Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Веб-жобалау: сайттар конструкторы; веб-беттегі мультимедиа; сайтты алға
жылжыту әдістері; сайтты жариялау.
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері:
машиналық оқытудың принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект
қолдану салалары; Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмыс принципі..
12. 11-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім
мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер»
Бұлттық технологиялар: файлдарды ортақ пайдалану.
Ақпараттық қауіпсіздік: ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау;
электрондық цифрлық қолтаңба, мақсат, қолдану алгоритмі.
2) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»
3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам
денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат)
жасау.
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудағы заманауи үрдістер: Қазақстанда
цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістері; электрондық үкімет порталы.
4) «Қосымшаларды әзірлеу»
Мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді
қосымшаларды әзірлеу және орнату.
IT Startup: Crowdfunding платформаларының жұмыс қағидалары;
маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: