Байланысты: Заңнама ж.е Денсаулық экономикасы РК№1
Билет №4 1."Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекспен реттелетін қатынастар. 3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
1. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші:
1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, мұндай сатып алуды арнаулы мемлекеттік органдардың медициналық бөлімшелері жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда;
2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу, мұндай сатып алуды арнаулы мемлекеттік органдардың медициналық бөлімшелері жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда;
3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
4) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді;
5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді;
6) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде қолданылмайды.
3. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру бойынша авиация персоналына, сондай-ақ міндетті медициналық куәландыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.