ҚОРЫТЫНДЫ
Жеке тұлғаның танымы жан-жақты іс-әрекеттер арқылы көрінеді, өмір тіршілігіне қажетті ерекше қабілет болып табылады. Бұған қол жеткізудің бір жолы ретінде жаратылыс заңдылықтарын түйсіну, түсіну, себеп-салдарын айқындай білуі бала болмысына сай, замануи технологияларды қолдану қажеттігіне бағытталу болып саналады.
Н.Н.Поддъяков пікірінше «Баланың логикалық ойының дамуы заттар мен табиғи құбылыстарды тікелей ұстау, сезіну, көру әрекетіне байланысты». Сонымен қатар табиғат аясында өткізілетін сабақтар балаларға қатты ұнайды. «Жүз рет естігеннен де, бір рет көрген артық» деген сөз тегін айтылмаса керек. Объектілерді немесе басқа да құбылыстарды байқау, тікелей қадағалау мен табиғатты аялаудың мәні зор.
Табиғатпен таныстыру бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек үрдісінде жүзеге асыруды насихаттаған Қ. Аймағамбетованың да пікірі бізге ғылыми-әдістемелік нұсқау болды. Жоғарыдағыдай теориялық материалдарды талдау және зерттеу эксперименттерінің нәтижелері мына төмендегідей түйінді қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
1. Бастауыш сынып оқушыларын табиғаттағы заттардың қайдан, қалай пайда болғандығына қызықтай қарап, олардың өсіп, дамуы жөнінде алған білімдері мен өздігінше бақылағандарын байланыстыра ой қорытындыларын жасай алу қабілеттерінің болатындығы анықталды. Әдебиет көздерінде берілгендей бұл кезеңде баланың көрнекі-бейнелік ойлау қабілеті жетіліп, логикалық ойдың элементтері дамиды деген пікір дәйектелді.
2. Табиғатта ұйымдастырылған сабақтарда күнделікті өмірдегі тәжірибеде балалармен мына жұмыстың түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік туады: күнтізбе бойынша табиғатты байқау, бақылау, көзжеткізу, тез көмекке келу, қамқорлық жасау, жақыннан қарау, сырттан күш-қуат алу, зерттеу, тәжірибе жасау, театрланған көріністі көрсету, тақырыптар бойынша дидактикалық, танымдық –шығармашылық тапсырмалар кіріктіріліп ұйымдастыру. Мұның бәрі тұлғаның жан-жақты дамуына сапалы әсер ететіндігі байқалды.
3. Табиғаттағы ғажайып құбылыстармен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуда маңызды әрекет.
-балалардың табиғат құбылыстарымен өзара байланысын пайымдай білуі және себеп-салдарын анықтауы;
-әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;
-мұғалімдердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі сияқты міндеттер шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |