Билет №8
1.Қазақстан Республикасы пациенттерінің міндеттері.
135-бап.Пациенттердің міндеттері
1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
2) медицина қызметкерлерімен қатынаста құрмет пен сабырлықтанытуға;
3) ауруға диагноз қою және оны емдеу үшін қажетті барлық ақпараттыдәрігерге хабарлауға; медициналық араласуға келісім бергеннен кейінмедицина қызметкерлерінің тағайындауын мүлтіксіз орындауға;
4) медициналық көмек алу кезінде медициналық ұйымның ішкітәртіптеме қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медицинаперсоналымен ынтымақтастықта болуға;
5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналадағыларға қауіптөндіретін аурулар не оларға күдік туындаған жағдайларда, өз денсаулығыжай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлеріне уақтылы
хабарлауға;
6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;
2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 5.8 денсаулық сақтаудың медицина саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту.
Медицина саласындағы инвестициялық ахуалды жақсартудың басты мақсаты халық үшін, оның ішінде шалғай жерлерде орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық ұйымдардың аумақтық қолжетімділігін қамтамасыз ету болады.
- Ауылдық жерлердегі және шалғайдағы елді мекендердегі тұрғындар үшін медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі қашық медицина және көліктік медицина ресурстарын (медициналық пойыздар, жылжымалы медициналық кешендер, санитариялық авиация) пайдалануды ескере отырып қамтамасыз етіледі. Науқастарға және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмекті уақтылы көрсету, сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін пациенттерді аса қысқа мерзімде медициналық ұйымдарға жеткізу үшін жедел медициналық көмектің аудандық кіші станцияларының желісі кеңейтілетін болады.
- Бұған қоса, азаматтардың тұратын жеріне жақын орналасқан жеке және топтық отбасылық дәрігерлік практикаларды (отбасылық дәрігерлік амбулаториялар) ашу үшін жағдай жасалады. Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты және жеке инвестицияларды тарту есебінен денсаулық сақтауда медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің кемінде 500 объектісін ашу жоспарлануда.
- Өңірлік жоспарлардың негізінде қалыптастырылған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалы жоспарын ескере отырып, монобейінді медициналық мекемелерді көп бейінді ауруханалардың құрамына біріктіру жолымен тәулік бойғы стационарлар желісін ұтымды ету бойынша жұмыс жалғасады.
- Бірқатар ескірген ұсақ және тар бейінді аурухана объектілерінің орнына көп бейінді ірі медицина орталықтары салынатын болады, оларды құру инвестициялық шығындарды өтей отырып, әлеуетті жекеше әріптестерді тарту есебінен, оның ішінде МЖӘ, концессия шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
- Алдағы алты жылдың ішінде ауруханалық МЖӘ бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе, Көкшетау, Өскемен, Атырау, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Алматы, Түркістан, Нұр-Сұлтан қалаларында шеңберінде кемінде 14 МЖӘ концессия ірі жобасын, оның ішінде еліміздің жетекші медицина университеттерінің жанынан төрт университеттік клиниканы іске асыру бойынша шаралар қабылдау жоспарланып отыр. Бұл ғылымның, білімнің және клиникалық қызметтің үш тұғырлығының перспективалы моделін құруға, клиникалық зерттеулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
- Денсаулық сақтаудағы МЖӘ-ні, концессияны дамытудың ірі инвестициялық жобаларын тиімді іске асыру үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту операторы тұлғасында жұмыс органы құрылады. Мұндай жобаларды жоспарлау және іске асыру ашық халықаралық конкурстық рәсімдердің негізінде таңдалған халықаралық қаржыландырушы ұйымдармен және жеке әріптестермен әріптестік арқылы іске асырылатын болады.
- Бұл республика өңірлеріндегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуға, пациенттерді емдеуде сапалы және мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге, пациенттердің шетелге кетуін азайтуға және көшпелі медициналық туризмді қамтамасыз етуге, медициналық жоғары оқу орындары үшін клиникалық база құруға, ғылымның, білім берудің және клиникалық қызметтің үш тұғырлылығын құруға мүмкіндік береді.
- Уәкілетті орган өңірлерде кемінде 23 объектіні пайдалануға беру жөнінде, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдарының инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
- Мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілерін жаңғырту медициналық ұйымдарды ең төмен техникалық және күрделі жарақтандыру стандарттарының талап етілетін деңгейіне дейін жеткізу қажеттілігі ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық ұйымдардың жарақтандырылуының ең төмен стандарттарға сәйкестігін қатаң мониторингтеуді жүзеге асырады. Медициналық бұйымдардың тиімді пайдаланылуын бақылау және денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен (медициналық техникамен) жарақтандыруды үздіксіз мониторингтеу бойынша шаралар қабылданатын болады; тіркелген медициналық бұйымдардың дерекқоры құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |