Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет178/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

421-бап. Куәнің немесе жәбiрленушiнiң айғақтар беруден бас тартуы

Куәнің немесе жәбiрленушiнiң сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақтар беруден бас тартуы –

екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Адам өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе өзiнiң жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартқаны үшiн, сондай-ақ дiни қызметшiлер – тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы, медиаторлар – медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар – қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдармен әңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы айғақтар беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

Ескерту. 421-бапқа қзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
422-бап. Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу

1. Куәні, жәбiрленушiнi олардың жалған айғақтар беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған айғақтар беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның қате аударма жасауы мақсатында параға сатып алу –

төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Куәнi, жәбiрленушiнi жалған айғақтар беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны қате аударма жасатуға мәжбүрлеу, сол сияқты аталған адамдарды айғақтар беруден жалтаруға осы адамдарды немесе олардың жақындарын бопсалаумен, өлтiру, денсаулығына зиян келтiру, мүлкiн жою қатерін төндірумен ұласқан мәжбүрлеу –

бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып жасалған іс-әрекеттер –

алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аталған адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптауға байланысты іс-әрекеттер –

екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 422-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет