Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарының әдістемесі ұсынылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту әдістерін іріктеу, тиімді түрлерін ұсыну.
-жаратылыстану ғылымдарының ішкі құрылымы мен ғылыми интеграциялық сипатына талдама жасау;
-жаратылыс заңдылықтарының жалпы мазмұны мен бірлігін мазмұндап талдау жасау;
-бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгертудің тиімді әдістерін жинақтау, іріктеу;
-бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарын ұйымдастыру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу нысаны мен әдістері: психо-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, салыстыру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: жұмыс бойында зерттеліп, жинақталған материалдары әдіскерлер мен студенттер үшін құнды материалдар бола алады.
Курстық жұмыстың (жобаның) көлемі мен құрылымы. 2 тарау, 23 бет
1 Шиыршық қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы
Шиыршық қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері
Шиыршық қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстану негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны абзал» (Ж.Аймауытұлы, 1929).
Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
— белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
— бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
— таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған.
Шиыршық қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық:
— оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты (пәнді) бірнеше рет қарастырады, қайталап оқиды;
— әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың (пәннің)күрделілігі арта түседі;
— жаңа тақырып алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты және алдында берілген ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады.
Шиыршық қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасының басымдығына тоқталамыз:
оқушы тақырыпты (пәнді) қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады;
тақырыптар жеңілден күрделі идеяларға қисынды жолмен ауыстырылады;
оқушыларға сол тақырып аясында бұрын алған білімдерін сабақтың мақсатына жетуде жетістіктерге қол жеткізу үшін қолдану ұсынылады.
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдыларын қайталанып тексеріліп отыратын шиыршық қағидаты бойынша құрылған оқу моделіне негізделген.
Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерлеуіне орай, олар өздерінің 4 тілдік дағдыны (айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым) меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Мысалы, «Жазылым» дағдысын қалыптастыруда «Әртүрлі стильде хат түрлерін жазу» бойынша оқушылардың шиыршықты білім беру бағдарламасы арқылы алға ілгерлеуі айқын көрінеді.
Тілді деңгейлік оқыту — кез келген тілді екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінде деңгейлік оқытудың басты қағидаттары ескеріледі.
Тілді деңгейлік оқыту — үздіксіз білім беру жүйесіндегі ортақ ұстанымдар аркылы әр деңгейдің мақсатын, міндеттерін, білім мазмұнын, оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдерін, түпкі нәтижелерін анықтауға негізделеді.
Екінші тілді үйрену барысында тілдік қабілетті сипаттауда Жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау жүйесі (CEFR) кеңінен қолданылуда. Тілді үйренудің барлық аспектілерінде алға ілгерілеуді сипаттайтын 50-ден астам жеке өлшемдер бар. Олар үдемелі түрде күрделенетін оқытуды және бағалауды жоспарлауда қолданылып, тәжірибенің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Еуропалык деңгейлер жүйесіне сәйкес, отандық әдістемеші-ғалымдар қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады:
бастапқы деңгей A1, A2;
тәуелсіз деңгей B1, B2;
тәжірибелі деңгей C1, C2.
Деңгейлерге тоқтала кетсек:
Бастапқы деңгей А1. Күнделікті өмірдегі таныс сөздер мен негізгі сөз тіркестерін түсінеді және қолданады. Өзін және өзге адамдарды таныстыра алады, сондай-ақ жеке өміріне қатысты сұрақ қойып, оларға жауап бере алады.
Бастапқы деңгей А2. Қарапайым сөз тіркестерімен өзінің өмірі, өзінің жұмыс орнына қатысты, сондай-ақ өзге де тез шешуді қажет ететін мәселелерді талқылай алады.
Тәуелсіз деңгей В1. Өзінің тәжірибесін, оқиғаларды, армандарын, сенімдерін, ұмтылысын қысқаша сипаттап, өзінің көзқарасы мен жоспарларын түсіндіре алады.
Тәуелсіз деңгей В2. Өз ойын еркін және тез жеткізе алады, тілдің өкілдерімен кедергісіз, еркін қарым-қатынас жасай алады.
Тәжірибелі деңгей С1. Кез келген естіген немесе оқыған хабарламаларды оңай түсінеді. Хабарламаны еске түсіре отырып, әртүрлі ауызша және жазбаша деректер арқылы ақпаратты қорытып талдай алады.
Тәжірибелі деңгей С2. Әртүрлі тақырыптағы күрделі және көлемді мәтіндерді түсінеді, астарлы мағыналарын біледі. Сөздер мен сөз тіркестерін қолдану кезінде ешқандай кедергісіз өз ойын тез жеткізе алады.
Тілді меңгеру деңгейлерінде үдемелі реттілік бар: тілді жаңадан үйреніп жүргендер мен өзге тілде еркін сөйлеушіге дейін.
Пән бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес қазақ тілін үйрену бағдарламасының мақсаты оқушылардың Жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау жүйесі бойынша белгілі бір деңгейге жетуі болып табылады.
Қорыта келе айтарым, орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілін оқытуда оқушылардың күнделікті өмірде, білім алуда, әлеуметтік-мәдени және іскерлік саласында қарым-қатынас жасау үшін қажетті айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын, танымдық дағдыларын, ойлау қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |