«Қазақстан Республикасының əлеуметтік бағдарламаларын іске
асыру».
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында
Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы
таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған
экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам
құру, Қазақстанның əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті
ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен
бəсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел
қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кəсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Əлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – əлеуметтік кепілдіктер жəне
жеке жауапкершілік
4. Білім жəне кəсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау
мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан əрі нығайту жəне қазақстандық демократияны
дамыту
6. Дəйекті жəне болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету
мен аймақтық жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты жəне көпконфессиялы
қоғамымыз табысының негізі
Достарыңызбен бөлісу: |