1. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы мынадай жағдайларда:
жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда;
жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық немесе оның бір бөлігі
ауыстырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысында болу кезеңіне ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі
бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша
ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін.
3. Пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін
қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: