Қазақстан Республикасының дсұ-ға ену процесі


ДСҰ-ға ЕНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ



бет3/5
Дата08.07.2017
өлшемі1,18 Mb.
#20927
1   2   3   4   5

3.2. ДСҰ-ға ЕНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.

Сауда еркінідігі үшін күрес - өткен ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік экономиканың басты беталыстарының бірі. Соңғы жылдары сауданың еркінідігі үшін осы күрес ғаламдану деген атауға ие болды. Ғаламдану тауарлардың ғана емес, сондай-ақ капиталдың, ал түбінде тіпті білікті жұмыс күшінің қозғалу еркіндігі дегенді білдіреді. Ғаламданушылар – бұл негізінен өзіндік ғаламданудың өзге біреудің ғаламдануына қарсы қолдайтын дамыған өнеркәсіптік елдердің саяси қайраткерлері. Ғаламданудың жаулары да бар.

Дереккөзі: ДСҰ-ның 2005ж. бойынша жыл сайынғы есебі.

90-шы жылдары әлемдік сауданың көлемі жыл сайын орташа есеппен шамамен 7%-ға артып отыратын, ал ЖІӨ өсу қарқындары екі еседен артық мөлшерге төмен болатын – шамамен жылына 3%. 2001ж. әлемдік сауданың өзгеру қарқыны ерекше шолуды қажет етеді. 2001ж. екінші жартысында ғаламдық өндіріс пен сауданың едәуір мөлшердегі күшеюі байқалған болатын, бұл дамушы елдерге жағымды әсерін тигізді, соңғыларының тауарлары мен қызметтерінің экспорты орташа әлемдік деңгеймен салыстырғанда орташа есеппен екі есе өскен болатын. 2001ж. дамушы елдер әлемдік тауар экспортының 27,5%-ын және коммерциялық қызметтер экспортының 23%-ын құраған болатын. Осының барлығы келешекте әлемдік сауданың одан да жоғары қарқындарына қол жеткізуге мүмкіндік беруде, ал ғаламдық рынокта өз орнына ие болу күресіне қатыспайтын елдер әлемдік дамудан шеткері қалып қоюы мүмкін.

Ғаламдану Қазақстанды да тыс айналып кетпеді. 1996ж. қаңтар айынан бастап республикамыз Дүниежүзілік Сауда Ұйымында (ДСҰ) бақылаушы мәртебесіне ие болған, соңғысы Тарифтер мен Сауда жөніндегі Басты Келімінің (ГААТ) орнына құрылған болатын. Алайда республикада бұл мәселеге тиісті көңіл бөлінбеуде. Мысалы, Сиэтл қаласындағы соңғы бас қосу (онда сондай-ақ жаңа мемлекеттердің ДСҰ-ға енуі жайлы проблемалар талқыланған болатын) Қазақстанда елеусіз қалдырылды. Бізді өз республикамыздың әлемдік рынокқа бірігу жағдайлары толғандырмайтын болғаны ма? Сиэтлдегі кездесуде Билл Клинтон "ғаламдық экономикаға адами кескін беруге" шақырған болатын. 30 жыл бұрын біздің "адам бейнесіндегі социализмнің" не екенін түсінгіміз келмеген. Бұл бізді қазір де қызықтырмайды. Егер осылай бола берсе, біз ғаламданып жатқан әлемдегі ешкі тұрмайтын шеткері жерге айналуымыз мүмкін. Қытай мен Қазақстанның ДСҰ-ға енуге қатысты көзқарастарының айырмашылығы көзге түседі. ДСҰ-ға шын мәнінде арынды болып табылатын ниетінің үлгісі ретінде Қытайды келтіруге болады – ол былтырғы жылдың соңында осы ұйымға кірмес бұрын 15 жыл шаршататын келіссөздер жүргізілген болатын.

Оның есесіне агрессивті сыртқы сауда саясаты бар ел үшін қазір шын мәнінде шексіз болып келетін рынок ашылған деп саналуда. ҚХР өзінің жаңа мәртебесін толығымен пайдаланып, саудалық тосқауылдардың жойылуына байланысты қытайлық тауарлар бұрынғысынан да арзандап және барлық жерлерді басып алатынына күмән жоқ. Қатысушы-елдерге Қытайдың өктемдігінен өз тауарларын барынша қорғап қалу үшін де соншалықты көп жыл қажет болды. Аспан асты елінің ДСҰ-ның мүшелігіне енуіне рұқсат етілгендігі үшін оған арнап өзге елдерге бұрында ешқашан қойылып көрмеген өте қатаң шарттар мен міндеттемелер қабылдауға тура келді.

Қытай ену кезінде дамушы елдің мәртебесін алғанына қарамастан (бұл оған бірнеше жылдар бойы импорттық кедендік баждарды жоғары етіп және нарықты қорғаудың өзге шараларын сақтауға теориялық құқығын береді) елдегі кедендік баждардың орташа деңгейі едәуір мөлшерде төмендеген. Сонымен қатар ДСҰ мүше-елдері қытайлық экспортқа қатысты өзінің рыноктарын қорғауға арналған ерекше шараларды әлі 12 жыл бойы қолданатын болады.

Қытайдың намысына тиетін тағы бір нәрсе, жақын арадағы 15 жыл бойы демпингке қарсы тексерулерді жүргізу кезінде ҚХР «нарықтық емес экономикаға» ие ел деп саналатын болады, ал бұл ДСҰ-ның төрелік органдарының Қытайдың пайдасына қарсы шығарған шешімдерімен соңғысына дауласу өте қиынға соғады дегенді білдіреді.

Осылайша, Аспан асты елінің ДСҰ-ға енуден күтіп отырған келешек артықшылықтары жақын болашақта жүзеге аса қоймас. Қытай сарапшыларының пікірінше жақын арада ДСҰ талаптарының орындалуынан жекелеген кәсіпорындар ғана емес, сондай-ақ экономиканың тұтастай салалары зардап шегеді, халықтың ауқатты және тұрмысы нашар жіктерінің арасындағы, сондай-ақ шығыс (салыстырмалы түрде жақсы дамыған) және батыс аудандарының арасындағы айырма арта түседі. Өндірушілердің аса қорғаусыз категориясына ауыл тұрғындары айналады, себебі олардың өнімдерінің экспортын демеуқаржыландыру ісі толығымен тоқтатылады.

Ұзақмерзімді келешектегі артықшылықтар бұларға қарағанда көз тартарлық болып келеді. Біртіндеп, Қытайға қарсы саудалық тосқауылдардың жойылумен елдің ДСҰ-дағы мүшелігі оның дамуына барған сайын жағымды әсерін тигізе бастайды. ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму проблемаларын зерттеу орталығының есептеулері бойынша 2005 жылы ДСҰ-ға енудің арқасында ұлттық ЖІӨ-нің даму көрсеткіші 1,5 процентке, тұтынудің өсімі 0,6, экспорттың өсімі – 26,9, импорттың өсімі – 25,8, инвестициялардың өсімі – 1,8 процентті құрайтын болады. Ал Дүниежүзілік банкі 2020 жылға қарсы Қытайдың сыртқы сауда айналымы жалпы әлемдік айналымның 10 процентіне (АҚШ-тан кейін екінші орын) жетеді деп болжамдап отыр.

ДСҰ-ға енудің қажеттігін посткеңестік кеңістігіндегі елдер де сезіне бастаған. Тәжікстан мен Түркменстанды санамағанда, қалған барлық республикалар мүшелікке қатысты өтінімдерін баяғыда беріп қойған, ал Молдова мен Грузия ұйымның қатарына кіріп те үлгерген. Алайда бұл елдердің олардың экономикасының келешегін белгілейтін осы бір келісімге жеңіл қол қоя салуы олар өздеріне ұсынылған барлық шарттарды олардың зардаптарын ойламастан, шүбәсіз қабылдай салған деген пікірді туындатады. Мұның бір мысалы – біздің жақын көршіміз Қырғызстан, ол ТМД елдерінің ішіндегі ДСҰ-ның толыққанды мүшесіне айналған алғашқы ел. Оның үстіне қырғыздықтар өз мақсаттарына үш жылдан кем уақыт ішінде – қытайлықтарға қарағанда бес есе жылдам түрде қол жеткізген. Белсенді келіссөздердің нәтижесінде Қырғызстанға кедендік тарифтерді төмендетуіне, ал бірқатар тауарларға арнап тіпті оларды толығымен жоюына, лицензиялаудың күшін жоюға, ауыл шаруашылығын демеуқаржыландырудың шекті түрде төмен деңгейін белгілеуге, жеогілікті және шетелдік кәсіпкерлерге арнап ортаө заңнамалық режимін енгізуге тура келді.

Соның нәтижесінде ДСҰ-ға енуден бұрын да бәсекеге қабілетсіз болған отандық өнімдер мүшелікке ие болғаннан кейін ішкі рыноктан мүлде ығыстырылған болатын. Сонымен қатар кедендік тосқауылдардың төмендетілуін пайдаланып, қандай да бір экспортты қалпына келтіру ел үшін жүзеге асырғысыз болып табылуда. Қырғызстан ДСҰ-ға енген кезде өздеріне соншалықты сенім артқан шетелдік инвестициялар ондағы қолайсыз инвестициялық климаттың салдарынан сол қалпы келмеді. Міне сондықтан қазір Қырғызстан өзінің ДСҰ-дағы мүшелігіне қатысты шарттарды қайта қару жөніндегі келіссөздерді жүргізуге мәжбүр болуда - өйтпеген жағдайда елдің ДСҰ-ның өзге мүше-елдеріне сауда шарттарын орындамағаны үшін өтемақы төлеуіне және ұйымнан шығуына тура келеді. Қырғызстанның кішкентай ғана ішкі рыногы әлемдік қаауымдастықты қызықтыра қоймас, соңғысы соған байланысты мүмкін кейбір жеңілдіктерге де барар. Ал оған қарағанда ірі болып келетін, ішкі рыногы ауқымды және экспорты дамыған елдер мұндай жеңілдіктерге ие боламын деп үміттене алмас.

ДСҰ-ға Ресейдің қосылатын уақыты да алыс емес. Қытай қосылғаннан кейін ол сауда жүйесінен тыс қалған жалғыз ірі мемлекет болып қалды. Бірақ, біздің іргелестеріміз барлық орын алуы мүмкін табыстар мен шығындарды ескерумен, бұл қадамға ойлаумен қарайтын тәрізді. Қырғызстанға қарағанда Ресейдің қорғайтын жақтары көп, сондықтан келіссөздер тым ауыр өтуде. Тараптардың арасында елеулі түрдегі келіспеушіліктер орын алуда, ДСҰ мүшелері тым қатаң талаптар қоюда. Сауда режимі, тарифтер мен ауыл шаруашылығын демеуқаржыландыру мәселелерімен қатар зерделік меншік құқықтары мен мемлекеттік сауда кәсіпорындарының іс-әрекетіне қатысты проблемалар аса ауыр болып шықты. Сонымен қатар, ДСҰ РФ-дан міндетті емес келісімдерге (үкіметтік сатып алуларға, химиялық тауарларға қатысты баждарды үйлесімдеуге, азаматтық авиатехниканың, ақпараттық технологиялардың саудасына қатысты), былайша атағанда, «секторлық бастамаларға» қосылуын талап етуде. Ресейлік заңдар ДСҰ нормаларына әлі толық сәйкес келтірілмеген. Алайда көптеген ізденушілерге өздерінің заңдарын ұйымға мүше болып кіргеннен кейін біртіндеп өзгерту мүмкіндігі берілген болса, Ресейге бірнеше ай ішінде елдің экономикалық іс-әрекетін белгілейтін заңдарға түзетулер енгізу ұсынылған.

Дегенмен де Ресей Федерациясының мақсаты: ұйымға мүше болу. Бірақ қалай болғанда да емес, тек тиімді шарттармен ғана. Алайда осыншама күрделі келіспеушілктер жағдайында және осыншама тығыз мерзім аралығында ортақ келісімге келу мүмкін бе, жоқ па, белгісіз.

Көбінесе Қазақстанның ДСҰ-ға енуі уақытынан бұрын қабылданған әрекет емес пе деген сауала қойылып жатады. Бұл мәселеге қатысты түрлі пікірлер орын алуда. Мысалы Ресейге арнап ағылшын экономистері есептеп шыққандай, ДСҰ-ға енумен ол миллиард доллардан артық ақшасын үнемдеп қалады. Әрине, Дүниежүзілік сауда ұйымына енудің өзі де арзан тұрмайды, едәуір шамада әзірлену жұмыстарын жүргізу керек болады. Қазақстан ДСҰ-ға енуде қатаң көзқарасты ұстануда.

Стратегиялық жоспарлау мен реформалар жөніндегі агенттігінің төрағасы Ержан Өтембаев айтқандай: "Қазақстанның стратегиялық мақсаты – дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) «ел үшін жеткілікті дәрежеде жақсы болатындай шарттармен ену». Бір жағынан алып қарағанда бұл тұрғы дұрыс - әңгіме, атап айтқанда, речь, тәжірибелік идея туралы болып отыр: ішк рыноктағы ойын ережелерін екі рет өзгертпеу – қазір және ДСҰ-ға енгеннен кейін тағы да. Алайда көптеген мәселелер бойынша көзқарастар сәйкес болмағандықтан, бұған қалайша қол жеткізуге болатынын елестету қиын.

ТМД саясатын үйлестіру.

Ғаламшарлық рынок ең алдымен жетекші саудалық мемлекеттер құрған аймақтық коалицияларды құру арқылы қалыптасады. Еуропалық одақ мемлекеттері үшін блок ішіндегі сауданың үлесі экспорттың 62%-ы, ал НАФТА елдері үшін - 51%-ын құрап отыр.

Қазіргі сәтте ДСҰ-да АҚШ, Жапония және ЕО тәрізді жоғары дамыған елдердің дауыстары басым болуда, соңғылары аса жоғары табысқа ие болу мақсатымен келіссөздерді жүргізуде. Қытайдың енуі осы жағдайды біршама өзгертуі мүмкін, алайда қалған елдердің дауыстары әлі естілмеуде – дамушы елдердің арасында олардың әсерін теңгермелейтіндей күш жоқ. Жағдайды ДСҰ-ға енетін ТМД елдерінің келіссөздік саясатын үйлестіру өзгертуі мүмкін. Осындай жалпы саясатты қалыптастырумен осы ұйымға енудің қандай да бір тиімді шарттарына, қосымша артықшылықтарға қол жеткізуге болатын шығар. Бұл туралы 24 қыркүйек күні Астанада Кедендік одақ үкімет басшылары кеңесінің отырысынан кейін Президентіміз де айтып кеткен болатын. Оның айтуынша, ДСҰ-ға Кедендік одақтың барлық елдері кіруге бел байлаған. "Алайда біз барлығымыз келісілген түрде кіреміз деп келістік", - деді президент. " ДСҰ ішкі рыноктарды ашуға, шетелдік тауарларды шектеусіз енгізуге мәжбүрлеуде, соның нәтижесінде Кедендік одақтың ішіндегі барлық кәсіпорындар тоқтап қалуда", - деді ол. Алайда, менің пікірімше, келісімделген саясатқа қол жеткізген қиынға түседі, - ТМД елдері КСРО-дан күшті экономикалық өзара тәуелсіздікті мұра еткенімен, елдердің көптеген аспектілер бойынша мүдделері сәйкес келмеуде. Мұндай талпыныстар ДСҰ-ға ену процесін созуы мүмкін, себебі өзара келісім тіпті еркін сауда өңірінің шеңберінде де жоқ. Сол себептен Грузия, мысалы, ену процесінің созылуы ДСҰ тарапынан одан да күрделі талаптармен байланысты болуы мүмкін деген оймен, осындай жалпы келіссөздік саясатын қабылдаудан бас тартып, келіссөздерді дербес түрде жүргізуді артық көрген болатын.

Сөйтсе де ТМД елдерінің заңнамалық-нормативтік базасы мен сауда саясатын ДСҰ нормаларымен үйлесімге келтіру қажет, себебі ол бір мезгілде олардың жақындасуына және өзара тиімді саудаларының дамуына ықпал ететін болады. Стандарттар, санитарлық-фитосанитарлық шаралар, демеуқаржылар мен мемлекеттік қолдауды пайдалану, шығару елін анықтау, лицензиялау, мемлекттік сатып алуларды жүзеге асыру және т.б. тәрізді салалардағы ортақ тұрғылар мен ережелерді орындау тұтастай халықаралық сауданы, сондай-ақ ТМД елдерінің арасындағы сауданы дамытуға мүмкіндік беретін болады.

ДСҰ-ға енудің жағымды және жағымсыз жақтары бар.

Жағымсыз жақтары. ДСҰ-ға енудің қандай жағымсыз жақтары болады? Біз өңдеудің бастапқы өнімдерін өндіру мен табиғи ресурстарды өндіру саласында ғана бәсекеге қабілетті секторға ие болатынымыз түсінікті. Біздің экономикамыздың басқа салалары бәсекеге қабілетсіз, әсіресе бұл ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсібіне қатысты. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енгісі келеді, алайда оның оған пайдасы бар ма. Экономика министрі Жақсыбек Күлекеевтың айтуынша бұл ел экономикасындағы кейбір ауыр құбылыстарды тудыратын болады. Ішкі рыноктарды шетелдіктерге арнап ашу керек болады және мемлекет ішкі рынокты қорғаудың квоталау және лицензиялау деген сияқты маңызды тетіктерінен айырылады. Кейбір сарапашылардың пікірінше, ДСҰ-ға ену Қазақстан үшін халық шаруашылығының кейбір салаларын толығымен жоюып алуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл ретте қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдері сыртқы рыноктарда «артық» болып шығуы мүмкін. Сонымен қатар, ДСҰ-ға ену республикаға ұйымға қатысушы 140 елмен қолайлы сауда жасау режимін береді. Алайда Қазақстанға өзінің ЕурАзЭҚ бойынша серіктестерімен келісілген саясатын жүргізуіне тура келеді. ДСҰ-ның негізгі 56 келісімдеріне қосылғанша еліміз түрлі экономикалық кемсітушілік әрекеттерге кезігетін болады. Сонымен қатар Қазақстаннан кедендік тарифтерді, оларды артынша өсіру құқығынан айырумен, азайту талап етілуде.

Бұл біздің еліміздің бюджеті үшін күшті сынақ болатыны түсінікті. Алайда сауданы тауарлармен ырықтандыру – бұл әлі ештеңе емес. Қызмет көсретулердің саудасы жөніндегі жалпы келісімге сәйкес шамамен қызмет көрсетулердің 100 түріне арнап кедендік тосқауылдар жойылады. 1997 жылдың желтоқсан айында сонымен қатар қаржылық қызмет көрсетулер рыногын ырықтандыру туралы келісімге қол қойылған болатн, оған 102 мемлекет қатысты. Осы ғаламшарлық рынок банктік несиелердің 38 трлн., құнды қағаздардың 18 трлн. долл. және сақтандыру салымдарының 2 трлн. долл. қамтуда. Және біз де қызмет көрсетулер саласындағы, ең алдымен қаржылық қызмет көрсетулер саласындағы барлық тосқауылдарды жоюға мәжбүр боламыз. Алайда отандық қаржылық институттар аса тұрақсыз және бәсекеге қабілетсіз болып келеді, мұны жақында болған қаржылық дағдарыс көрсетіп отыр. Ал сақтандыру бизнесі бізде жаңадан ғана құрылуда.

ДСҰ-ға ену халық шаруашылығының кейбір салаларының толығымен жойылып кету қаупін тудыруы мүмкін екендігі біздің миымызға әлі жете қоймаған. Көп елдер, әсіресе Шығыс Еуропа елдері бұл қауіпті аса айқын сезінуде, олардың ауыл шаруашылық өнімдері «кенеттен» қажет болмай қалуда. Сондықтан саясаткерлер шешім қабылдап, құжаттарға қолын қоймас бұрын тиісті шешімдер қабылдау қажет. Қазақстан Республикасы үшін ДСҰ-ға ену жөніндегі міндеттемелер мемлекттің аграрлық секторға көрсетіп отырған ішкі қолдау деңгейін төмендетуге негізделетіндігі әділетті болып табылмайды. 1990 ж. ауыл шаруашылығы ЖІӨ-нің 34%-ын құрайтын, алайда реформалау жылдары аралығында ауылшаруашылық өндірісінің деңгейі 2,5 есе төмендеп кетті, сөйтіп ендігі кезде оның ЖІӨ-дегі үлесі небәрі 8,4%-ды құрауда. Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірушілерін үкіметтік қолдаудың деңгейі дамыған елдерде қалыптасқан деңгейден едәуір айрықшалануда. Мысалы, Швейцарияда демеуқаржылар мөлшерінің агроөнім мөлшеріне қатысы 80% құрауда, Еуропалық Одақ елдеріндегі орташа деңгей – шамамен алғанда 45%. Қазақстанға келетін болсақ, 1995-1997 жж. аралығында оның орташа мағынасы 20%-дан төмен болған. ЕО елдері мен Жапония өздерінің өнеркәсіптік рыноктарын американдық туарлардан қорғауды әлі де жалғастыруда. Еуропалық Одақ мемлекеттік бюджеттің тең жартысын, ауыл шаруашылығына демеуқаржылар бөлуге арнап, соның ішінде 7 млрд. долл. ауылшаруашылық экспортын кеңейтуге арнап жұмсайды. Бұл жағдайларда Қазақстанға сондай-ақ ауыл шаруашылығының ішкі өндірісін қорғауға арналған арнайы шаралардың қабылдануына қол жеткізу қажет. Алайда ДСҰ-ның талаптары сондай, егер де ел осындай шараларға ие болғысы келсе, отандық өндірушінің импорттан зардап шегетіндігін дәлелдеп беру үшін күрделі зерттеулер қажет.

ДСҰ-ға қосылудың қарсыластарының пікірінше - бұл ұйым трансұлттық корпорациялардың мүдделерін ғана қолдайды және қарапайым адамдарға қатысты қамқорлық танытпайды. АҚШ ДСҰ-ның делдалдығын өз мүдделерін қорғау үшін белсенді түрде пайдалануда. Вашингтон ДСҰ-ға көмек сұрап барған 24 жағдайдың 22-сінде осы ұйым американдық көзқарасты қолдаған болатын. Құрама Штаттар генетикалық өзгертілген өнімдер жөніндегі мәселеге қатысты да ДСҰ-ның қолдауына ие болды. АҚШ сонымен қатар еңбектік қатынастар саласында да жалпы әлемдік стандарттардың орнатылуына қол жеткізуге ниеттенуде. Мысалы, еңбекақының ең аз мөлшерін белгілеу дамушы елдердің әлемдік рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетіп жіберетінін түсіну қиын емес. Қытайдың осыған қарсы шығуы тегін емес. Сонымен қатар АҚШ әкімшілігі ДСҰ-ның қоршаған ортаны қорғау саласында әрекетін жандандыруы үшін шығуда, бұл да оның пайдасына қарай шешілетін мәселе, себебі АҚШ-та әлемнің көптеген басқа елдеріне қарағанда жоғары стандарттар орнатылған, соңғыларының стандарттары американдық экологиялық талаптарды қанағаттандыра алмайды.

АҚШ басымдылықтарының қатарына сонымен қатар мемлекеттік сатып алулардағы транспаренттік туралы келісім жатады. Бұл рынок жыл сайын 3 трлн. артық долл. ақшаны жұтуда. Сыбайластықпен күрес деген атты бүркенумен американдық әкімшілік осы рынокқа өзіне жол ашуға тырысуда. Алайда Вашингтонның экономикалық қарсыластары соғыссыз беріле салғысы жоқ. Көпшіліктерінде американдық демпингке қарсы заңдар мен ойдан шығарылған себептермен («дельфиндер мен тасбақаларды қорғау») санкциялар тәжірибесі ерекше ашуды тудыруда.

Ғаламдандыру қарсыластарының тағы бір дәйектемесі: ол елдердің барлығын Батыстың бозғылт көшірмесіне айналдырумен, олардың мәдени ерекшеліктерін жояды. Көбінесе бұл әділетті көзқарас, алайда ел тұрғындарының өздерінен олар үшін не маңызды болатынын сұрап білген дұрыс болады: тұрмыс деңгейін көтеру мен әлде әдемі киіз үйлерде тұрып, аш қарынға халық билерін билеп жүргені маңызды ма?



Жағымды жақтары. Басты жағымды фактор - әлемдік рыноктарға қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін ашу. Соның мысалы – Үндістандағы Бангалор қаласы, ол американдық корпорациялардың келісімшарттарының көмегімен әлемдегі ең ірі программалық қамтуды әзірлеу орталықтарының біріне айналды. ДСҰ-ға мүше болу елдің инвестициялық тартымдылығын едәуір мөлшерде арттыратындығы құпия емес, себебі бұл ұйымның басты ұстанымдарының бірі болып "транспаренттік" ұстанымы, былайша айтқанда, елдің толығымен ашықтығы, заңнамалық базаның айқындылығы ұстанымы табылады. Әрине, өз инвестицияларының қорғалуына сенімді шетелдіктер сол елдің экономикасына өз ақшаларын аса үлкен ниетпен жұмсайтын болады. Аймақтық блоктардың арасындағы өткір бақталастық мерзімді түрдегі "банандық соғыстарға" әкелуде. Алайда ДСҰ өзінің арқасында саудалық соғыстар нағыз әскери кикілжіңдерді тудырмайтын құралға айналды. Бұл қазіргі кездегі Қазақстан мен көптеген ТМД елдері үшін тынышсыз болып келетін уақытта әсіресе маңызды болып табылуда.

ДСҰ-ға енбесе Қазақстан түрлі экономикалық кемсіту әрекеттерінің әсеріне түсетін болады. Әлемдік рыноктағы ойын ережелері біздің қатысуымыздан тыс, көбінесе тіпті бізге қарсы орнатылады. Қазақстан Республикасының мүдделерін нұсқан келтіретін санкциялар, квоталар, Джексон-Веник түзетпесі мен өзге шаралар біз халықаралық еңбекті бөлістірудің толық қанды қатысушысына айналмайынша, жалғаса береді. Алайда қазіргі кезде Қазақстан өз рыногын одан да күшті бәсекелестерге арнап ашуға даяр емес. Біздің өнеркәсібіміз, ауыл шаруашылығымыз, қаржылық секторымыз қолдаушылық қорғауды қажет етеуде.

Еркін сауданың оппозициясы екі қарама-қайшы идеяларға негізделеді - және олардың екеуі де дұрыс емес. Алғашқысы – еркін сауда жұмыс орындарын жылыстауына ықпал етумен және саудалық тапшылығын тудырумен дамыған елдердегі тіршілік деңгейін төмендетеді. Екіншісі – сауданың еркіндігі бай және кедей елдердің арасындағы экономикалық құзды кеңейтеді. Жоғарыда айтылғандардың екеуі де шын болу үшін бай елдер жұмыс орындарынан айырылумен, одан да баюы тиіс, ал дамушы елдер жұмыс орындарына ие болып, жылдам дамып және сонымен қатар одан да кедейленуі тиіс. Мысалы, сіз басқа елдермен еркін түрде, былайша айтқанда, тарифтер мен шектеулерсіз саудаласасыз делік. Аса үлкен сұранысқа елдің басқа елдерге қарағанда жақсы және арзан жасайтын өнімі ие болатын болады. Соның нәтижесінде барлық серіктес-елдердің тұтынушылары ең тиімді бағамен ең үздік тауарларға ие болады. Алайда бұл ең қарапайым және түсінікті жағдай. Ал егер өзге елдердің барлығы импортқа қатысты жоғары тарифтерді енгізіп, жалғыз сіз ғана кедендік тосқауылдарсыз қалып қалсаңыз не болады? Сіздің өнеркәсібіңіз экспорттау мүмкіндігінен айырылумен, арзан және сапалы импорттың астында басылып қалуы мүмкін емес пе? Еркін сауданың тосындығы сол тіпті осы жағдайдың өзінде сіздің ел ең тиімді жағдайда болады. Ең алдымен, енді тек қана сіздің тұтынушыларыңыз рыноктағы барлық ең арзан да сапалы тауарларға қол жеткізетін болады. Ал сіздің өз өнеркәсібіңіз бәсекелестердің барынша жоғары қысымының астында қайта құрылатыны соншалықты, түбінде бәсекелестерден де тиімді және пайдалы болып шығады. Мысал ретінде Жаңа Зеландияны келтіріп кетуге болады, ол ауыл шаруашылық өнімін импорттаушы-ел бола тұрып, және өте төмен тарифтерге ие болумен, ішкі бәсекелестікті тудырды, сөйтіп қазіргі кезде бұл ел орасан зор дамудың үлгісі болып табылады. Ал өзге елдердегі жағдай оған қарағанда нашар болады. Олардың тұрғын халқы енді барлығы үшін, соның ішінде отандық тауарлар үшін көбірек төлеуге тиіс болады – себебі бәсекелестік стимулдың болмауы жағдайында бағалар көтеріліп кетеді. Ол елдердің өнеркәсібі тоқырауға ұшырайды.

Сонымен қатар, отандық өнеркәсіпке нұсқан келтірілмейтін болады, сөйтіп Қазақстан ұйымға енуден келесі себептер бойынша айда табады деген пікір де орын алуд: біріншіден, қазіргі кезде қазақстандық өнеркәсіп импорттық қосалқы бөлшектердің үлкен көлемімен толықтырылған, және сол себептен енгізілетін өнімге қатысты баждардан шығынға ұшырауда; екіншіден, отандық өнеркәсіп көрсетіп отырған төмен баға мен нашар сапаның қатынасын ешбір шетелдік фирма ұсына алмайды, себебі өзінің беделін қымбат көреді. Бұл ретте теңгенің төмен бағамы кез келген импорттық баждарға қарағанда, он есе жақсы қорғаныс.

Қазақстан үшін, біздің республикамыздың мұнай, мұнай өнімдері, табиғи газ, электрқуаты мен көмірдің әлемдік экспортына үлкен мөлшерде қатыстырылғанына байланысты ДСҰ-ға қатысушылардың арасындағы сауда-саттықты кемсітпеу негізінде жүргізу үлкен мәнге ие болуда. ДСҰ-ға ену бізге 149 қатысушы-елдермен барынша ықпал ету режимін қамтамасыз ететін болады және бізге экспортты, стандарттарды лицензиялау, демпингке қарсы және өтемақылау баждарын қолдану саласында бірқатар артықшылықтар береді, және тұтастай алғанда мемлекеттің сыртқы экономикалық белсенділігінің артуына ықпал ететін болады. ДСҰ-ға қосылу әлемдік қауымдастыққа көптараптық сауда жүйесінің толық қанды қатысушысы ретінде бірігу мен республиканың заңдарын қазіргі заманғы халықаралық деңгейге шығару жолындағы ажырағыссыз қадам болып табылады.

Жағымсыз жақтарына келетін болсақ, кіретін елдердің тарифтерді төмендету кезіндегі қысқамерзімді шығындарының орны әлемдік рынокқа кіруден түсетін ұзақмерзімді табыстарымен жабылады деп болжауға болады. ДСҰ бізге сауда жасау ережелері мен қолайлы ортаны ұсынады, б.а. мүмкіндіктер беріледі, ал жеке елдің өз экспортын қалай дамытатыны оның өзіне байланысты болады. Егер де үкімен дұрыс саясатты жүргізіп, ресурстар тиімді пайдаланылатын болса, экспорт та артады. Қазақстан ХХІ ғасырда әлемдік дамудың көшбасшыларының қатарына ену үшін барлық қажетті жағдайларға ие болуда. Орасан зор табиғи ресурстар, ғылыми потенциал, білікті жұмыс күші – осының барлығы бізді ғаламшарлық экономикада бәсекеге қабілетті ете алады.



Ойымды БҰҰ Бас Хатшысының «қазіргі тынымсыз әлемде бәрінен де ғаламданудан қорғалмай қалған жеңіліске ұшырайды» деген сөздерімен аяқтағым келеді.
3.3. Келіссөздердің басты кезеңдері және ену процесінің ағымдағы күйі.
Қазақстан ДСҰ-ға қосылу процесін 1996 жылдың қаңтар айынан бастап қосылу туралы ресми өтінімін берген сәтінен кейін бастаған.
Сол жылдың ақпан айында оған бақылаушы мәртебесі берілген болатын. Бақылаушы мәртебесінің берілуімен қатар Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі Жұмыстық Топ құрылған болатын. Қазіргі кезде Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі Жұмыстық Топтың құрамына 36 ел кіреді (АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, Австралия, Швейцария, Қытай және т.б.), олар Қазақстанның басты саудалық серіктестері болып табылады.
Қосылу процесін үйлесімдеу мақсатымен 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ДСҰ мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия құрылған болатын. Қазіргі кезде ол кедендік-тарифтік саясат пен халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі МВК-ға қайта құрылған болатын. 1996 жылдың шілде айында Қазақстан Жұмыстық Топтың қарастыруына арнап Сыртқы саудалық режим жөніндегі меморандумды әзірлеп, жіберген болатын. ДСҰ-ға ену процесінің бастапқы кезеңін ДСҰ-ның мүше-елдерінің Қазақстанның сыртқы сауда режимімен және оның ВТО Келісімдерімен үйлесімділігімен танысуға арналған кезең ретінде сипаттауға болады.Осы кезең ішінде ДСҰ Хатшылығына Қазақстан экономикасының түрлі салаларына қатысты материалдар жіберіліп отырды: баға құрылымын реттеу тәжірибелері, баға құрылымының жүйелері, экономиканың жекелеген секторларындағы демеуқаржылар, шетелдік инвестициялар режимі, импорттық кедендік тариф, ұлттық өндірушілердің қорғаныс шаралары, импорттық лицензиялау, экспортты реттеу, тауарларды стандарттау мен сертификаттау жүйелері, валютаны айырбастаумен қатысты әрекеттер, заңдық жоба жұмыстарының жоспарлары және т.б. Жұмыстық Топтардың ДСҰ мүше-елдерімен алғашқы отырыстарында жоғарыдағы мәселелер мұқият түрде талқыланған болатын. 1996 жыл 2004 жылдың бірінші тоқсаны аралығында Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі Жұмыстық Топтың 6 отырысы (1997ж. наурыз, қазан; 1998ж. қазан, 2001ж. шілде, 2002ж. желтоқсан, 2004ж. наурыз), Жұмыстық Топтың бір Бейресми отырысы (2003 жылдың шілдесі) және екітараптық келіссөздердің 10 раундысы болып өткен. Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі келіссөздік процесінің одан арғы жандандырылуына 2003 жылы өткен келіссөздер ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет