181-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Жіберуші тарап жұмыскерінің:
1) қабылдаушы тарапта еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
2) қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарына сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз етілуге;
3) қабылдаушы тараптан жұмыс орнының сипаттамасы және ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өзінің өмірі мен денсаулығы үшін бар кәсіптік тәуекел туралы, сондай-ақ өзін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы анық ақпарат алуға құқығы бар.
2. Жіберуші тараптың жұмыскері:
1) қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларының, қағидалары мен нұсқаулықтарының талаптарын сақтауға;
2) жұмыс берушіге немесе қабылдаушы тараптың өкіліне әрбір өндірістік жарақат және жұмыскерлер денсаулығының өзге де зақымданулары, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ахуал туралы дереу хабарлауға;
3) қабылдаушы тараптың талап етуі бойынша қабылдаушы тараптың актісінде көзделген жағдайларда профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтуге міндетті.
Ескерту. 18-тарау 181-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |