Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 1-бап



бет51/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#119742
түріКодекс
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn enbek kodeksi

148-бап. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру

1. Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялар тараптардың орындауы үшін міндетті тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін органдар болып табылады.

2. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету:

1) республикалық деңгейде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;

2) салалық деңгейде тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттік органдарына;

3) өңірлік деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді.

3. Мыналар тараптардың өкілдері болып табылады:

1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктердің өкілетті өкілдері;

2) салалық деңгейде – тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының, салалық кәсіптік одақтардың, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өкілетті өкілдері, ал олар болмаған кезде – салалық ұйымдар;

3) өңірлік деңгейде:

облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде – жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілердің облыстық немесе республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы бірлестігінің (қауымдастығының, одағының), шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық немесе республикалық маңызы бар қала және астана бірлестігінің өкілетті өкілдері;

аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде – жергілікті атқарушы органдардың, шағын кәсіпкерлік жөніндегі аудандық немесе облыстық маңызы бар қала бірлестігінің, аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің өкілетті өкілдері.

Комиссияларға қатысушылардың дербес құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір тарапы өз бетінше қалыптастырады. Әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдеріне тең құқықтар мен өкілеттіктер беріледі.

4. Алып тасталды - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5. Алып тасталды - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 148-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет