Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет107/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

288-бап. Қаруды заңсыз жасау

1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз жасау –

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Газды қаруды, суық қаруды, оның iшiнде лақтырылатын қаруды заңсыз жасау –

екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
289-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау

Атыс қаруын басқа адамның пайдалануы үшiн жағдай туғызып оны ұқыпсыз сақтау, егер бұл адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. 289-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет