Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы



Pdf көрінісі
бет158/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
құқықтары мен міндеттері 
      1. Жұмыс берушінің:
 
      1) жұмыскерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға 
жәрдемдескені, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі рационализаторлық ұсыныстары 
үшін ынталандыруға;
 


      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын 
жұмыскерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік 
жауаптылыққа тартуға;
 
      3) жұмыскерден өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды 
мүлтіксіз сақтауды талап етуге;
 
      4) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында және жұмыс берушінің 
актісінде көзделген жағдайларда профилактикалық медициналық қарап тексерулерге меншікті 
қаражаты есебінен жіберуге құқығы бар.
 
      2. Жұмыс беруші: 
 
      1) профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді 
неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру арқылы жұмыс орындарында және технологиялық 
процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға
 
      2) жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 
оқытуды, оларға нұсқау беруді және білімдерін тексеруді өткізуге, сондай-ақ меншікті 
қаражаты есебінен өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі 
құжаттармен қамтамасыз етуге;
 
      3) жұмыс берушінің актісімен бекітілген тізімге сәйкес, еңбек жөніндегі уәкілетті 
орган белгілеген тәртіппен, кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда 
үш жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен басшы жұмыскерлер мен еңбек қауіпсіздігі 
және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігін және 
еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және олардың білімдерін тексеруді 
ұйымдастыруға;
 
      4) жұмыскерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, еңбек 
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жұмыскерлердің арнайы 
киімі мен аяқкиімін беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, жуу және 
дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен немесе бірдей тамақ 
өнімдерімен және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған 
арнайы өнімдермен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге;
 
      5) алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 483-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      6) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің өздері үшін белгіленген шекті 
нормалардан асатын ауыр заттарды тасуына және қозғалтуына жол бермеуге;
 
      7) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын заттарды қолымен 
көтеруіне және жылжытуына жол бермеуге;
 
      8) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, 
есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;
 
      9) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы жөнiндегi 
жергілікті органға, жұмыскерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сұрау салуы бойынша еңбек 
жағдайлары, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жай-күйiнің мониторингі үшін қажеттi 
ақпаратты тоқсанына бір рет беруге; 
 
      10) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруді қамтамасыз етуге; 
 
      11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын және қорытындыларын орындауға; 
 
      12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен қағидаларға сәйкес 
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімдік аттестаттауды жұмыскерлер 
өкілдерінің қатысуымен бес жылда бір реттен сиретпей өткізуге;
 
      13) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерiн еңбек 
инспекциясы жөнiндегi тиісті жергілікті органға бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық 
жеткiзгiштерде ұсынуға; 
 
      14) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым 
оқиғалардан сақтандыруға; 
 


      15) авариялық ахуалдың өршуін және жарақаттайтын факторлардың басқа адамдарға әсер 
етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға;
 
      16) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды еңбек 
жөнiндегi уәкiлеттi орган бекіткен тәртіппен әзірлеуді, бекітуді және қайта қарауды 
жүзеге асыруға;
 
      17) келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген 
жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты не кәсіптік аурудың 
белгілері пайда болғанда басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскерлерді міндетті, 
мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық қарап-тексеруден және ауысым алдындағы, 
ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан меншікті қаражаты есебінен өткізуге 
міндетті.
 
      Ескерту. 182-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 
№ 483-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет