қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен,
байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауіпті зардаптарға
әкеп соғуы мүмкін үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;
3) осы Кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер мен талаптар ескерілмей жарияланған
жағдайда;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз болып
танылады.
Осы тармақта көрсетілген негіздердің біреуі болғанда, сот тиісті шешім
қабылдағанға дейін прокурор ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр
энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуіл, жергілікті атқарушы органмен
алдын ала келісім негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті көрсетілетін
қызметтердің тізбесі мен көлемі сақталған жағдайда өткізіледі.
Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде ереуіл негізгі жабдықтардың, механизмдердің
үзіліссіз жұмысы қамтамасыз етілген жағдайда ғана өткізілуі мүмкін.
3. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес қабылдайды.
4. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе прокурордың
өтініші бойынша қабылдайды.
Сот шешімі жұмыскерлердің назарына ереуілді басқаратын орган арқылы жеткізіледі,
ол ереуілге қатысушыларға сот шешімі туралы дереу хабарлауға міндетті, ал ереуілді
басқаратын орган болмаған кезде – тікелей жұмыс беруші жеткізеді.
Жұмыс беруші сот шешімінің мәтінін көпшілікке көрінетіндей қолжетімді жерлерде
орналастыруды қамтамасыз етеді.
Ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі дереу орындалуға, ал ереуіл тоқтатылуға
тиіс.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда прокурор немесе
сот тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
5. Ереуілді басқарушы органның сот шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
6. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандатушы адамдар
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
Достарыңызбен бөлісу: