5
табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады.
Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдік сипатына сай келеді.
Мысалы, жалпақжапырақты орман, орманды дала, шөл, ылғалды экваторлық
ормандар және т.б. егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат
компоненттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен, зонаның өсімдік
жамылғысын өзгертеді.
Табиғат зоналарының орналасуы. Табиғат зоналарының орналасуы
климаттық белдеулермен тығыз байланысты. Климаттық белдеулер сияқты
табиғат зоналары да күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен
ылғалданудың әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін
бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды.
Зоналылықтың аумағында барлық табиғат кешендері кездесетіндіктен, ол
географиялық қабықтағы негізгі заңдылық болып табылады.
Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай
өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік бойынша өзгерісін тудырады.
Табиғаттағы зоналылық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да
байқалады. Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін
температура мен қысымның тӛмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-
шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлеріне түсетін жарық мөлшерінің
әртүрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар таудың әртүрлі биіктіктегі
белдеулер түрінде көмкере орналасқандықтан, оларды
Достарыңызбен бөлісу: