Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы



бет3/4
Дата29.01.2018
өлшемі0,77 Mb.
#36113
1   2   3   4

5.2. Негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және жарақаттардың профилактикалық iс-шараларын, скринингтiк зерттеулерiн күшейту, диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетiлдiру

      Бағдарлама шеңберiнде перинаталдық медицинаны дамыту, акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер арасында өзара iс-қимылды жақсарту, босандыру және балаларға арналған ұйымдарды қазiргi заманғы емдеу-диагностикалау аппаратурасымен жарақтандыруды жалғастыру, дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi жақсарту, кадрларды даярлау жүйесiн жетiлдiру, неонаталдық технологияларды белсендi енгiзу жоспарлануда.


      Сондай-ақ тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеуге, асқынуға, мүгедектiкке және өлiм-жiтiмге алып келетiн ауыр аурулардың дамуын тоқтатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, олардың жас, физиологиялық ерекшелiктерiне және ДДҰ ұсынымдарына негiзделген халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтiк бағдарламалар кешенi әзiрленедi және енгiзiледi.
      Осы бағдарламаның шеңберiнде негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттарды: жүрек қан-тамыр ауруларын, онкопатологияларды, туберкулездi, АИТВ-ны, психиатриялық ауруларды, эндокриндiк ауруларды (диабет), сондай-ақ жарақаттарды (жол және өндiрiстiк жарақаттар, күйiктер) диагностикалау, емдеу және оңалту әдiстерi жетiлдiрiлетiн болады. Көрсетiлген аурулар мыналармен сипатталу нәтижесiнде алынған:
      таралуы жоғары және тез өрбитiн, қаралуы бойынша сырқаттанушылық құрылымында бiрiншi орындарды алады;
      өлiм-жiтiм және мүгедектiкке шығу себептерi құрылымында елеулi үлесi бар;
      ауру ағымының ауыртпалығы (сырқаттардың өмiр сүру сапасын төмендетедi, функциялық белсендiлiгiн шектейдi) және жағымсыз нәтиженiң жоғары ықтималдығы;
      бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексiне елеулi әсер ету.
      Халықтың жалпы санында егде адамдар үлесiнiң айтарлықтай артуының күтiлiп отырған үрдiсiн ескере отырып, геронтологиялық және гериатриялық медициналық көмек жетiлдiрiлетiн болады.

      Мақсаты: халықтың денсаулығын одан әрi нығайту және негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттардың деңгейiн төмендету.

      Негiзгi мiндеттер:
      1) азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту;
      2) аурулардың, оның iшiнде мүгедектiктiң профилактикасына тәсiлдердi жетiлдiру, скринингтiк зерттеулердi дамыту және СӨС-тi ынталандыру;
      3) негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттануларды диагностикалауды, емдеудi және оңалтуды жетiлдiру;
      4) егде жастағы адамдарға көрсетiлетiн медициналық көмектi (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетiлдiру.
      Нәтижелер көрсеткiштерi:
      нәресте өлiм-жiтiмiнiң 1000 тiрi туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейiн (2009 ж. - 36,9) төмендеуi;
      ана өлiм-жiтiмiнiң 100 мың тiрi туылғандарға щаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейiн (2009 ж. - 29,2) төмендеуi;
      мүгедектiкке бiрiншi рет шығудың 10 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 28,4-ке дейiн, 2015 жылға қарай 28-ге дейiн (2009 ж. - 29,4) төмендеуi;
      қанайналым жүйесiнiң ауруларынан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 374,8-ге дейiн, 2015 жылға қарай 353,9-ға дейiн (2009 ж. - 416,4) төмендеуi;
      онкопатологиядан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 99,5-ке дейiн, 2015 жылға қарай 95,8-ге дейiн (2009 ж. - 112,7) төмендеуi;
      туберкулезден өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 12,0-ге дейiн, 2015 жылға қарай 11,6-ға дейiн (2009 ж. - 12,9) төмендеуi;
      жарақаттанушылықтан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 94,6-ға дейiн, 2015 жылға қарай 92,1-ге дейiн (2009 ж. - 108,4) төмендеуi;
      15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегiнде ұстау.

      Қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар


      1. Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту мыналарды көздейдi:
      1) ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес ана мен баланың денсаулығын сақтау (бұдан әрi - АБДС) қызметi ұйымдарында әйелдер мен балаларға мамандандырылған көмектiң және БМСК деңгейiнде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын, қолжетiмдiлiгiн және сабақтастығын арттыру:
      қазiргi заманғы технологияларды пайдаланып, ұрықтың және жаңа туған нәрестелердiң туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалаудың скринингтiк бағдарламаларын жетiлдiру;
      ғылыми дәлелдi медицина негiзiнде әзiрленген акушерия, неонатология және педиатрия бойынша (дамудың туа бiткен аномалияларын қосқанда) емдеу мен диагностикалаудың хаттамаларын және ДДҰ халықаралық стандарттарын енгiзу;
      денсаулықты және толыққанды өсудi, дамуды және аурулардың профилактикасын қамтамасыз етуге арналған ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес БМСК деңгейiнде ерте жастағы балаларды (дамудың туа бiткен аномалиялары бар балаларды қосқанда) антеналдық күтудi және қадағалауды жетiлдiру;
      АБДС ұйымдарының қызметiнде сапаны үздiксiз арттырудың қазiргi заманғы әдiстемесiн әзiрлеу және енгiзу;
      АБДС қызметi ұйымдарында медициналық көмектiң мониторингi, бағалау және сабақтастық тетiктерiн жетiлдiру;
      ДДҰ-ның енгiзiлген тиiмдi технологияларына сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және акушериялық және балалар стационарлары медицина қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру;
      балалар және босандыру ұйымдарын ДДҰ-ның енгiзiлген тиiмдi технологияларына сәйкес қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру;
      отбасында ерте жастағы балалардың өсуi мен дамуына оңтайлы күтiмдi қамтамасыз ету жөнiнде халықтың бiлiмдерiн арттыру;
      мектеп жасындағы балаларға, әсiресе ауылдық жерлерде медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсетудi жақсарту;
      медициналық көмектi психологиялық қолдаумен, жасөспiрiмдердiң құпиялылықпен және құқықтық консультациясымен ұштастыратын жасөспiрiмдер қызметiн дамыту;
      АБДС қызметiн ақпараттық қамтамасыз етудi жетiлдiру;
      2) халықаралық стандарттарға сәйкес ұрпақты болу денсаулығын нығайту жөнiнде тиiмдi тәсiлдердi әзiрлеу және енгiзу:
      отбасын жоспарлау, оның iшiнде әйелдердi гравид алды (жүктiлiкке дейiн) дайындау, отбасын жоспарлау жөнiндегi ұлттық нұсқауды (ДДҰ нұсқауы негiзiнде) әзiрлеудi қамтитын қауiпсiз ана болуы, жасөспiрiмдер мен жастардың қауiпсiз жыныстық тәрбиесi жөнiнде қызметтер көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру және БМСК-ның медициналық персоналды және мамандандырылған көмектiң барлық деңгейiн отбасын жоспарлау жөнiндегi консультация беру дағдыларына оқыту;
      дәлелдi медицина негiзiнде ұрпақты болу жүйесi аурулары профилактикасының, диагностикалау мен емдеудiң, андрологияны дамытуды қосқанда (ерлер денсаулығын нығайту), тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу және енгiзу;
      денсаулықтың гендерлiк көрсеткiштерiн статистикалық есепке алуды жетiлдiру.

      2. Аурудың, оның iшiнде мүгедектiктiң профилактикасы жүйесiн кринингтiк зерттеулердi дамыту және СӨС-тi ынталандыру төмендегiлердi болжайды:


      1) профилактикалық тексеруге арналған стандартталған, инновациялық тәсiлдердi әзiрлеу және енгiзу:
      халықтың нысаналы топтары үшiн жыл сайын жалпы халық санының кемiнде 30 %-ын қамти отырып ұлттық скринингтiк бағдарламалар кешенiн әзiрлеу және енгiзу;
      БМСК деңгейiнде СӨС-тi ынталандыру тетiктерiн әзiрлеу және енгiзу;
      2) профилактикалық iс-шаралардың қолжетiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету:
      дәрiгерге дейiнгi (SСОRЕ) және дәрiгерлiк скринингтiң халықаралық тиiмдi әдiстемелерiн енгiзу;
      нысаналы топтардың ерекшелiктерiне сәйкес профилактикалық тексерудi жүргiзудiң хаттамалары мен стандарттарын әзiрлеу және енгiзу;
      БМСК мамандарын профилактика және скрининг мәселелерi бойынша оқыта отырып, амбулаториялық-емхана ұйымдарын экспресс диагностикаға арналған аспаптармен жарақтандыру;
      3) диспансерлiк байқау үшiн халықаралық стандарттарды және тиiмдi тәсiлдердi енгiзу:
      дәлелдi медицинаға негiзделген диспансерлiк байқау жүргiзудiң хаттамалары мен стандарттарын әзiрлеу және енгiзу;
      созылмалы ауруы бар науқастарға, оның iшiнде мүгедектерге (ересектер мен балалар) диспансерлiк бақылау әдiстемесiн жетiлдiру;
      4) профилактикалық iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн енгiзу:
      өткiзiлетiн профилактикалық iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
      шығындардың тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн енгiзу және әзiрлеу.

      3. Негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеу мен оңалтуды жетiлдiру:


      1) диагностикалау мен емдеудiң кешендi бағдарламаларын әзiрлеу және енгiзу:
      негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды диагностикалау мен емдеудiң халықаралық стандарттарын, хаттамалары мен әдiстемелерiн енгiзу;
      ТМККК шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтiң тiзбесiн кезең-кезеңiмен кеңейту;
      ТМККК-ге енгiзiлген дәрiлiк заттардың тiзбесiн кеңейту;
      негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдiлiгiн көрсететiн мақсатты индикаторларды әзiрлеу және енгiзу;
      денсаулық сақтау жүйесiне арнайы әлеуметтiк жұмыс стандарттары мен индикаторларын енгiзу;
      әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын пациенттердiң мониторингiн жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың аталған науқастар контингентiн, оның iшiнде мүгедектердi емдеудегi iс-қимылын үйлестiру;
      аталған науқастар контингентiнiң бiрыңғай ақпараттық базасын құру;
      2) негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды оңалтуды жетiлдiру:
      негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын пациенттердi, оның iшiнде мүгедектердi оңалтудың халықаралық стандарттарын және әдiстемелерiн енгiзу (медициналық, әлеуметтiк, психологиялық оңалту);
      науқастарды оңалту бойынша өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдiлiгiн көрсететiн мақсатты индикаторларды әзiрлеу және енгiзу;
      3) науқастарға паллиативтi көмек көрсетудi жетiлдiру:
      паллиативтi көмек көрсетудi және мейiрбикелiк күтiмдi қажет ететiн науқастарды емдеу стандарттарын және хаттамаларын халықаралық талаптарға сәйкес әзiрлеу;
      дәрiгерлер мен орта медицина персоналына және әлеуметтiк қызметкерлерге арналған паллиативтi көмек бойынша оқыту бағдарламасын әзiрлеу және енгiзу.

      4. Егде жастағы адамдарға көрсетiлетiн медициналық көмектi (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетiлдiру:


      егде жастың медициналық-биологиялық, әлеуметтiк, психологиялық мына аспектiлерiн кешендi шешу, ол мыналарды қамтиды:
      нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу және жетiлдiру;
      дәлелдi медицина негiзiнде егде және кәрiлiк жасындағы пациенттердi диагностикалау, емдеу және оңалту хаттамаларын әзiрлеу және жетiлдiру;
      медицина персоналына, оның iшiнде ұйым деңгейiн ескере отырып әлеуметтiк қызметкерлерi үшiн бiлiктiлiк стандарттарын, жүктеме нормативтерiн әзiрлеу;
      геронтологиялық және гериатриялық көмектiң тиiмдiлiгiн бағалау (индикаторлар) жүйесiн әзiрлеу және енгiзу.

5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жетiлдiру

      Бағдарламаның шеңберiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды одан әрi жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi оңтайландыру және қысқарту, қызмет стандарттарын, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қазiргi заманғы халықаралық талаптарға және кеден одағының талаптарына сәйкес үйлестiру бөлiгiнде тәуекелдердi болжау, бағалау және басқару жүйелерiн жетiлдiру және одан әрi енгiзу бойынша жұмыс жалғасатын болады.


      Инфекциялық ауруларды бақылау жүйесiн жетiлдiру, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiне микробиологиялық көрсеткiштер мен химиялық заттарды айқындау бойынша шұғыл зерттеулер енгiзу бойынша iс-шаралар жалғасатын болады.
      Халыққа профилактикалық егулер жүргiзудiң ұлттық күнтiзбесiн одан әрi жетiлдiру жалғасатын болады, оған балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгiзiледi.
      Бағдарламаның шеңберiнде тамақ өнiмдерiнiң, қоршаған орта объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн зертханалық бақылаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тиiмдi жүйесi құрылатын болады. Инфекциялық ауруларды, оның iшiнде аса қауiптi инфекцияларды жұмыс iстеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында диагностикалаудың сапасын арттыру үшiн аймақтық вирусологиялық зертханалар және конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдiргiнi, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша мамандандырылған зертханалар желiсi ұйымдастырылатын болады.
      Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысында инновациялық жобалар мен әдiстер енгiзу жоспарлануда.

      Мақсаты: халықаралық стандарттарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.

      Негiзгi мiндеттер:
      1) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды жетiлдiру.
      2) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың тиiмдiлiгiн арттыру.
      3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң инновациялық бағыттылығын дамыту.

      Нәтижелер көрсеткiштерi:


      100 мың адамға шаққанда обамен сырқаттанушылықты кемiнде 0,03-тен аспайтын деңгейде ұстау;
      100 мың адамға шаққанда қызылшамен сырқаттанушылықты 0,08-0,1 деңгейде ұстау;
      жiтi В вирусты гепатитiмен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 3,8-ге дейiн, 2015 жылға қарай 3,4-ке дейiн төмендету (2009 ж. - 5,4);
      жiтi А вирусты гепатитiмен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 39,6-ға дейiн, 2015 жылға қарай 39,2-ге дейiн төмендету (2009 ж. - 67,0);
      балаларды пневмококкоктық инфекцияға қарсы вакцинациялаумен қамтуды 2013 жылға қарай 62,5 %-ға, 2015 жылға қарай 95 %-ға дейiн ұлғайту;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерi органдарының жоспарлы тексерулерiнiң санын жыл сайын 2 %-ға төмендету, 2015 жылы - 256 100 тексеру.

      Қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар


      1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды жетiлдiру шеңберiнде мыналар көзделедi:
      көлiктегi санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын оңтайландыруды жүргiзу;
      қалалық және аудандық деңгейдегi санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарын оңтайландыру жүргiзу;
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi оңтайландыру және қысқарту бөлiгiнде тәуекелдердi болжау, бағалау және басқару жүйелерiн одан әрi енгiзу және дамыту бойынша жұмысты жалғастыру;
      кеден одағының талаптарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында қызметтiң стандарттарын үйлестiру;
      стандарттарды қазiргi заманғы халықаралық талаптарға сәйкес келтiру (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер);
      қызметтi стандарттау тетiктерiн жетiлдiру (әзiрлеу, бекiту, мониторинг, енгiзу, тиiмдiлiктi бағалау).

      2. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:


      1) инфекциялық ауруларды бақылау жүйесiн жетiлдiру, ол мыналарды көздейдi:
      денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiне инфекциялық бақылау жүйесiнiң халықаралық стандарттарын бiрлесе отырып енгiзу;
      эпидемияға қарсы және профилактикалық iс-шаралар жүргiзу алгоритмдерiн және инфекциялық аурулар (оқыстан өршулер) мен улану жағдайларын халықаралық стандарттар негiзiнде тексеру алгоритмдерiн жетiлдiру;
      егу күнтiзбесiне пневмококк инфекциясына қарсы балаларға вакцина егудi енгiзу;
      жұмыс iстеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдiргiнi, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша 5 аймақтық вирусологиялық зертхана және мамандандырылған зертханалар желiсiн ұйымдастыру;
      2) инфекциялық емес ауруларды бақылау жүйесiн жетiлдiру, ол мыналарды қамтиды:
      Халықтың кәсiптiк ауруларының мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастыру;
      кәсiптiк патологиялық қызметтi одан әрi дамыту;
      медициналық емшаралардан өту кезiнде пациенттердiң сәулелiк жүктемелерiн бақылау жүйесiн енгiзу.
      3) өнiмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ол мыналарды көздейдi:
      халықаралық талаптарға сәйкес өнiмнiң қауiпсiздiгiн бақылаудың халықаралық стандарттарын енгiзу;
      тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi зертханалық қызметтi дамыту, оның iшiнде:
      - ДСҰ талаптарына сай келетiн тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi мамандандырылған зертханалар құру;
      - елiмiзде сатылатын темекi бұйымдарының қауiпсiздiгiн токсикологиялық бақылау бойынша жабдықтармен республикалық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жанындағы зертханаларды жарақтандыру;
      санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiне микробиологиялық көрсеткiштер мен химиялық заттарды анықтау бойынша шұғыл зерттеулер енгiзу.

      3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң инновациялық бағыттылығын дамыту үшiн:


      санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары базасында медициналық иммундық-биологиялық препараттарды өндiрудi кеңейту және жаңғырту;
      санитариялық-эпидемиологиялық нормалау және стандарттаудың қазiргi заманғы технологияларын әзiрлеу және енгiзу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      мыналарды:
      - зертханалық зерттеулер стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзiрлеудi;
      - санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы зертханаларды халықаралық аккредиттеу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзудi;
      - санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысына сапаны сырттай бағалау жүйесiн енгiзудi көздейтiн санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдiстерiн енгiзу жоспарлануда.

5.4. Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнде медициналық көмектi ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетiлдiру

      Мақсаты: медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi және қолжетiмдi жүйесiн құру.

      Негiзгi мiндеттерi:
      1) әлеуметтiк бағдарланған БМСК-ның басым дамуына негiзделген денсаулық сақтаудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
      2) денсаулық сақтау саласында басқару және менеджмент жүйесiн жетiлдiру;
      3) денсаулық сақтау саласын қаржыландыру тетiктерiн жетiлдiру;
      4) медициналық көмектiң жоғары сапалы және қолжетiмдi болуын қамтамасыз ету.

      Нәтижелер көрсеткiштерi:


      стационарлық көмектi тұтыну деңгейiн 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1328 күнге дейiн, 2015 жылға қарай 1172 төсек-күнге дейiн (2009 ж. - 1522,6) төмендету.
      бiрыңғай төлеушi жүйесiне енген жеке меншiк нысанындағы медициналық ұйымдардың үлес салмағын 2013 жылға қарай 14 %-ға дейiн, 2015 жылға қарай 16 %-ға дейiн (2009 ж. - 0%) ұлғайту.
      өңiрлердiң деңгейiнде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған халықты 2013 жылға қарай 5000 адамға дейiн, 2015 жылға қарай 6000 адамға дейiн (2009 ж. - 814 адам) ұлғайту.

      Қол жеткiзу жолдары және тиiстi шаралар


      1. Әлеуметтiк бағдарланған БМСК-ның басым дамуына негiзделген денсаулық сақтаудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру жөнiндегi шаралар мынадай бағыттарға шоғырландырылатын болады:
      1) БМСК-ны жетiлдiру:
      Денсаулық сақтаудың жаңа сапалы даму деңгейiне көтерiлуiне қызмет көрсету технологиясын, ең алдымен БМСК қызметiн түбегейлi өзгерту жолымен ғана қол жеткiзу мүмкiн. БМСК-ның қолжетiмдiлiгiн, тиiмдiлiгiн, сапасын арттыру және дамыту мақсатында жалпы дәрiгерлiк практика базасында БМСК-ны көрсетудiң ұтымды нысандарын және әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi қоса алғанда, кешендi жетiлдiру жоспарлануда. Әлеуметтiк жұмыс институтын енгiзу жолымен медициналық-әлеуметтiк бағыттылықты дамыту көзделуде.
      Көрсетiлетiн қызметтердiң спектрiн кеңейту және профилактикалық бағыттылығын ынталандыру, қаражаттың тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ БМСК медицина қызметкерлерiнiң уәждемесiн арттыру үшiн iшiнара қор иелену және БМСК тарифiне қосымша құрамдауыш енгiзу жоспарлануда.
      Функциялық мiндеттерiн бөлуге және қаржыландыру үлгiсiне негiзделген емхананың ұйымдық құрылымын үш бөлiмшеге бөлу жолымен қайта қарау көзделiп отыр.
      Бiрiншi бөлiмше: құрамына дәрiгерге дейiнгi қабылдау кабинетi, сынақ кабинетi (акушер), емдеу кабинетi, егу кабинетi, қақырық жинау және химизатор кабинетi, денi сау балалардың кабинетi, профилактика және СӨС кабинеттерi, сондай-ақ учаскелiк терапевтер, педиатрлар және жалпы практика дәрiгерлерiнiң кабинетi кiретiн отбасылық денсаулық орталығы. Сонымен қатар осы бөлiмшеде әлеуметтiк қызметкер мен психологтан тұратын әлеуметтiк-психологиялық қызметтiң, сондай-ақ денсаулықты нығайту орталығы мен жастардың денсаулық орталығының болуы көзделген. Бiрiншi бөлiмшенi қаржыландыру тариф және олардың қызметi нәтижелерiнiң бағасы ескерiле отырып тарифке қосымша құрамдауыш бойынша жоспарланған.
      Екiншi бөлiмше: тiркеу орнынан, ақпараттық бюродан, статистика және талдау кабинетiнен, күндiзгi стационардан, функциялық диагностика кабинетiнен, физиотерапиялық кабинеттерден, клиникалық-биохимиялық зертханалардан, ультрадыбыстық диагностикадан, рентген-флюорографиялық кабинеттен, эндоскопия кабинетiнен тұратын қосалқы-диагностикалық бөлiмше. Қаржыландыру - көрсетiлген медициналық қызметтердiң саны бойынша.
      Үшiншi бөлiмше: бейiндi мамандардан (хирург, көз дәрiгерi, лор-дәрiгер және басқалардан) тұратын консультациялық-диагностикалық бөлiмше. Қаржыландыру - медициналық қызметтерге амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша.
      Сонымен қатар пилоттық жобалар ретiнде өңiрлердiң дайындық шамасы бойынша жекелеген заңды тұлға ретiнде жұмыс iстеп тұрған орталықтардың базасында төрт дербес отбасылық орталық құру көзделуде. Осы пилоттық жоспарды жарақтандыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен, жұмыс iстеуi - қосымша құрамдауышы бар БМСК-ке арналған тариф бойынша жоспарланып отыр.
      БҰДСЖ-ны одан әрi дамыту шеңберiнде медициналық көмекке тең қолжетiмдiлiк қамтамасыз етiлетiн болады.
      Осылайша, Бағдарлама шеңберiнде БМСК-ны дамыту үшiн мыналар жоспарланған:
      БМСК-ның және мамандандырылған көмектiң функцияларын, өкiлеттiктерiн және қаржыландырылуын дәл анықтап айыру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды қайта қарау;
      амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен медициналық қызметтердi ұсынатын басқа да өнiм берушiлердiң арасында өзара қарым-қатынастарды реттеу бойынша нормативтiк базаны әзiрлеудi және арнайы оқытылған кадрларды даярлауды қоса алғанда, iшiнара қор иелену моделiн және қызметiнiң нәтижелерiн бағалау ескерiле отырып тарифке қосымша құрамдауыш енгiзу;
      медицина қызметкерлерiнiң уәждемелерiн көтеру тетiктерiн жетiлдiру;
      дәрiгерлер мен орта медицина қызметкерлерiнiң сандық арақатынасын оңтайлы деңгейге дейiн жеткiзiп, дәрiгер өкiлеттiгiнiң бiр бөлiгiн мейiрбикелерге беру;
      жағымды кәсiби имидж жасау және медициналық қызметтiң сапасын жақсарту мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес орта медициналық персоналдың рөлi мен әлеуетiн күшейту;
      әлеуметтiк қызметкерлер институтын ұйымдастыру және денсаулық сақтау жүйесiне енгiзу;
      БМСК дәрiгерлерiнiң жалпы санынан «Жалпы дәрiгерлiк практика» мамандығы бойынша дәрiгерлер санын, оның iшiнде қайта даярлау есебiнен көбейту;
      дәлелдi медицина қағидаттары негiзiнде БМСК көрсету стандарттары мен хаттамаларын жетiлдiру;
      медициналық көмектiң сапасын басқару жүйесiн (СQI) енгiзу;
      БМСК көрсететiн амбулаториялық-емханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
      амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету тетiктерiн жетiлдiру;
      бастапқы буын дәрiгерлерiн, мейiрбикелер мен әлеуметтiк қызметкерлердi оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес даярлау;
      белсендi патронаж қызметiн жетiлдiру, оның iшiнде қажеттi аспаптармен және жабдықтармен жарақтандыру;
      БМСК ұйымдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн көрсететiн мақсатты индикаторларды әзiрлеу (бекiтiлген тұрғындар арасында денi сау адамдардың үлесi, ерте кезеңде анықталған аурулардың ара салмағы, емдеуге жатқызу деңгейi, арнаулы мамандарға қаралу деңгейi, жедел медициналық жәрдемге қаралу деңгейi);
      ауылдық денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайтуды ауылдың медицина қызметкерлерiнiң уәждемелерiн (тұрғын үй беру, бiр жолғы жәрдемақы төлеу) одан әрi арттыруды, жетуге жолы қиын ауылдық жерлер үшiн ұтқыр медициналық бригадалар құруды қосқанда, ауылда БМСК көрсету жүйесiн одан әрi дамыту және жетiлдiру.
      2) жедел медициналық жәрдемдi жетiлдiру:
      жедел медициналық жәрдемнiң диспетчерлiк қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiру;
      негiзсiз шақырулар мен пациенттердi қайта жолдау санын азайту бойынша жаңа тетiктердi әзiрлеу және енгiзу;
      жедел медициналық жәрдем қызметiнiң жұмыс iстеу нормативтерiн қайта қарау;
      парамедиктер институтын енгiзу;
      дайындалған медицина кадрларымен, оның iшiнде парамедиктермен жедел медициналық жәрдем қызметiн толықтыру;
      патология түрiне, науқас жағдайының ауырлығына қарай науқастарды стационарға жеткiзу бағдарларын оңтайландыру;
      әртүрлi патология түрлерi бар науқастарды емдеуге жатқызуға дейiнгi қарау хаттамаларын енгiзу;
      жедел жәрдемнiң материалдық-техникалық базасын нығайту;
      пациенттердi iрiктеудiң ұтымды жүйесiн (triage) енгiзу;
      медициналық жәрдем сапасын басқару (СQI) жүйесiн енгiзу;
      жедел медициналық жәрдем жұмысының мақсатты көрсеткiштерiн енгiзу (шақыруға келген уақыты, стационарға тасымалдап жеткiзу уақыты, емдеуге жатқызуға дейiнгi өлiм-жiтiм);
      науқастарды авиациялық тасымалдауды, оның iшiнде қашық жерлерге тасымалдауды дамыту;
      республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлiк оқиғалары болғанда шұғыл медициналық жәрдем көрсету және құтқару жұмыстарының жүйесiн дамыту;
      алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жедел жәрдем және санитариялық авиация қызметтерi, ТЖ, полиция, жол полициясы, өрт сөндiру қызметтерi персоналының және көлiк жүргiзушiлердiң iс-қимылдарын үйлестiру.
      3) мамандандырылған медициналық көмектi дамыту:
      консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның iшiнде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрi - ЖММК) көрсететiн ұйымдардың қызметiн жетiлдiру;
      мамандандырылған бөлiмшелерi бар көп бейiндi ауруханаларды, оның iшiнде аурухана секторын қайта құрылымдау есебiнен дамыту;
      консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның iшiнде ЖММК көрсететiн медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
      консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның iшiнде ЖММК көрсететiн ұйымдардың қызметiне дәлелдi медицина негiзiнде клиникалық хаттамалар мен медициналық көмек стандарттарын әзiрлеу және енгiзу;
      жоғары технологиялық көмектiң, оның iшiнде шұғыл жағдайлар кезiндегi көмектiң жаңа түрлерiн дамыту және енгiзу; жоғары технологияларды жергiлiктi деңгейге беру және енгiзу;
      медициналық көмектiң сапасын басқару жүйесiн (СQI) енгiзу;
      стационарды алмастыратын технологияларды енгiзу есебiнен стационарлық төсек жұмысының тиiмдiлiгiн (қарқындылық) арттыру;
      стационарды алмастыратын диагностикалық және емдiк технологиялар жүйесiн жетiлдiру және кеңейту;
      медициналық көмек көрсетудiң кезеңдiлiгi мен сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, пациенттердi емдеуге жатқызу өлшемдерiн дәл айқындау;
      стационардағы науқастардың тiркелiмiн жасау және енгiзу;
      телемедицина арқылы қашықтықтан консультациялық-диагностикалық көмек көрсетудi дамыту;
      стационарлық және консультациялық-диагностикалық көмек, оның iшiнде ЖММК көрсететiн ұйымдардың жұмыс сапасының мақсатты көрсеткiштерi жүйесiн жетiлдiру;
      пациенттердi диагностикалау мен емдеу жөнiнде шетелдiк клиникалармен өзара әрiптестiк қарым-қатынастарды нығайту;
      4) кезең-кезеңмен қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту және паллиативтi көмек жүйесiн жетiлдiру:
      қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтi көмек және мейiрбике күтiмi ұйымдарының желiсiн құру, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған стационарлар және санаторийлiк-курорттық ұйымдардың бiр бөлiгiн қайта бейiндеу есебiнен құру;
      қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтi көмек көрсететiн күндiзгi стационарлар және үйдегi стационарлар желiсiн кеңейту;
      кезең-кезеңмен қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту және паллиативтi көмек көрсету ұйымдарының штат нормативтерiн қайта қарау;
      медицина қызметкерлерiн паллиативтiк көмек көрсету мәселелерi бойынша оқыту бағдарламаларын әзiрлеу;
      қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмi ұйымдарын бiлiктi кадрлармен толықтыру;
      жоғары оңалту технологияларын енгiзу;
      науқастарды емдеу хаттамаларын және медициналық көмек көрсету стандарттарын әзiрлеу және қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтi көмек және мейiрбике күтiмi ұйымдарының қызметiне енгiзу;
      науқастардың тiркелiмiн құру және енгiзу;
      медициналық көмектiң сапасын басқару жүйесiн (СQI) енгiзу;
      қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтi көмек  және мейiрбике күтiмi ұйымдары жұмысының медициналық көмек сапасын көрсететiн мақсатты көрсеткiштер жүйесiн құру;
      5) медициналық қызметтiң әр түрлерiн дамыту:
      - сот-медициналық сараптаманы жетiлдiру:
      жүргiзiлетiн сот-медициналық сараптамалар сапасын арттыру;
      сот-медициналық сараптаманы жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде оның қолжетiмдiлiгiн, тиiмдiлiгiн, сабақтастығын арттыру;
      бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау;
      медициналық сараптаманың материалдық-техникалық базасын жетiлдiру;
      бiрыңғай ақпараттық жүйе құра отырып сот-медициналық қызметтердiң сапасын басқарудың тиiмдi жүйесiн енгiзу;
      сот-медициналық сараптаманың (оның iшiнде геномдық және спектрлiк зерттеулердiң) қазiргi заманғы әдiстерiн және сот медицинасының халықаралық стандарттарын енгiзу;
      сот-медициналық қызметкерлерiнiң құқықтарын кеңейту және жауапкершiлiгiн күшейту, материалдық ынталандыруды енгiзу;
      прокуратура, iшкi iстер, қорғаныс, ТЖ органдарымен және өзге де мемлекеттiк органдармен ведомоствоаралық өзара iс-қимылды күшейту;
      Астана қаласында Сот медицинасы орталығының ғимаратын салу;
      - қан қызметiн жетiлдiру:
      қан өнiмдерiнiң сапасын басқару жүйесiн дамыту;
      республикалық референс-зертхана ашу;
      қан мен оның компоненттерiн ерiктi түрде өтеусiз тапсыруды дамыту;
      тұрақты донорларды тарту жүйесiн дамыту;
      материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жетiлдiру;
      бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау;
      қан препараттарын өндiретiн зауыт салу;
      - зертханалық қызметтi жетiлдiру:
      зертханалық қызметтi орталықтандыру және экспресс диагностиканы дамыту арқылы оңтайландыру;
      зертханалық зерттеулер сапасын басқару жүйесiн дамыту;
      бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау;
      қазiргi заманғы зертханалық жабдықтармен және реактивтермен жарақтандыру;
      зертханалық қызмет жұмысының мақсатты көрсеткiштер жүйесiн құру және енгiзу.

      2. Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесiн және менеджменттi жетiлдiру


      Тұтас алғанда, денсаулық сақтауды басқару органдарының атқарушы функцияларын, олардың бөлiгiн медициналық қызметтердi мемлекеттiк өнiм берушiлердiң дербестiгiн көтере отырып мемлекеттiк, мемлекеттiк емес және қоғамдық ұйымдарға кезең-кезеңмен бере отырып, орталықсыздандыру стратегиясы жалғасатын болады. Бiр уақытта кейбiр функцияны: мемлекет кепiлдiк берген медициналық көмектi қаржыландыруды, дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi, денсаулық сақтау саласында бақылауды орталықтандыру қамтамасыз етiлетiн болады.
      Кәсiби менеджерлер институтын және қазiргi заманғы басқару технологияларын қоса алғанда, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың транспаренттiк нысандарын кезең-кезеңмен енгiзу жалғасады. Сонымен қатар мемлекеттiк басқару, стратегиялық жоспарлау, менеджмент және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерi бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерiн мiндеттi түрде оқытуды қамтитын, денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудың қазiргi заманғы және тиiмдi әдiстемелерiне ерекше назар аударылатын болады.
      Саланың экономикалық тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн құру мақсатында практикаға енгiзу үшiн қазiргi заманғы халықаралық әдiснамалық тәсiлдердiң негiзiнде денсаулық сақтау жүйесiнiң қазiргi заманғы жағдайына зерделеу және талдау жүргiзiледi.
      Денсаулық сақтаудың, мемлекеттiк және жеке инвесторлардың арасындағы тәуекелдi бөлудiң, өзара тәжiрибе алмасу негiзiнде, халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн қазiргi заманғы технологияларды енгiзудiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк бюджетке жүктеменi азайту үшiн жеке компанияларды мемлекеттiк және ведомстволық медициналық объектiлердi басқаруға тарту және жекеменшiк секторды дамыту жоспарланып отыр.
      Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк, объектiлердi, жабдықтарды жалға және жеке компанияларға сенiмгерлiк басқаруға беру кеңiнен пайдаланылатын болады. Әкiмшiлiк кедергiлер жойылады, корпоративтiк медициналық ұйымдар мен қызметтерге қолдау көрсетiлiп, ынталандырылады.
      Денсаулық сақтау саласында мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң ашықтығын көтеру үшiн корпоративтiк басқарудың элементтерiн енгiзудi көздейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жалғастырылады. Саланың адами әлеуетiн басқаруды жетiлдiру мақсатында Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасы әзiрленедi, халыққа психологиялық-әлеуметтiк көмек көрсету үшiн медициналық бiлiмi жоқ мамандарды жүйелi түрде тарту басталды.
      Кадрларды бекiту үшiн, әсiресе ауылдық жерлерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында, денсаулық сақтау мамандарын даярлауға, оның iшiнде жеке инвестициялар мен демеушi қаражатын тарту жолымен келiсiмдердiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасы жалғастырылады.
      Медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi жетiлдiрiледi. Бiрақ, материалдық факторлармен қатар, құрметтеудiң, өзiн-өзi құрметтеудiң және қадiрлеудiң үлкен уәждi рол атқаратындығына байланысты, қоғамда медицина қызметкерлерiнiң әлеуметтiк мәртебесi мен беделiн өсiруге ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
      Осылайша, Бағдарламаның шеңберiнде мыналар жоспарланып отыр:
      1) стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың, бюджеттеудiң халықаралық стандарттары мен қағидаттарын енгiзу:
      тәуекелдi болжау, бағалау және басқару жүйесiн енгiзу;
      басқарушылық шешiмдердi қабылдаудың ақпараттық жүйесiн құру және енгiзу;
      медициналық ұйымдарға корпоративтiк басқару қағидаттарын, оның iшiнде оларға байқау кеңестерiн енгiзу арқылы енгiзу;
      денсаулық сақтау жүйесi қызметiн экономикалық тұрғыдан талдау әдiстемесiн енгiзу (саланың тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн құру);
      денсаулық сақтау менеджерлерi институтын енгiзу;
      басқарушылық шешiмдердi қабылдаудың сапасын үздiксiз арттыру қағидаттарын енгiзуге негiзделген бақылау жүйесiне (СQI - РDСА) өту;
      2) басқарудың ресурс үнемдеушi технологияларын әзiрлеу және енгiзу:
      аурухананы басқару саласындағы технологиялар трансфертi;
      төсек қорын оңтайландыру, БМСК қызметiн одан әрi дамыту үшiн ресурстарды қайта бөлу;
      амбулаториялық-емханалық деңгейде стационарды алмастыратын диагностикалық технологияларды енгiзу есебiнен және кезең-кезеңмен қалпына келтiру емiн ұйымдастыру есебiнен (патронаж қызметi, емдеудi аяқтау және медициналық оңалту жүйесi) стационардағы төсек жұмысының қарқынын арттыру;
      стационарлық көмек көрсететiн медицина ұйымдары жұмысының негiзгi көрсеткiштерiн (төсек айналымы, ауруханада болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиiмдiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес келтiру;
      денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық жабдықтардың мониторингi, жабдықтардың техникалық жай-күйiнiң және оны тиiмдi пайдаланудың мониторингi жүйесiн, оның iшiнде қымбат тұратын жабдықтарды пайдалануды есептеу жүйесiн жетiлдiру;
      жеткiзудi басқару жүйесiн енгiзу;
      есепке алынатын ақпараттың толық және өзектi болуын тексеру үшiн есепке алу-есеп беру құжаттамасының үлгiлерiн қайта қарау, есептiлiктiң қайталануын болдырмау;
      медициналық қызметтердi статистикалық есепке алудың және дербестендiрiлген есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн енгiзу есебiнен медициналық ұйымдарда қағаз түрiндегi құжат айналымын азайту;
      медициналық ақпаратты енгiзу жүйесiн оңтайландыру (бастапқы мәлiметтердi енгiзу уақытын қысқарту, шаблондарды енгiзу, бiлiм беру тренингтерiн қамтамасыз ету).
      3) денсаулық сақтау ұйымдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру:
      - денсаулық сақтау ұйымдарының автономиялығын және дербестiгiн арттыру:
      медициналық ұйымдарды акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындарға кезең-кезеңмен ауыстыруды жалғастыру, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарында қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын кезең-кезеңмен енгiзу;
      мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарына басқарушылық шешiмдер қабылдауда барынша дербестiк беру;
      денсаулық сақтау субъектiлерi арасында функциялар мен өкiлеттiктердiң аражiгiн ұтымды ажырату;
      денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамсыздандыру ұйымдарының арсында өзара iс-қимыл алгоритмiн әзiрлеу;
      науқасты қараудың барлық кезеңiнде сабақтастықты (медициналық қызмет көрсетудiң кезеңдiлiгi) қамтамасыз ету;
      - жекеменшiк секторды дамытуды ынталандыру:
      денсаулық сақтау саласында жекеменшiк секторды дамыту үшiн тиiстi нормативтiк және әдiснамалық базаны жоспарлы түрде жетiлдiру;
      артық әкiмшiлiк кедергiлердi жою;
      ТМККК көрсетуге мүдделi бағдарланған корпоративтiк медициналық желiлер мен ұйымдарды қолдау мен дамытудың, аурулардың профилактикасының мемлекеттiк бағдарламаларын iске асырудың және халықтың саламатты өмiр салтын нығайтудың тетiктерiн әзiрлеу және енгiзу, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырысты орындауға медициналық қызметтердi, ұсынушы жекеменшiк өнiм берушiлердi тарту бойынша шаралар қабылдау;
      негiзгi құралдарды (ғимараттар, жабдықтар) сенiмгерлiк басқаруға және жекеменшiк медицина ұйымдарына ұзақ мерзiмдi жалға берудi қамтитын денсаулық сақтаудағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк бағдарламасын кезең-кезеңмен iске асыру;
      - денсаулық сақтау ұйымдарында кадр саясатын жетiлдiру:
      денсаулық сақтау жүйесiнiң кадр әлеуетiн дамытуды жоспарлауды  және оны пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру тетiктерiн қамтитын Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын әзiрлеу;
      денсаулық сақтау мамандарын даярлауға жергiлiктi атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасын кеңейту;
      денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруға экономикалық бiлiмi бар менеджерлердi тарту және оларды денсаулық сақтаудағы менеджментке оқыту жөнiндегi нормативтiк базаны қамтамасыз ету және құру;
      медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру;
      медицина қызметкерлерiнiң әлеуметтiк мәртебесiн және кәсiбiнiң беделiн, оның iшiнде дәрiгерлердiң кәсiби қызметiн қолдау және жарыққа шығаруда бұқаралық ақпараттық науқандар жолымен арттыру;
      кәсiби бедел мен кәсiби бәсеке институттарын дамытуды қоса алғанда, дәрiгерлердi кәсiби дамытудың республикалық және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу;
      медицина қызметкерлерiнiң кәсiби бiрлестiктерiнiң (кәсiби ҮЕҰ) рөлiн арттыру және қолдау;
      медицина қызметкерлерiне арналған әлеуметтiк пакет жасауды қамтитын оларды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi тетiктердi әзiрлеу және енгiзу;
      карантиндiк және аса қауiптi инфекциялар таралу қаупi болғанда медицина қызметкерлерi үшiн профилактикалық iс-шаралар жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
      - денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды дамыту:
      денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн одан әрi жетiлдiру және енгiзу;
      ДБАЖ-да клиникалық алгоритмдер, хаттамалар және басқа да стандарттарды iске асыру.
      Сонымен бiрге мынадай мәселелер қаралатын болады:
      әлеуметтiк мәнi бар аурулардың тiркелiмдерiн қалыптастыру;
      шалғай ауылдық елдi мекендер үшiн инфрақұрылымды, коммуникация мен бағдарламалық шешiмдердi құру, аудандық орталықтан шалғай жерлердегi ауылдық медицина қызметкерлерiнiң ақпараттық денсаулық сақтау ресурсына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
      жедел жәрдем бригадаларын GРS-навигациясы бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру, жедел медициналық жәрдем бригадаларының денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстарына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
      қан қызметiнiң ақпараттық жүйесiн құру;
      ұлттық телемедицина желiсiн кеңейту.

      3. Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетiлдiру.


      Қаржыландыруды жетiлдiру мақсатында өңiрлер арасында ТМККК шеңберiнде БМСК-қа шығыстардың айырмасын кезең-кезеңмен азайта отырып, денсаулық сақтауға шығыстар ұлғаятын болады, сондай-ақ БМСК-та қосымша құрамдауыштармен тариф және iшiнара қор ұстау енгiзiледi.
      ТМККК-ны жетiлдiру оны нақтылау және оңтайландыру (объективтi өлшемдер негiзiнде) және БМСК көлемдерiн ұлғайту жағына қарай қаржыландыруды медициналық көмек көрсету деңгейлерi арасында қайта бөлу және мамандандырылған көмектiк көлемiн оңтайландыру жолымен iске асырылады. Сонымен қатар ТМККК шеңберiнде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрiлiк заттардың тiзбесiн кезең-кезеңмен кеңейту жоспарланып отыр.
      Медициналық-экономикалық тарифтердi одан әрi жетiлдiру медициналық жабдықты сатып алуға шығыстарды қосуды көздейдi, бұл нақты келген шығындарға төлем жүргiзуге, негiзгi қаражатты пайдалану тиiмдiлiгiн және медициналық қызметтердi көрсету үдерiсiнiң ашықтығын жоғарылатуға мүмкiндiк бередi.
      Азаматтардың өз денсаулығы үшiн жауапкершiлiгiн арттыру және ТМККК-ге кiретiн қызметтерге заңсыз төлемдер мен сыйақылардың көлемiн төмендету мақсатында медициналық қызметтердiң кейбiр түрлерiнiң (ТМККК-ге кiретiн) құнын қосымша төлеу тетiктерiн жасау және енгiзу (2015 жылы) жоспарлануда.
      Авариялық және бейiмделген үй-жайларда, әсiресе ауылда орналасқан денсаулық сақтау объектiлерiн қайта жаңарту үшiн мақсатты қаржы салуға үлкен мән берiледi. Дүниежүзiлiк Банкпен бiрлескен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргiзу» жобасын одан әрi iске асыру шеңберiнде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында инвестициялық саясат жетiлдiрiледi, бiрiншi кезекте ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфроқұрылымын регламенттейтiн ұлттық стандарттар әзiрленедi.
      Қаржыландыруды жетiлдiру мынадай бағыттар бойынша iске асырылады:
      1) тариф саясатын және қаржыландыру тетiктерiн жетiлдiру:
      ТМККК шеңберiнде медициналық қызмет көрсетуге медициналық жабдықты сатып алуға арналған шығыстар тарифiне енгiзе отырып, медициналық-экономикалық тарифтердi одан әрi жетiлдiру;
      iшiнара қор ұстауды және БМСК тарифiне қосымша құрамдауыш енгiзу;
      қаржы ағынын стационарлық көмекке жұмсалатын шығыстарды қысқартуға және БМСК қызметi мен аурулар профилактикасына жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға қайта бөлу тетiктерiн әзiрлеу;
      медициналық ұйымдардың ТМККК-ге мемлекеттiк бюджеттен бөлiнетiн қаражатты жұмсауының ашықтығын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар жүйесiн жетiлдiру;
      ақшалай қаражаттың ағынын жинаудың, тiзiмдемеге енгiзудiң, бағалаудың қатаң тәртiбiн қамтамасыз ету;
      медициналық ұйымдар түрлi көздер есебiнен алатын, оның iшiнде ақылы негiзде медициналық қызмет көрсеткенi үшiн алатын қаражатты есепке алу жүйесiн жетiлдiру;
      медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң түпкiлiктi нәтижеге бағдарланған сараланған жүйесiн жетiлдiру;
      2) азаматтардың ортақ жауапкершiлiгiн арттыру және медициналық сақтандыруды одан әрi дамыту:
      ТМККК-нiң қолданыстағы жүйесiмен қатар қоса төлеу тетiктерiн әзiрлеу және енгiзу;
      шетел азаматтарын медициналық сақтандыруды енгiзу;
      ТМККК-ден тыс қызмет алуға ерiктi медициналық сақтандыруды дамыту;
      3) денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетiлдiру:
      материалдық-техникалық базаны теңестiру және нығайту қағидатын iске асыру үшiн бiрiншi кезекте, амбулаториялық қызмет қуаты жеткiлiксiз өңiрлерге бағытталған инвестицияларды жоспарлаудың ғылыми-негiзделген жүйесiн әзiрлеу;
      саланың басым бағыттары бойынша денсаулық сақтауға салынған салымның мониторингi мен тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн енгiзу;
      Денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту тетiктерiн әзiрлеу және енгiзу:
      - мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктi дамыту;
      - заңнамада белгiленген тәртiппен медициналық техниканы жеткiзудiң лизингтiк сызбаларын пайдалану жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
      - шетелдiк инвестицияларды тарту.

      4. Медициналық қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасы.


      Медициналық көмектiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн диагностикалық, емдiк, оңалту және профилактикалық қызметтердi ұйымдастыру мен көрсетудiң қазiргi заманғы технологиялары енгiзiледi, олардың тиiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi (нақты ауруларда немесе патологиялық жағдайларда) дәлелдеу медицинасының қағидаттарымен расталады. Медициналық ұйымның деңгейiнде сапаны басқару жүйесi (iшкi аудит) жетiлдiрiледi және клиникалық практиканың сапасын арттыру, медициналық технологияларды бағалау (стандарттау, дәлелдеу  медицинасының қағидаттарын енгiзу негiзiнде) жүйесiн енгiзу, сервистi дамыту және бағдарланған технологиялар-пациент бойынша жұмыс жалғасатын болады. Медициналық көмек сапасының сыртқы аудитi жетiлдiрiледi. Қазiргi заманғы сапаны басқару технологияларын енгiзудiң қисынды жалғасы денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеу жалғастырылады. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу ұлттық стандарттар негiзiнде, ал кейiннен халықаралық стандарттар негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
      Бұдан басқа медициналық көмек сапасының халықаралық және ұлттық стандарттарын сақтауды қамтамасыз ететiн және пациенттер мен медицина қызметкерлерiнiң құқықтарын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер жетiлдiрiлетiн болады.
      1) Медициналық қызметтердiң сапасын және қауiпсiздiгiн басқару тетiктерiн жетiлдiру:
      денсаулық сақтаудың ұлттық стандарттарын әзiрлеу және енгiзу;
      сапаны үздiксiз жақсарту қағидаттарына негiзделген, медициналық қызметтердiң сапасын басқарудың ауруханаiшiлiк жүйесiн (СQI) енгiзу;
      клиникалық нұсқауларды, диагностикалау мен емдеу хаттамаларын жетiлдiру, оларды қолдану тиiмдiлiгiнiң мониторингi жүйесiн енгiзу;
      халықаралық қағидаттарға негiзделген медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеудi дамыту;
      халыққа денсаулық сақтау ұйымы қызметiнiң тиiмдiлiгi туралы ақпарат беру жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
      пациенттер мен қоғамдастықтың әлеуетiн арттыру және жалпы денсаулық сақтау қызметтерiнiң сапасын жақсарту процесiне қатысуын көтермелеу;
      денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiн iшкi және сыртқы аудит нәтижелерi негiзiнде рейтингтiк бағалау жүйесiн әзiрлеу;
      аккредиттелген тәуелсiз сарапшыларды даярлау жүйесiн жетiлдiру.
      2) Пациенттердiң құқықтарын қорғау институтын, медициналық этиканы және деонтологияны дамыту:
      барлық деңгейлерде халықаралық этика қағидаттарын енгiзу және этика комитеттерiн құру;
      пациенттер мен медицина қызметкерлерiнiң құқығы мен мiндеттерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      дәрiгер қателiктерiн олардың жiктегiшiмен және пациенттердiң денсаулығына зиян келтiрудiң ауырлық деңгейiмен дербестендiру жүйесiн құру және енгiзу;
      пациенттердiң құқықтарын регламенттейтiн ақпаратқа қол жеткiзудi арттыру;
      ТМККК шеңберiндегi қызметтер тiзбесiн қосқанда, отандық медицина ұсынатын әртүрлi ауруларды емдеудiң, профилактиканың тиiмдi әдiстерi туралы халықты ақпараттандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет