1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкономикалық тұрақтандыру; 4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру; 5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету. Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992) - Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.
- 90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.
- Республиканың жалпы iшкi өнiмi 1991 ж. ағымдағы бағамен — 85863,1 млн. сом., 1992 ж. — 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы iшкi өнiм ағымдағы бағамен 15 есе көбейдi. Тұтыну бағасының индексi 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзi 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы iшкi өнiм деңгейi 5,3%-ға төмендедi. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек ауыл шаруашылығында ғана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллары, 1992 ж. 5561 АҚШ доллары болды. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидатын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |