бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
3. Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға,
ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және
ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын
орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны
туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
4. Жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасу
үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, лауазымы,
еңбек жағдайлары) туралы анықтама ұсынады.
5. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерлері тартылған кезде еңбек шартын жасасу
үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шетелдік
жұмыскерлерді тарту тәртібіне сәйкес айқындалады.
6. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік
құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында
көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.
7. Құжаттардың төлнұсқаларын жұмыс берушіде сақтауға не Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдыруға жұмыскер келіскен
жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.
Достарыңызбен бөлісу: