Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрі



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата31.10.2022
өлшемі452,4 Kb.
#155815
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мерей срс курлыктар географиясы
8-кл 2 четв 2-в, 8-кл 2 четв 2-в, ОЗИЛ ҚМЖ1, Батыр бала Болатбек, Электротехника, Озат педагогикалық тәжірибе , Киберфизика әдістері (2)
1.Географиялық зоналар

Географиялық зоналар, табиғи зоналар - географиялық қабықтың 
біршама ірі бөлімшелері, географиялық белдеулердің термиялық жағдайлары 
мен ылғалдылығы шамалас бӛліктері; жер бетінің физикалық-географиялық 
бӛлінуіндегі ең жоғары сатыларының бірін түзеді. Географиялық зоналардың 
кӛптеген атаулары дәстүрде ландшафтының ең манызды ерекшеліктерін 
тұтас көрсететін өсімдіктердің басым типі бойынша беріледі (мысалы, орман 
зоналары, дала зоналары, саванна зоналары). Климаттың кеңістіктік 
ӛзгерулеріне сәйкес Географиялық зоналардың экватордан полюстерге карай 
және мұхиттардан материктердің ішіне қарай заңды ауысымы байқалады. 
Географиялық зоналар көбінесе ендік немесе ендікке жақын бағытта созылып 
жатады (мысалы, Еуразияда), кейде олар орографиялық жағдайларға және 
материктердің пішініне байланысты меридиандық немесе меридианға жақын 
бағытта жайғасады (мысалы, АҚШ пен Канададағы Сеңгір таулардың 
баурайындағы қоңыржай белдеулердің субмеридиандық бағытта жатқан дала 
зонасы). Тауларда биіктік белдеуліктердің болуына сәйкес Географиялық 
зоналардың кӛрінісіне биіктік белдеулер жатады. Әдетте, Географиялық 
зоналардың анық кӛрінетін шекарасы болмайды, бірақ олардың 
әрқайсысының өзіне тән климаты, топырағы, өсімдіктсрі және бедер түзуші 
факторлары бар ерекше ландшафт типі болады. Географиялық зоналар ӛзінің 
ылғалының, ағынының, өсімдік өсіп-өнуінің ерекше ырғақтылығымен, 
экзогендік геоморфологиялық процестердің белгілі бір үйлесімімен 
сипатталады; зонашықтар мен секторларға бөлінеді. Ендік бағытта 
температурасы, ылғал мөлшері, топырағы, өсімдіктері, жануарлары бірдей 
болатын ірі табиғат кешені табиғат зоналары деп аталады.
Табиғаттағы зоналылық құрлықтағы климат жағдайға, яғни, жылу мен 
ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температура жоғары, ылғал мол 
болатын жерлерде ылғалды тропиктік ормандар, ал температура жоғары
бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Сырт көзге 



табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. 
Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдік сипатына сай келеді. 
Мысалы, жалпақжапырақты орман, орманды дала, шөл, ылғалды экваторлық 
ормандар және т.б. егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат 
компоненттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен, зонаның өсімдік 
жамылғысын өзгертеді.
Табиғат зоналарының орналасуы. Табиғат зоналарының орналасуы 
климаттық белдеулермен тығыз байланысты. Климаттық белдеулер сияқты 
табиғат зоналары да күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен 
ылғалданудың әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін 
бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды. 
Зоналылықтың аумағында барлық табиғат кешендері кездесетіндіктен, ол 
географиялық қабықтағы негізгі заңдылық болып табылады. 
Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай 
өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік бойынша өзгерісін тудырады.
Табиғаттағы зоналылық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да 
байқалады. Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін 
температура мен қысымның тӛмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-
шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлеріне түсетін жарық мөлшерінің 
әртүрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар таудың әртүрлі биіктіктегі 
белдеулер түрінде көмкере орналасқандықтан, оларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет