Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет57/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

197-бап. Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу

1. Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу –

бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

3) аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


198-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу

1. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу –

сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

2. Дәл сол іс-әрекеттер, егер олар айтарлықтай мөлшерде жасалса немесе айтарлықтай залал не автордың немесе өзге құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне елеулі зиян келтiрсе не бірнеше рет жасалса, –

бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) iрi мөлшерде жасалған немесе iрi залал келтiрген;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 198-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет