Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ



Pdf көрінісі
бет167/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   5-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ 
21-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ 
САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 
   191-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік 
бақылауды жүзеге асыру 
      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды 
мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 
 
      2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
 
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
 
      2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік 
органның лауазымды адамдары;
 
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек 
инспекторы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы 
жөніндегі жергілікті органының басшысы;
 
      4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, 
астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды адамдары жатады.
 
      3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен 
қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 
заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
 
      4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі 
келтірген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
 
      5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау 
тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
 
      6. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше 
көзделмесе, тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге 
асырылады.
 
      Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай 
оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау және 
бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де түрлері шеңберінде 
мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер жұмыс берушіге алдын ала 
хабарламай жүргізіледі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика 
мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркелуге және есепке алуға жатпайды.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет