Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім министрлігі



Дата26.11.2023
өлшемі27,91 Kb.
#193538
Байланысты:
Инклюзивті білім беру


Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Биология және география факультетінің зоология кафедрасы

Білім берудегі


инклюзивті үрдісті басқару

Орындаған:Шалгынбаева Мадина


Тобы: БО-22-2 Т/я

Мазмұны
Кіріспе


Негізгі бөлім

  • Инклюзивті білім берудің ағымдағы жағдайы

  • Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске

асыру тетіктері

  • Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру

  • Заңнамалық және нормативтік негіз

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына Жолдауында білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып танылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді. Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.

Инклюзивті білім берудің ағымдағы жағдайы


Инклюзивті білім беруді енгізу Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру басымдық танытуда Қазақстанда басқа санаттағы оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты. 2015 жылы туылғаннан 18 жасқа дейінгі 141 952 мүмкіндіктері шектеулі балалар немесе жалпы бала санының 2,8%-ы анықталды. Оның ішінде мектеп жасында - 94 266 бала. Анықталған мүмкіндіктері шектеулі балалар 7-12% әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда 2,8%-ды құрайды. Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үшін 30,5% мектепте жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 570- ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта – 88 адам, 3- топта 466 адам бар. Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №26 қаулысына сəйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%). Қазіргі кезде Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар. 2. Талаптар мен артықшылықтар Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсіл арқылы іске асырылуда. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға мыналар жатады: - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар). Бірқатар елдерде енгізілген инклюзивті білім, ең алдымен Финляндияда келесідей қағидаттарға негізделеді: адам құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес, әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті, әр адам қатынасуға және танымды болуға құқылы, барлық адамдар бір-біріне мұқтаж, нағыз білім шынайы өзара қатынас мәнмәтінінде іске асырылуы мүмкін, барлығы қолдау мен достыққа мұқтаж. Жүргізілген талдау инклюзивті білім берудің қазақстандық моделі әлемдік тәжірибеге және осы саладағы ережелерге толық дәрежеде сәйкес емес екенін көрсетті. Инклюзивті білім беруді мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту нысанында қабылдау барлық санаттағы ерекше оқытуды қажет ететін балаларға жалпы білім беру бағдарламасының қол жетімділігін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін шектейді.

Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске


асыру тетіктері
1. Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті және кіріктіріп оқытудың
әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздерін әзірлеуді, ерекше оқытуды қажет
ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу аясында оларды
әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды
ұйымдастыруды;
- ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын, оқу
бағдарламаларын бейімдеуді (білім алушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптарды, базалық пәндер бойынша оқытудың пәндік нәтижелері
мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру шарттарына қойылатын
талаптарды);
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту нәтижелерін
мониторингілеу және бағалау жүйесін әзірлеуді, инклюзивті білім беру
шарттарына баланың оқу жетістігін критериалды бағалауды бейімдеуді;
- үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу
жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын
бейімдеуді көздейді.
2. Кадрлық қамтамасыз ету:
- инклюзивті тәжірибені іске асырушы ұйымдардағы қызмет шарттарына
педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету;
- педагогикалық мамандықтары бар жоғары, техникалық және кәсіптік
білім беретін оқу жоспарына «Инклюзивті білім беру» және «Арнайы
педагогика негіздері» пәндерін қосуды;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға арналған педагог
кадрлардың, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың ерте жастағы балалары
үшін дефектолог-мұғалімдер мен педагогтардың біліктілігін арттыру және
қайта даярлау бағдарламасын жетілдіруді;
- ЖОО-да мүгедектерге білім беру процесін психологиялық-педагогикалық
қолдау мақсатында штаттық қызметкерлерді: тьюторды, арнайы психологты,
сурдоаудармашыны қосатын арнайы құрылымдық бөлім құруды көздейді.
3. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін
метептердегі материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік,
техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және
қолжетімді «кедергісіз орта» құру есебінен нығайту механизмдерін игеруді;
- білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру
бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық
құралдармен (тифло-, сурдо-және т.б. техникалар) қамтамасыз етуге және
мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы
орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеуді көздейді.
4. Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету:
- қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері
бар тұлғаларға қоғамның толеранттық қарым-қатынасын қалыптастыруды,
сондай-ақ балалар құқығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті
атқарушы органдармен әзірлеуді көздейді ;
- әр білім алушының компенсаторлық техникалық және көмекші
құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары,
қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін түзету-педагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс
мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандырудың техникалық-экономикалық
негізін әзірлеуді көздейді;
5. Жүзеге асырудың негізгі шарттары:
- нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру;
- ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа
да ресурстардың шоғырлануы;
- әлеуметтік-педагогикалық шарттарды құру;
- ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби
бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау;
- балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере
отырып, ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануды
қамтамасыз ететін интерактивті оқыту

Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асырудың күтілетін нәтижелері және кезеңдері Тұжырымдамалық тәсілдер Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіштеріне жетуге, барлық адамдардың сапалы білім алуына толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның қанағаттануына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды толерантты қарым-қатынас қалыптастыруға; инклюзивті білім беруді ресурстық қамтамасыз етуге, нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік береді.


1. Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады: - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және 11 басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу; - жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу; - оқуды аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат, диплом); - білім берудің барлық деңгейлерінде «кедергісіз» орта құру, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен қамтамасыз ету; - жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды кешенді (әлеуметтік және медициналық-психологиялықпедагогикалық) қолдау қызметін ұйымдастыру; - арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар жүйесін құру; - жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту.
2. Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады: - жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына арнайы пәндер қосу жолымен институттар мен колледждердегі барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен тәсілдеріне даярлау және оқыту; - инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді, педагогтарды және мамандарды (педагог-психологтарды, педагог-дефектологтарды, әлеуметтік педагогтарды) кезең-кезеңмен қайта даярлау; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін, кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу, адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру.
3. Ғылыми және оқу-әдістемелік қолдау: - жалпы білім беру ортасына ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды 12 қосудың вариативті үлгілерін әзірлеу және эксперименттік түрде ендіру; - инклюзивті білім беруде инновациялық үлгілерді, оқыту әдістері мен технологияларды қолдану, халықаралық озық тәжірибені зерделеу және қолдану; - білім беру жүйесінде инклюзивтік процестердің тиімділік критерилерін әзірлеу; - оқушылар білімін бағалаудың икемді (бейімделген) критерилерін және инклюзивті білім беру жүйесінде қолданылатын икемді (бейімделген) жалпы білім беретін оқу бағдарламалар мен жалпы білім беру стандартын әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жеке оқу бағдарламалар әзірлеу мен бағалаудың икемді критерилерін қолдану бойынша және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік оңалту бойынша әдістемелік ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар жасау.
4. Іске асыру кезеңдері
Бірінші кезең - 2014-2015 жылдар - инклюзивті білім беруді дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу; - инклюзивті білім беру жүйесін дамытуды ресурстық қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін жетілдіру; - бастауыш білім мазмұнының жаңартылуын ескере отырып, ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды жалпы білім беру ортасына қосудың вариативті модельдерін апробациялау бойынша экспериментальдық алаң – ресурстық орталықтар құру; - инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік және қолданбалы зерттеулер жүргізу; - инклюзивті педагогика қағидаттарын және білім беру практикасына ендіру жүйесін әзірлеу; - ерте диагностикалау және ерте жастағы балаларды түзету-педагогикалық қолдау тәсілдері мен әдістерін әзірлеу; - мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеу; - инклюзивті білім беруді ендіру мәселелері бойынша республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық семинарлар өткізу; - медиажоспарларды, ақпараттық қолдауды және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастырудың кешенді бағдарламасын іске асыру.
Екінші кезең– 2016- 2017 жылдар: - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды мектепке қабылдау дайындығын бағалау индикаторларын әзірлеу және ендіру; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу модельдерін әзірлеу және апробациялау; - білім беру ортасын бейімдеу мен жеке жоспарларды, оқу 13 бағдарламаларды және ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың икемді жүйесін қосатын оқушыларды қолдау жүйесін құру; - оқу жоспарларына «Арнайы педагогика негіздері», «Инклюзивті білім беру» пәндерін қосу арқылы педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттырудың типтік оқу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу; - әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушылар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру. Үшінші кезең - 2018-2020 жылдар: - барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің ұлттық модельдерін кешенді ендіру; - инклюзивті білім беру бағдарламаларын техникалық және кәсіби, жоғары білім беру деңгейлерінде жүзеге асыру; - алдағы уақытта жұмыспен қамтылуын ескере отырып мүмкіндіктері шектеулі адамдардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін ендіру.
5. Инклюзивті білім беруді мониторингілеу: - бірыңғай және сәйкес қағидаттар, сапалық және сандық көрсеткіштер мен тәртіп негізінде инклюзивті білім беруге мониторинг жүргізу және оның тиімділігін бағалау.

Заңнамалық және нормативтік негіз


«Білім туралы» ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы.
«Бала құқықтары туралы» Конвенция БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен
20.11.1989 ж. қабылданған. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылдың
8 маусымындағы №77 қаулысымен ратификацияланған.
«Мүгедектер құқықтары туралы» Конвенция – БҰҰ – 2007 жылдың
30 наурызы.
Мұқтаждықтары ерекше тұлғаларға білім берудегі Саламанка
Декларациясы мен іс-әрекеттердің Шеңбері: Мұқтаждықтары ерекше
тұлғаларға білім беру туралы дүниежүзілік конференция – Испания – 1994 ж.
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР-ның
2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзетудегі қолдау туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 11 маусымдағы
№ 343 Заңы.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің 2010 жылғы
7 желтоқсандағы №1118 Жарғысы.
«Білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиялық талаптар»
Санитарлық талаптар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы
29 желтоқсанда № 179 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 ақпанда
№ 10275 болып тіркелді).
«Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар»
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 Қаулысы.
«Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» ҚР Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы
Қорытынды
Қазіргі таңда, еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі денсаулык сактау, білім жене алеуметтік коргау салаларынын осы маселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жылдан - жылға мүмкіншілігі шектеулі балаларга деген коғамның көзқарасы өзгеріп, оларды коғамның бір мүшесі ретінде карауга бет бурыс келеді. Үкіметіміздің
мүмкіндігі шектеулі
балаларга арналған
көптеген
көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Уйде әлеуметтік көмек беру барлык мугедек балаларга емес, олардын ішінде өз-өзіне кызмет етуітөмен,қозғалысы
нашар, үйде оқитын, уйде
тәрбиеленетін және ешкандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен
жасөспірімдерге
көрсетіледі. Тәрбиелеу барысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім кабылдай алуга, өзін-өзі қамтамасыз етуге, енбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу кажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:


Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар.Астана :Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы,2015


https://stud.kz/prezentatsiya/id/38096?ysclid=Inx1i61ipo214477828

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет