Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ



Pdf көрінісі
бет97/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   9-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ 
   116-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар 
      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
 
      1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын 
қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
 
      2) дуальдық оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының тең жауаптылығы 
кезінде жұмыс орындарын бере және білім алушыларға өтемақы төлей отырып, білім беру 
ұйымында оқытуды кәсіпорында оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастырып, 
кадрлар даярлау нысаны;
 
      3) дуальдық оқыту туралы шарт – білім алушы, өндірістік оқыту мен практикадан өту 
үшін жұмыс орнын ұсынатын ұйым және оқу орны арасындағы, өндірістік практикадан өту 
жағдайлары мен тәртібін регламенттейтін жазбаша келісім;
 
      4) кәсіптік даярлау – белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа немесе 
өзгерген кәсіби дағдыларды меңгеру үшін тұлғаны дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту 
нысаны;
 
      5) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін 
кәсіптік оқыту нысаны;
 
       6) оқыту шарты – жұмыс беруші мен білім алушының арасындағы кәсіптік даярлау, 
қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет