Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет162/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

387-бап. Әскери қызметтен жалтару

1. Әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару –

бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы;

2) аурумын деп жалған сылтаурату жолымен;

3) жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет –

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ескерту. 387-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


388-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары қатарына жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырудан жалтару –

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Соғыс уақытында жасалған дәл сол іс-әрекет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн жасақтау үшiн одан әрi шақырулардан жалтару –

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 388-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет