Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет84/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

243-бап. Банктiң ақшасын заңсыз пайдалану
1. Банк жұмыскерлерiнiң банктiң меншікті қаражатын және (немесе) банктiң тартылған қаражатын көрiнеу қайтарымсыз кредиттер беру немесе банк үшін көрiнеу пайдасыз мәмiлелер жасау үшiн пайдалануы, сол сияқты банк клиенттерiне не басқа да адамдарға негiзсiз банк кепiлдіктерiн немесе негiзсiз жеңiлдiк шарттарын беруi, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Банк жұмыскерлерiнiң клиенттердiң банк шоттары бойынша ақша сомаларын, оның iшiнде валюта қаражатын көрiнеу дұрыс аудармауы немесе көрiнеу уақтылы аудармауы, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 

Ескерту. 243-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


244-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы

Азаматтың декларация тапсыруы міндетті болып табылатын жағдайларда кірістері туралы декларацияны табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жасалған, салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса,

- үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті жасаған адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ескерту. 244-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет