«Қазақстан республикасының КӘсіпкерлік қҰҚЫҒЫ»



бет1/4
Дата18.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10263
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Заң факультеті
Азаматтық құқығы және іс жүргізу кафедрасы

Майсатаева А. Ш
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҒЫ»
Сұрақ – жауап түрінде


Қостанай, 2012

ББК 67.404. 9 (5Қаз)

М 14

Құрастырушы:

Майсатаева А.Ш., Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы



Рецензенттер:

Нұғманов Р.Р.- з.ғ.к., доцент, А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Заң факультетінің деканы

Каймульдинов Е.Е.-з.ғ.к., адьюнктура бастығы, ҚР ӘМ Қостанай Заң Академиясының әділет полковнигі

Байзакова Г.М. – з.ғ.к., А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Заң факультетінің Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы


Майсатаева А.Ш.

М 14 «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы». Сұрақ - жауап түрінде – Қостанай, 2012 – 68 бет.
Бұл оқу-әдістемеліқ құралда Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығына байланысты сұрақтарға жауап беру нысаны қолданылған. Атап айтар болсақ: Кәсіпкерлік құқығының түсінігі; ҚР кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары; Жеке кәсіпкерлік; Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі; Мемлекеттік кәсіпкерліктің нысандары; Кәсіпкерлік саласында шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері; Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу; Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау; Бәсекелестік құқығының негіздері; Тұтынушылардың құқықтарын қорғау сияқты ауқымды тақырыптарды қамтыған.

Осы оқу-әдістемеліқ құралдың жетістігі – түсініктер Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамалары, сонымен қатар оқулықтар және басқада басылымдар негізінде құрастырылған.

Заң және экономика мамандығы бойынша оқитын студенттерге, оқытушылар, аспиранттар, магистранттар және заңгерлерге арналған.

ББК 67.404. 9 (5Қаз)

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқу - әдістемелік кеңесімен бекітілді. Хаттама № _______ 20___ж.


© Майсатаева А.Ш. © А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті



Мазмұны

Алғы сөз.................................................................................................................4

Тақырып 1. ҚР кәсіпкерлік құқығының түсінігі.............................................5

1 ҚР кәсіпкерлік құқығының түсінігі, пәні, әдістері,принциптері,

қайнар көздері, тарихы................................................................................................5

Тақырып 2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары................................................................................................................12

1 Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері. .........................................................12

2 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерліктің түрлері

мен нысандары..........................................................................................................15



Тақырып 3. Дара кәсіпкерлік ...................................................... .....................16

1 Дара кәсіпкерліктің түсінігі, оның түрлері мен нысандары..............................16



Тақырып 4. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі..........................................19

1 Заңды тұлға ұғымы. Заңды тұлғаның пайда болуы, қайта құрылуы және тоқтатылуы.................................................................................................................19

2 Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары...................26

Тақырып 5. Мемлекеттік кәсіпкерліктің нысандары ...................................28

1 Мемлекеттік кәсіпорынның ұғымы және түрлері................................................28



Тақырып 6. Кәсіпкерлік қызмет саласында шаруашылық

байланыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері...................................................38

1 Шарт шаруашылық байланыстардың пайда болу негізі ретінде......................38

2 Шарттардың түрлері. Шаруашылық шарттардың ерекшеліктері.....................43

3 Шарт жасасу, оны өзгерту және бұзу..................................................................49



Тақырып 7. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.................................56

1 Лицензиялау және техникалық реттеу кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тәсілдері ретінде.......................................................................................56



Тақырып 8. Бәсекелік құқығының негіздері.....................................................56

1 Бәсеке ұғымы.........................................................................................................61

2 Монополияға қарсы оргaнның құқықтық мәртебесі.........................................64

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................67


Алғы сөз
Республикасының нарықтық экономикасының дамуымен қатар мемлекеттің кәсіпкерік-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы жоғарғы оқу орындарында оқытылатын негізгі оқу пәндерінің біріне жатады.

Қазіргі заман тұлғасының көптеген кәсіпкерлік заңнамалар мен негізгі ұғымдарды дұрыс түсініп, қолдана білуі үлкен жетістіктерге әкеледі.

Қандай да болмасын пәнді оқып үйрену барысында біз көптеген сұарқтарға тап боламыз. Сондықтан осындай оқу – құралдың сұрақ - жауап нысанында болуының пайдасы зор деуге болады, өйткені бұл құралда кәсіпкерлік құқығында көп және жиі кездесетін сұрақтарға жауап берілген.

Кәсіпкерлік құқығы бойынша қазақстандық, оның ішінде қазақ тілінде жазылған әдебиеттердің аздығына байланысты Кәсіпкерлік құқығының барлық тақырыптарын қамтитын сұрақ – жауап түріндегі оқу - әдістемелік құрал қазақ топтары студенттеріне жақсы көмек болады.

Бұл оқу-әдістемеліқ құралда кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға байланысты барлық тақырыптар шоғырланған. Атап айтар болсақ: ҚР кәсіпкерлік құқығының түсінігі, кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері, ҚР кәсіпкерлік құқығының принциптері, қайнар көздері, Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары, кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары, дара кәсіпкерліктің түсінігі, оның түрлері мен нысандары, дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу, дара кәсіпкердің қызметін тоқтату, заңды түлға ұғымы, заңды тұлғаның пайда болуы, қайта құрылуы және тоқтатылуы, Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары, мемлекеттік кәсіпорынның ұғымы,мемлекеттік кәсіпорынның түрлері, Кәсіпкерлік қызмет саласында шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері, шарттардың түрлері, шаруашылық шарттардың ерекшеліктері, шарт жасасу, оны өзгерту және бұзу, лицензиялау және техникалық реттеу кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тәсілдері ретіндеЖеке кәсіпкерлік субъектілерінің түсінігі, бәсеке ұғымы монополияға қарсы оргaнның құқықтық мәртебесі монополистік қызметтің түсінігі сияқты ауқымды тақырыптарды қамтыған.

Осы оқу-әдістемеліқ құралдың жетістігі – Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамалары, сонымен қатар оқулықтар және басқада басылымдар негізінде құрастырылған.

Сұрақ - жауап нысанында «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы» оқу-әдістемеліқ құралы заң және экономика мамандығы бойынша оқитын студенттерге, оқытушылар, аспиранттар, магистранттар және заңгерлерге арналған.



Тақырып 1. ҚР кәсіпкерлік құқығының түсінігі

Сабақтың мақсаты: ҚР кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретінде туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау.

Жоспар:

1 ҚР кәсіпкерлік құқығының түсінігі, пәні, әдістері, принциптері, қайнар көздері, тарихы


Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы дегеніміз не?

Бұл кешенді оқу пәні, оның құрамына ұлттық құқық жүйесінің кейбір нормалары мен институттары кіреді (азаматтық, қаржылық, еңбек, жер, банктік, салықтық және өзге де құқық салаларының). ҚР кәсіпкерлік құқығы - бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Рынок экономикасы жағдайында шаруашылық байланыстардың күрделілігі мен санқырлысы мамандардан құқықтық білімдерді талап етеді. Дәл осындай кезде экономикалық және құқықтық білімдерді синтездеуге қабілетті мамандар қажет, бұл барлық мамандардың құқықтық дайындығының маңызын белгілейді. Мысалы, экономикалық категорияларды білмейтін заңгер экономикалық дауларды шеше алмайды, ал кадрлармен жұмыс істейтін менеджер еңбек заңнамасын білмей өзінің міндеттерін атқара алмайды. Осы айтылған жағдай кәсіби жоғары білім аламын деген барлық мамандардан құқықтық білімдерді талап етеді.

Қазақстанда рынок экономикасын құру бұрын болмаған кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру және оны жүйелі түрде одан әрі жетілдірумен байланысты болды. Бұл кәсіпкерлік құқығының пән ретінде қайта қалыптасуына себеп болды, кеңес дәуірінде ол «шаруашылық құқық» деп аталып келді, бірақ оның мазмұны жоспарлы социалистік экономикасының мәселелеріне бағытталған болатын. Жаңа кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретіндегі құрылымдық мазмұны осы кезге дейін заңгер-ғалымдардың дауларының объектісі.


Кәсіпкерлік құқығының пәні дегеніміз не?

Кәсіпкерлік құқығының пәні ретінде кәсіпкерлік қатынастар болып табылады. Кәсіпкерлік қатынастар деп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды, сонымен қатар оларға тығыз байланысты өзге де қатынастарды атайды.


Кәсіпкерлік құқықтың пәнін не құрайды?

       Кәсіпкерлік құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар

кәсіпкерлік құқықтың пәнін құрайды. Яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Кәсіпкерлік құқық – бұл мемлекеттің және қоғам мүддесінің қамтамасыз ету мақсатындағы шаруашылық қызмет субьектілерінің қатынастарын мемлекеттік реттеу бойынша және олардағы кәсіпкерлік қатынастар реттелетін нормалардың жиынтығын білдіреді.

Сондай-ақ кәсіпкерлік құқық пәні ретінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің арасында туындайтын мүліктік қатынастарды да атауға болады.

Мүліктік қатынастарды басқа қоғамдық қатынастардан оның белгілі бір деңгейдегі мүліктік құндылыққа иелігі дараланып тұрады. Мүліктік қатынастар әрқилы нысандарда көрініс табады. Сондықтан да олар тек кәсіпкерлік құқық емес, сонымен қатар басқа да құқық салаларымен қоса реттеледі. Мысалы,тұлға ұрлық жасауға оқталса, онда азаматтық жауаптылыққа емес, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Өйткені, ұрлыққа оқталу қоғамдық қатынастардағы тәртіпті бұзуға бағытталғанымен, меншік иесіне ешқандай зиян тигізбейді. Ал, егер қылмыстық әрекет не әкімшілік құқықбұзушылық салдарынан мүлікке зиян келсе, онда тұлға азаматтық жауаптылыққа да тартылады.
Кәсіпкерлік қатынастарды неше топқа бөлуге болады?

Кәсіпкерлік қатынастарды екі топқа бөлуге болады:

1) негізгі кәсіпкерлік қатынастар (горизонтальдық);

2) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында қалыптасатын қатынастар (вертикальдық). Мысалы, бірінші топқа кәсіпкерлердің өзара шаруашылық мәмілелерін жатқызуға болады (тауар жеткізілімі, өндіріс объектілерін арендаға жалдау, банктік қызмет көрсету шарттары және т.б.), екінші топқа кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен мемлекет арасында пайда болатын қатынастарды жатқызады, әрине, мемлекет атынан құзырлы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар ғана шыға алады (кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу, олардың қызметін лицензиялау, салық салу, тексеру барысында қалыптасады).


Кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері қандай?

Құқықтық реттеудің әдісі – құқықтың қоғамдық қатынастарға нормативтік әсер етуін қамтамасыз ететін арнайы құралдар мен тәсілдердің жүйесі, олар қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтау арқылы осылардың әрекет ету ережелерін белгілейді. Басқаша айтқанда, құқықтық реттеудің әдісі – бұл белгілі қатынастардың қатысушыларынан мемлекет талап ететін әрекеттілікті қамтамасыз ететін құралдар мен тәсілдердің жүйесі.

Кәсіпкерлік құқығының әдісіне келетін болсақ, оның өзіне тән ерекшелігі бар. Кәсіпкерлік қатынастар жоғарыда айтып кеткендей бірнеше құқық салаларының нормаларымен реттеледі (азаматтық, қаржылық, еңбек, жер, банктік, салықтық және өзге де құқық салаларының), осыған байланысты нақты құралдар мен тәсілдер туралы айту мүмкін емес. Жалпы құқық теориясында орын алған императивтік және диспозитивтік әдістер кәсіпкерлік қатынастардың реттелуін толық қамтамасыз етеді. Сонымен, кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу әдісінің негізінде әдеттегі рұқсат беру, талап ету және тыйым салу тәсілдері жатады.
ҚР кәсіпкерлік құқығының принциптеріне не жатады?

Кәсіпкерлік құқығының принциптері оның негізгі бастаулары ретінде шаруашылық қызметті реттеуге бағытталған барлық құқықтық нормалардың жиынтығын қамтиды. Оларға жататындар:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде екіжақты қызығушылыққа көздеуге бағыттау принципі;

2) меншік нысанына, қызмет түріне, өндіріс көлеміне және өзге де белгілерге қарамастан кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің теңдігін сақтау принципі;

3) экономикалық бостандықты және кәсіпкерлік әрекеттілікті қолдау принципі;

4) адал бәсекелестікті қолдау және монополизмнен қорғау принципі;

5) кәсіпкерлердің мотивациясын қоғамға қажетті шаруашылық нәтижелерге жетуге бағыттайтын экономикалық, құқықтық, ұйымдық-әкімшілік және саяси механизмдерді пайдалана отырып кәсіпкерлік қатынастарды мемлекеттік реттеуде кешенді шаралар қолдану принципі;

6) заңдылық принципі (құқықтық мемлекет құруды қамтитын негізгі принцип болғандықтан міндетті түрде қоғамдағы барлық қатынастарға қолданады).



ҚР кәсіпкерлік құқығының қайнар көздеріне не жатады?

Құқықтың қайнар көзі – бұл құқықтың сыртқы сипатын білдіретін нысана. Қазақстандық құқық континентальдық құқықтық жүйеге жатады, сондықтан оның негізгі қайнар көзі болып нормативтік құқықтық акт табылады.

Нормативтік құқықтық акт құқықтық нормаларды бекітуге, өзгертуге немесе олардың күшін жоюға арналған.

Кәсіпкерлік құқықтың негізгі қайнар көздері болып кәсіпкерлік саласында қатынастарды реттейтін нормалар табылады. Оларға жататындар: Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы, халықаралық шарттар. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеу үшін, егер заңда тиісті құқықтық нормалар болмаған жағдайда, қосымша құрал ретінде іскерлік айналым әдеттері қолданылуы мүмкін.


Сонымен, кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері болып табылатындар: ҚР Конституциясы, кодекстер, конституциялық және ағымдағы заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, министрліктердің (агенттіктердің, комитеттердің) бұйрықтары, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі басқару органдарының актілері.


Кәсіпкерліктің түсінігін беріңіз

Кәсіпкерліктің ұғымы және оны жүзеге асырудың принциптері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабында анықталған. Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады (ҚР АК 10-б.).

 Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi. Кәсіпкерлікті жүзеге асырудың принциптері ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 4-бабында анықталған: жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнiң кепiлдiгi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету; кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi; жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi; Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы; жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қорғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы болып табылады (ҚР «ЖК туралы»Заңының 4-б.).

 

Кәсіпкерлік құқық қашан пайда болды?

Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы,  А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық  құқық ие болатын еді.

П.И. Стучканың  түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екі секторлық құқық теориясын» шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік – шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.

ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық қ-қықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді  зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы  ымыраны талдауды көздейді.

ХХ ғ –ң  50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір – сайыста қайта қарады. Шаруашылық  құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет  құқықтанушылары шаруашылық  кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.

ХХ ғ-ң 90 жылдарында  Ресейде жоспарлы  экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан  тағы басқаға қөшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды.

Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және азаматтық.

Әкімшілік құқық , қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді.Сондықтан мұндай қатынас «тігінен» тұрғызылады. Ал азаматтық құқық  мүліктік қатынасты реттейді, сондықтан оларды «көлденен » тұрғызады. Осы салалардың әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді.
Кәсіпкерлік құқық пәнін қалай қарастырамыз?

Кәсіпкерлік құқық пәніне құқықтық қатынастың екі тобын қарастырамыз: Біріншісі – кәсіпкерлік ұйымдастырушылық сала мен байланысты, бұнда азаматтардың кәсіпкерлік сала мен айналысу құқығы қарастырылған. Сонымен қатар, заңды тұлға болып тіркелу өз меншігінде  жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болу, мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Екінші топқа – кәсіпкерлік саланың өзіне байланысты қатынас жатады.
Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты?

Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – тауарды сату арқылы, мүлікті пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу.Мұнда негізгі рөлді атқаратын кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу. Кәсіпкер мен тауар өндіруші арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада тауар – ақша қатынасымен реттеледі.

  Азаматтық құқықтың бір бөлігін көпшілік – құқықтық әдісімен реттейді. Оған орай құнды қағаздар эмиссиясын реттеу құқығы орын алады, тауарларды сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету, осының бәрі мемлекеттік келісім-шарт арқылы жасалады.
Кәсіпкерлік саланы реттеудегі ғалымдардың көзқарасы?

Бүгінгі таңда құқық ғалымдарын таныстыру, кәсіпкерлік саланы реттеуде екі негізгі тұжырымдаманы қарастырады.

  Манистикалық тұжырымдаманы ұстанушылар профессор Б.С. Мартемьянов, И.В.Дойников, академиг В.В. Ловтев-ң көз қарасынша, яғни кәсіпкерлік және шаруашылық құқық - өз бетінше құқықтық саланың бірыңғайлық пәні деген.Осы салалар өз күшіне мынадай норманы ығыстырады, яғни кәсіпкерлік қатынас  коммерциялық емес қатынаспен және эконмиканы мемлекеттік реттеу қатынасын бір- бірімен тығыз байланыстырады. Заманға сай жағдайларда мемлекет   пен нарық арасындағы байланысты кәсіпкерлік саланың әдісімен реттеу мүмкін емес.Профессор Е.А. Суханов кәсіпкерлік саланы реттеудің «Дуалистік тұжырымдамасын» шығарды. «Дуализм»  сөзі, жеке құқықтық қатынас пен тауар өңдірушілер арасындағы азаматтық құқықты реттеу. Есептеу кезінде қолданбалы мақсаттарды белгілеу әрқашан рұқсат.

ХХ ғ басында атақты орыс өркениетшісі  Р.Ф. Шерменевич "тауар құқығы” пәнінен сабақ бергенде, оны өзіндік сала құқығы деп санады, ол тауар құқығына мынандай жауап берді: ол жеке құқықтың нормасы,яғни коммерциялық айналымды реттеу, бірлікті кәсіпкерлердің қарым-қатынасын реттеу деп таңыды. Осыған байланысты ол көпшілік және жеке тауар құқығын бөліп қарастырды.

Көпшілік тауарлық құқық – ол мемлекеттік және тұлғалар арасындағы тауарлық қатынасты реттейді. Жеке кәсіпкерлердің, банктердің, қозғалыстардың құқықтық жағдайларын анықтайды.

Жеке тауарлық құқық – тауар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттейді. Қазіргі кәсіпкерлік құқықты көпшілік тауарлық құқық ретінде қараймыз. Кең мағынада, сауда кәсіпкерлік саланың бір түрі болып анықталады. Егер біз шетел ғалымдарына құлақ салсақ, кәсіпкерлік құқыққа қызығушылық таңытатын кәсіптік экономикалық жатады. Бұндай кәсіпкерлік құқықтың кең мағынасы басқа құқықөтық саланың пәнін шектей қоймайды. Сондықтан кәсіпкерлік құқыққа басқада дәстүрлі салаларды  да жатқызуға болады; олар: экологиялық, жергілікті және еңбек құқығы. Оларға санитарлық –эпидемиялық зерттеулер керек етілмейді. Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып, қолданбалы мінез танылады, оны білім алу мақсатында пайдаланады. Олар бөлек бөлімшелерден тұрады. Олар: қаржылық құқық, бәсекелік құқық және т.б.

  Кәсіпкерлік құқық кең мағынада әр түрлі құқықтық нормаларды қосады, ол бизнеспен тығыз байланысты. Бизнес, ол  өз ішінде бір сала болып табылады. Ол бір компаниядан екінші компанияға әр сала түрін қарастырады.Оған көрсітілген  қызмет  қаржылық қорытынды шығару.
Кәсіпкерлік құқықта қандай жүйелер қолданылады?

Кәсіпкерлік құқық ойдағыдай ғылыми – методологиялық жүйелер қолданылады. Азаматтық құқыққа қарағанда кәсіпкерлік құқық бірыңғай, шоғырландырылған құқықтық акт болып танылады. Кәсіпкерлік құқықтың ғылыми тұжырымдамасы ақталуына қарай келеселерімен бөлінеді.

1.     Нарықтық шаруашылық жүйесі.

2.     Осы жүйені объективті түрде реттеу.

Кәсіпкерлік құқық ғылымын кіріспенің методологиялық және ғылыми – теориялық жүйесін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Біздің көз қарасымыз бойынша кәсіпкерлік құқықты келесі себебтер бойынша бөліп қарастырамыз.

1.     Кәсіпкерлік саланың анықтамасы, сонымен бірге  ҚР–ғы  азаматтық кодекспен белгіленген кәсіпкерлік құқықтың негізгі принциптері.

2.     Азаматтық кодекстен алшақ орналасқан нормативтік акт, олар арнайы кәсіпкерлермен мүлікті қатынас арасындағы реттеуді бақылау.
Кәсіпкерліктің отандық теориямен тәжіребиеден қандай маңызды принциптері бар?

1.Қызметтің  еркіндік негізінде еркін таңдалы.

2.Кәсіпкерлік қызыметке оның қаржысы мен мүлкіне заңды және заңсыз тұлғаларды тарту.

3.Қызмет бағдарламасын өз еркінен құру,тұтынушылармен қызметті ұсынатын товарларды  дайындайтын,өндіретін өндірушілерді өз еркімен құру және т.б.

4.Жұмыскерлерді еркін қабылдау.

5.Маталарды техникалық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану оларды тарту.

6.Заңға сәйкес экономикалық қызметтердің кәсіпкер мен еркін сезінуі оны жүзеге асыруы.
Кәсіпкерліктің маңызды функциялары қандай?

1.Новаторлық  функция  техниканың  ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асыуы, тәжірбиелі конструкторлық  өндеулер,жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.

         2.Ұйымдастырылған  функция өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен  тәсілдерді  еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік  жүйенің негізгі элементтерін  енгізу.

        3.Шарауашылық  функциясы  еңбек  материалды  қаржылық  интелектуалдық  және  оқылықтың  ресурстарды  тиімді  пайдалану.

       4.Элементтік  функция  қоғамға  қажетті  элементтің  заңдар талабына сәйкес  товарлар  мен  қызметтерді   ұсыну.

        5.Тұлғалық   функция  кәсіпкердің  жеке  мақсатын  іске  асыру  мақсатында, өз қызметінен  қанағат  алу  барысында  өз-өзін  жүзеке асыру.


Кәсіпкерлік қызметтің негізгі тәсілдері?

             Кәсіпкерлік  қызмет  теориясы  экономикалық  пәндер  қатарына  жатады.Кеңінен  қолданылатын  кәсіптік  теория  пәні  көбіне  адамдардың  қызметін  үйретумен  байланысты  болады.Кәсіптік  қызмет теориясының  пәні – кәсіпкерлердің  іс-әрекетін негізін, яғни  өндіріске  қажетті  ресурстарды  таңдауда, айырбастауда,бөлуде ,түрлі товарлар мен қызметтерді  пайдалануда  анықталады.

           Кәсіпкерлік  қызметің  әдістемесі  болып , зерттеу  әдісі, яғни  жүйелі  құрылымдық  анализдің  маңызды  элементтері,тарихи және логикалық  жолдары, қарсылық принциптері, анализ және синтез  және т.б. жатады.

            Кәсіпкерлік  қызмет  теориясының  методологиялық  базасы  деп  диалектикалық  зерттеу  тәсілі  б.т.жүйелі құрылымының  анализдің  элементі, тарихи  және  логикалық  бағыттары, анализ және синтез, абстракциялық  тәсіл  және басқаларды жатқызамыз.

            Жүйелік  бағыт  дегеніміз – кәсіпкерлік  қызмет топтарының  кешендік  мінездемелік  негізгі  бөлімшелерің білдіреді.

            Логикалық  бағыт  дегеніміз – кәсіпкердің  қызметіндегі  негізгі іс шаралардың  анықталуын  көрсетеді.Кәсіпкерлік  идеяның  тууынан, оны жүзеге асыруға дейінгі  аралықтағы  процесс.

             Анализ  тәсілі – жалпы процестің жеке  тарауларың  анализдеу  бағытында  анықталып  бұдан соң, синтез этапы  п.б.

             Абстракциялық  тәсіл -өмір сүрмейтін  әрекеттермен  құбылыстардың  пайда  болуынан  тыс, екі жақтың  процесінен  бас тарту, яғни  тұрақты байланыстардың, құбылыстың  ішкі  мақсаттарын  алуда  пайда  болды. 


Кәсіпкерлік құқық қайнар көздері?

1.ҚР Конституциясы (кәсіпкерлердің Конституциялық кепілдігі бекітілген).

2.Азаматтық Кодекс (Бәсекелестік, шарттар бекіту нормалары, ішкі фирмалық

қатынастар, ішкі қатынастарын реттейді).

3.ҚР-ң Заңдары:

1. «Бәсекелестік және тауар нарығындағы монополиялық қызметті шектеу туралы» Заң, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң.

2.Субьектілердің құқықтық жағдайларын анықтайтын заңдар.

3. Бөлеккәсіпкерлік қызмет түрлерін реттейді. Ол заңдар (Инвестициялық қызмет, Байланыс туралы, Жарнама туралы заңдар).

4. Кәсіпкерлік қызметке талаптарды бекітетін заңдар (Стандарттау, сертификаттау, экологиялық сараптама, лицензиялау туралы).

5. Белгілі бір кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субьектілердің құқықтық жағдайларын анықтайтын салаларды реттейтін заңдар (Банк және банктік қызметі туралы, тауарлық биржа және биржалық қорлар туралы заңдар).

4.Заңды актілер: Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, атқарушы

органдардың нормативтік құқықтық актілері.

5.Жоғарғы Кеңес қаулылары.

6.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шаруашылық құқықтық

нормативтік құқықтық актілері.

7.Локальды нормативті актілер.

8.Халықаралық шарттар.

9.Іскерлік айналым, әдет-ғұрып (сыртқы саудада су тасымалдауында орын

алады)

ҚР кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары Жеке кәсіпкерлік


Тақырып 2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары

Сабақтың мақсаты: ҚР кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретінде туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау.

Жоспар:

1 Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері.

2 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.
1 Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері дегеніміз кімдер және олардың қандай топтары бар?

Кәсіпкерлік субьектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқықтық өкілетті тұлға болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет субьектілері ұғымы және мәртебесін ашу үшін «құқық субьектісі» және «азаматтық құқық субьектісі» ұғымдарын анықтау керек. Құқық субьектісі – құқықты танудың ең кең тараған категориясы, оған құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілетті қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары жатады. Жалпы құқықтық субьектілік бөлек құқық салаларына қолданумен нақтыланады. Мысалы, конституциялық құқықта сайлаушылар, депутаттар; еңбек құқығында – жұмыс беруші мен жұмысшылар; қаржы құқығында – салық төлеушілер мен салық қызметі органдары; қылмыстық құқықта – анықтаушы, тергеуші, айыпталушы, сотталған, сотталушы, т.б.

Ал азаматтық құқық субьектілерінің барлығы «тұлға» ұғымына біріктірілген және ол келесі 3 топқа бөлінеді:

1. Жеке.

2. Заңды тұлға.

3. Мемлекеттік пен әкімшілік аумақтық бөлініс.

Сонымен кәсіпкерлік қызмет субьектісі – бұл азаматтық құқық субьектісі болып табылатын және заңда көзделген тәртіпте тіркелген; мүлікті сату, пайдалану, жұмысты орындау, қызмет көрсету арқылы жүйелі түрде пайда табуға бағытталған өз тәуекеліне өз қызметін жүзеге асыратын азаматтық құқық субьектісі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет субьектісі – бұл кәсіпкерлік қатынасыныңьқатысушысы болып табылатын тұлға. Кәсіпкер мәртебесі тіркелген сәттеньбастап заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде пайда болып, шаруашылық құзыретіне иеленеді және кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті өз атынан жүзеге асыру мүмкіндігін туындатады.


Кәсіпкерлік субъектілері қандай белгілерге ие?

Кәсіпкерлік субьектілері келесі белгілерге ие құқықтар мен міндеттерді ұстанушылар болып табылады:

1. Бекітілген тәртіпте тіркелген.

2. Шаруашылық құзыретінің болуы.

3. Кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру үшін база ретінде оқшауланған мүлкінің

болуы.


4. Өзіндік мүліктік жауапкершілік.
Шаруашылық құзырет – заң немесе құрылтай құжаттарына сәйкес

субьектілерге берілген құқықтар не жатады?

1.Ол жалпы кез келген кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға субьектілердің құқықтары мен міндеттерін ұстанады, коммерциялық ұйымдарға тән.

2. Шектелген – құрылтай құжаттарда шектеулер көрсетіледі.

3. Арнайы – кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдарға ие, жарғылардағы қызметпен байланысты міндеттерге ие.

4. Ерекше тыйым салушылық заңмен бекітілген қызметті таңдаған субьектілер ие болып бөлінеді.

3.Кәсіпкерлік құқық субьектісін құру – оның құқықтық мәртебесін тұлғаларға беруге бағытталған тиісті актілерді қабылдап, заңи маңызы бар әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Амалдары:

1. Құрылтай билік етуші амал. Мемлекеттік кәсіпорынды құру кезінде қолданылады, яғни үкімет шешімімен.

2. Құрылтайшы тәртібінде – бір тұлғалық коммерциялық ұйымдар құруда қолданылады.

3. Келісімді құрылтай тәртібінде – бірнеше құрылтайшылармен құрылған кезде қолданылады.

4. Рұқсат алу қажеттілігі- яғни рұқсат етуші құрылтай.
Коммерциялық құқық субьектілерін құрудың сатылары?

1. Коммерциялық ұйымдардың құрылтайшыларын құру үшін оның құрамын анықтау, жалпы жиналыс жүргізу, құрылтай құжаттарын жасап қол қою.

2. Ұйымдастырушылық – құқықтық нысан – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған ұйымды маңызды кез келген меншік нысанында құрылады (ЖШС, АҚ, ӨК, МК, т.б.).

3. Құрылтай құжаттары: жарғы немесе құрылтай шарты жасалып бекітіледі. Құрылтай шарты құрылтайшылармен бекітіледі, ал жарғы ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесін бекітетін маңызды құжат.

4. Коммерциялық атау – оның ұйымдастырушылық – құқықтық нысанын көрсететін фирмалық атау.

5. Жарғылық капиталды қалыптастыру (50 пайыздан аз болмауы керек және ол үшін банкте есеп айырысу шоты ашылады).

6. Мемлекеттік тіркеу – қорытынды саты.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері қандай қызмет атқаруға құқылы?

Заңдарға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері төмендегілерді орындауға құқылы:



  1. егер ҚР заңымен басқадай көзделмеген болса, жеке кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;

  2. ҚР заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлікті жалдама еңбекті пайдаланып жүзеге асыруға;

  3. ҚР заңдарымен көзделген тәртіпте филиалдар мен өкілдіктер құруға;

  4. ҚР заңдары белгілеген жағдайларды есептемегенде, өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) өз бетінше баға белгілеуге;

  5. шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтем негізінде қаражат (қарыз) беруге;

  6. өз құқығы қабілеті шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;

  7. шағын кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін құруға;

  8. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктері арқылы сараптама кеңестері жұмысына қатысуға;

  9. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының бұзылуына кінәлі болған тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша бақылау және қадағалау қызметтерін атқаратын құқық қорғау және мемлекеттьік органдарға шағымдануға;

  10. өз құқытары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сот органдарына шағымдануға;

  11. жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісті емес дәрежеде орындалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы мемлекеттік органдарда қарауға ұсыныстар беруге («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 8-бабы, 1-тармағы).


Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қандай міндеттері бар?

  1. ҚР заңдарын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін сақтауға;

  2. өндірілетін өнімнің ҚР заңдары талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге;

  3. жеке кәсіпкерліктің лицензиялауға жататын түрлерін жүзеге асыру үшін, ҚР лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензия алуға;

  4. ҚР заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды орындау («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 8-бабы, 2-тармағы).


Қандай жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілері жеңілдіктерді ала алады?

Мемелекеттік тіркеу нәтижесінде субъект кәсіпкер мәртебесін иеленеді және толық көлемде өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жеңілдіктер және артықшылықтар алу мүмкіндігіне ие болады.


2 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері туралы қандай ереже бекітілген?

Заң тәртібімен кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің адал емес бәсекелестікті іске асыруына жол бермеу туралы ереже бекітілген. Атап айтқанда, « Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерліктің басқа субъектілерінің ҚР заңдарымен бекітілген еркін бәсекеге деген құқықтарын бұзу жолымен бәсекелестікті шектеу немесе жоюға бағытталған әрекеттеріне тыйым салынады. Кәсіпкерлер – отандық тауар өндірушілер туралы айтар болсақ, ішкі нарықты қорғау тарифтік немесе тарифтік емес реттеу шаралары арқылы жүзеге асырылады.


Жеке кәсіпкерлік туралы заңда қандай мәселелерге айрықша көңіл бөлінген?

Жеке кәсіпкерлік туралы заңда коммерциялық құпия саналатын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға немесе пайдалануға тыйым салу болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты құқықтық қорғау мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген.


Жеке кәсіпкерлік субъектісінің қандай құқықтары бар?

Жеке кәсіпкерлік субъектісі:1) коммерциялық құпия болып саналатын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқы бар адамдар тобын белгілейді және оның құпиялылығын қорғау шараларын қабылдайды;2) ақпаратты жария ақпарат санатына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпия болып саналатын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын белгілейді; 3) коммерциялық құпия болып саналатын ақпаратты жария етпеу туралы қызметкерлерден қолхат алуға, ал оны тексеретін адамдарға ҚР заңдарына сәйкес жауапты екендіктерін ескертуне құқылы; 4) мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға тіркеу, бақылау қызметтерін және басқа да әрекеттерді атқару кезінде ҚР заңдарымен белгіленіп жүктелген қызметтерді орындауға қажетті ақпараттан басқа, коммерциялық ақпаратты бермеуге құқылы.


Жеке кәсіпкерлік субъектісі қандай жауапкершілікке тартылады?

Жауапкершілік туралы айтқанда, жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты қорғау ережелерін бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелетінін ерекше атап өткен жөн. Сөйтіп, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 11-бабының 4-тармағы бойынша коммерциялық құпия саналатын ақпаратты заңсыз әдістермен алған, ашқан немесе пайдаланған адам ҚР азаматтық заңдарына сәйкес келтірілген залалды өтеуге міндетті.


Заң шығарушының басты талабы не болып табылады?

Заң шығарушының коммерциялық құпия немесе заңмен қорғалатын басқа да құпия саналатын ақпаратты пайдалану тәртібіне қоятын басты талабы оның жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етілмеуі болып табылады.


Тақырып 3. Дара кәсіпкерлік

Сабақтың мақсаты: ҚР кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретінде туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау.

Жоспар:

1 Дара кәсіпкерліктің түсінігі, оның түрлері мен нысандары.


Дара кәсіпкерліктің түсінігіне анықтама бер.

Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Дара кәсіпкерлік ұғымы Дара кәсіпкерлік туралы заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:

а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;

ә) табыс алуға бағытталған;

б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген;

в) азаматтардың атынан олардың тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.


Дара кәсіпкерліктің түрлерін ата.

Дара кәсіпкерліктің түрлері Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлер мынадай шарттардың біріне сәйкес келсе, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады:

1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;

2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асып түскен мөлшерде кәсіпкерлік қызметтен салық заңнамасына сәйкес есептелінген жылдық жиынтық табыс алады.

Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады.

Жекеше кәсіпкерлікті оған меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде бір жеке тұлға өздігінше жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлғалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер жасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары нелер болып табылады?

а) ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

ә) фермер немесе шаруа қожалығының ортақ меншік немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын субасылық кәсіпкерлік;

б) жай серіктестік, бұл серіктестік кезінде кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асырылады.

«Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық» туралы заңда жеке-меншіктік қосалқы шаруашылық - ауылды жерде, қала маңында орналасқан жер учаскесінде өзінің мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрі. Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге құқық меншік құқығында немесе елді мекендер мен қосалқы жерлердің ауыл шаруашылығы арналымының жерлерінен жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар азаматтарға жатады.

Дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атынан құқықтар мен міндеттіліктерді сатып алады және жүзеге асырады. Бірлескен дара кәсіпкерлік кезінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерлік кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға және (немесе) билік етуге болатын меншік құқығында немесе өзгедей құқықтарда азаматтарға жататын мүлік негізінде және оның есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік іс ұғымы - бұл мүліктік құқықтарды қоса, мүлік жиынтығы, мұның негізінде және сол арқылы дара кәсіпкер өзінің қызметін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік іс түгелдей немесе оның бір бөлігі құқықтарды белгілеумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты сатып алу-сату, кепілдеме, жалға беру және басқа мәмілелердің объекті бола апады. Сондай-ақ олар бойынша салықтық есептемені берудің тәртібін өздері тандай алады:

1) жалпыға ортақ белгіленген тәртіп;

2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

3) оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режимі;

4) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі. (мұндай тәртіп сақталынған жағдайда).

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режімі қарастырылған.

Құмар ойын бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер құмар ойын бизнесі салығын сондай-ақ құмар ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемін төлейді.

Дара кәсіпкерлер салықтарды есептеу мен төлеудің онайлатылған тәртібін пайдаланатын шағын бизнестің субъектілері болуы мүмкін. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, тәртібін өздері таңдай алады.
Жеке кәсіпкерлік (тұлғалық) түсінігі?

Жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкерліктің бір түрі ретінде пайда табуға бағытталған, азаматтың өзінің меншігіне негізделген және азаматтың өз тәуекелімен жүзеге асырылатын азаматтың бастамашылық қызметі.Кәсіпкерлікте еңбектік жалдау шарты бойынша жұмыстар жатпайды. Жекекәсіпкерліктің субъектілері болып заңды тұлғаны құрмай – ақ кәсіпкерлікқызметпен айналысатын жеке тұлғалар танылады. Жеке кәсіпкерлік түрлеріжеке тұлғалық кәсіпкер және ортақ кәсіпкерлік болып бөлінеді.

- жеке тұлғалық кәсіпкерлік - бір азаматпен жүзеге асырылады;

- ортақ кәсіпкерлік - адамның тобымен жүзеге асырылады.

Ортақ кәсіпкерлік нысандары болып мыналар табылады:

- ерлі – зайыптылардың кәсіпкерлігі;

- отбасылық кәсіпкерлік (шаруа қожалығы немесе жекешелендірілген тұрғын

үйге ортақ меншікке негізделген );

- жай серіктестік ( ортақ үлестік меншік негізінде).

Жеке тұлғалық кәсіпкерлікті – некеде тұратын азаматтар жұзеге асырса, егер

ерінің немесе зайыбының келісімісіз өзі құрған болса, онда ері немесезайыбының келісімі талап етілмейді. Отбасылық кәсіпкерлікті жүзеге асырукезінде басқада тұрғын меншік иесінің келісімімен куәландырылуы қажет.

Жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығы жеке тұлғалардың салық органдарында тіркелген сәттен бастап туындап және айқын сипатқа ие болады. Міндетті мемлекеттік тіркеуге келесі шарттарға сәйкес жеке кәсіпкерлер жатады: 1-ші тұрақты негізде жалданбалы жұмысшылар еңбегі пайдаланылады; 2-ші жеке тұлғалардың олар үшін бекітілген жиынтық жылдық табыс мөлшері, кәсіпкерлік қызметті иеленуге мүмкіндік берсе. Заңдарға сәйкес аударылған жиынтық жылдық табыстарды кәсіпкерлік қызметтен иеленсе міндетті мемлекеттік тіркеледі. Мемлекеттік тіркеу арқылы куәлік азаматтардың жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалық амалы болып табылады. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлеріне лицензия бергені үшін алым алынады.

Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың өзінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және адамның тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігіне

алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуына бағытталған бастамашылық қызмет болып

табылады. Жеке кәсіпкердің меншігіне қол сұғуға болмайды және ол заңмен қорғалады. Жеке кәсіпкердің шаруашылық жүргізу субьектілердің қызметін

тоқтата тұру және оны күштеп тарату сот шешімімен ғана жүргізіледі. ҚР-сы жеке кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі қатынастары азаматтық заңның нормаларымен қолданылады.


Тақырып 4. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі

Сабақтың мақсаты: ҚР кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретінде туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау.

Жоспар:

1 Заңды түлға ұғымы. Заңды тұлғаның пайда болуы, қайта құрылуы және тоқтатылуы.

3 Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары.
1 Заңды түлға ұғымы. Заңды тұлғаның пайда болуы, қайта құрылуы және тоқтатылуы.
Заңды тұлға ұғымы?

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.


Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары?

1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы).

5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.


Заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанын тіркеу үшін Орталыққа қандай құжаттар қажет?

1.    Тіркеу органы бекіткен үлгідегі өтініш;

2.    заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берген заңды тұлға органының шешiмi;

3.    құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк пен статистикалық карточка;

4.    заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;

5.    таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi;

6.    тарату балансы;

7.    заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған аралық жәнe тарату баланстарын бекiту туралы шешiмдi қабылдаған өзге де органның шешiмi;

8.    заңды тұлға мөрiнiң жойылғандығы туралы құжат;

9.    таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжат;

10.салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;

11.кеден органдарының кедендiк төлемдер бойынша берешектерi мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмiлелерiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;

12.акция шығарылымдарының (акционерлiк қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы уәкiлеттi органның хабарламасы;

13) заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелгенi және филиалдар мен өкiлдiктердiң есептiк тiркелгенi үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат табыс етiледi.


Заңды тұлғаны қайта құру дегеніміз?

1.Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.

Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру қызметі және секьюритилендіру туралы заңнамада көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

2. Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.


3. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет