 
инсулиннің адекватты дозасымен бірге), кӛрсеткіш бойынша – 
гемосорбция, плазмофарез.
 
Хирургиялық реттеу 
Консервативті емге берілмейтін ауыр жағдайларда эндоскопиялық 
стентирлеу жолымен ұйқы безінің түтіктеріне декомпрессиясы жасалады; 
папиллостеноз кезінде - папиллосфинктеротомия, сфинктеропластика, ірі 
псевдокисталар кезінде - оларды ашып дренаждау, цистодигестивті 


39 
анастомоз қою, цистэктомия, ұйқы безі түтіктерінде тастар анықталса -
экстракорпаральды соққы -толқынды литотрипсия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет