Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет169/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

403-бап. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың қызметiне заңсыз араласуы

1. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың заңды қызметiне кедергi жасауы немесе мемлекеттiк органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын иемденіп алуы, сол сияқты мемлекеттiк органдарда саяси партиялар ұйымдарын құру, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтірсе, –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған дәл сол іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. 403-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


404-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер құру, олардың қызметiне басшылық ету және қатысу

1. Қызметi азаматтарға зорлық-зомбылық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтiрумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық мiндеттерiн орындаудан бас тартуына немесе құқыққа қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауына түрткi болған дiни немесе қоғамдық бiрлестік құру немесе оған басшылық ету, сол сияқты дiни негiздегi партия не Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған көздерден қаржыландырылатын саяси партия немесе кәсiптiк одақ құру немесе оған басшылық ету –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нәсiлдiк, ұлттық, рулық, әлеуметтiк, тектік-топтық немесе дiни төзбеушiлiктi немесе артықшылықты уағыздайтын немесе оны iс жүзiнде іске асыратын, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге немесе Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға шақыратын қоғамдық бiрлестiк құру, сол сияқты осындай бiрлестiкке басшылық ету –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көрсетілген бiрлестiктердiң қызметiне белсенді түрде қатысу –

алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет