“Құқық қорғау органдары” заңды бұзуға жол бермейді. Құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды.
“ҚР Сот жүйесі”
“Сот” - әділдікті жүзеге асырушы орган.
“Сот әділдігі” – қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау және шешу жөніндегі құқық қорғау қызметтерінің бір түрі.
“Сот әділдігінің” белгілері:
Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады
Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді.
Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл ҚР аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін - өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгендігін көрсетеді
Сот билігін жүргізуші – “судья”. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз жазаға тартудан қорғайды.
ҚР сот жүйесі – жалпыға бірдей демократиялық принциптер негізінде ұйымдастырылып, жұмыс істейтін, өзара байланыстағы соттардың жиынтығы. Оны ҚР Жоғарғы соты басқарады.