кластерлерді дамытуды қолдау 1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну:
1) кәсіпорынның құзыретін арттыруға;
2) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және (немесе) оған сараптама жасауға;
3) технологиялық процестерді жетілдіруге;
4) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.
3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну аумақтық кластерлік бастамаларды құру мен іске асыру шеңберінде шығындарды өтеу және өзге де мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
4. Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
272-бап. Берешекті қайта құрылымдау 1. Берешекті қайта құрылымдау индустриялық-иннновациялық қызмет субъектілерін қаржы-экономикалық сауықтыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістердің инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру, өндірістерді іске қосу үшін индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру мақсатында олар үшінші тұлғалардан қосымша қаржыландыруды тартқан және (немесе) өзінің жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүлкі, оның ішінде ақша түрінде тиісінше қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда, пайдаланылатын құралдар ауқымын кеңейту мақсатында жүзеге асырылады.
2. Берешекті қайта құрылымдау төлемдер кестесін өзгерту, құқықтарды (талаптарды) толық немесе ішінара тоқтату, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), сыйақыны, оның ішінде негізгі борышқа капиталданған сыйақыны, инвестициялық өсімді, негізгі борышты және өзге де дебиторлық берешекті кешіру, инвестициялаудың және (немесе) кредит берудің және (немесе) қаржыландырудың, берешекті жарғылық капиталдарға айырбастаудың мерзімдері мен шарттарын өзгерту арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен мүмкін болады.
25-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ 1-параграф. Инвестициялардың құқықтық режімі 273-бап. Инвестициялық қатынастар 1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттеу және инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындау, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік беру, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын айқындау, инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды шешу тәртібі осы Кодексте жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекспен:
мемлекеттiк бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға;
коммерциялық емес ұйымдарға, оның iшiнде бiлiм беру, қайырымдылық, ғылыми немесе дiни мақсаттар үшiн капитал салуға байланысты қатынастар реттелмейдi.
3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге заңдарының қолданылу аясына жататын қатынастарға осы тараудың ережелері осындай заңдарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
4. Инвестордың жасалған инвестициялық келiсiмшарт бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасымен реттеледi.
274-бап. Инвестициялар, инвестор, ірі инвестор және