Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
04.10.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
04.10.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы. Сақтардың грек-парсы
соғыстарына қатысуы. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына
қарсы күресі.
Сармат-Алан тайпалық одағы. Аорстар және роксоландар. Қоныстандыру
аумағы. Яньцай Мемлекеті. Ғұндармен және қаңлылармен қарым-қатынас.
Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы
аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара
қатынастары (біздің заманымыздан бұрынғы III – біздің заманымыздың II
ғасырлары)
Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі. Прототүрік және
протомоңғолдық элементтердің ежелгі байланыстары мәселесі. Тақталы обалар
мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Қорғантас қорымы. Сюннулар жайлы қытай
деректері. Археологиялық зерттеулер мәдениеті. Ғұн тайпаларының шығу тегі
мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
Үйсіндердің тілдік және этникалық шығу тегі мәселесі. Жетісу және Тянь-
Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. Үйсіндердің көрші халықтармен
және мемлекеттермен қарым-қатынасы.
Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың шығу тегі және
этностық тарихы. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ – біздің заманымыздағы V
ғасырдың бірінші үштігіндегі қаңлылардың тараған аумағы мен қоныстанған
жерлері. Урбандалуының ерте кезеңі. Тұрмыстық керамика этникалық шығу
тегінің көрсеткіші ретінде. Тоқыма кәсібі. Жетіасар тайпаларының Қаңлы
этномәдени тарихындағы маңызы. Шығыс Арал маңы аумағындағы түркі
этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Византия, Иран, Сирия және
Қытаймен сауда байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: