Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


саласындағы заңнамасының бұзылуын



бет112/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   160
саласындағы заңнамасының бұзылуын
тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар:
1) өтініш беруші – монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылғаны туралы мәліметтерді жіберген жеке немесе заңды тұлға;
2) тергеп-тексеру объектісі – өзінің әрекетіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға. Аталған тұлғалар тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеп-тексеру объектісі деп танылады;
3) мүдделі тұлғалар – Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы істі қарауға байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) монополияға қарсы органның лауазымды адамы – монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген қызметкері;
5) куә – тергеп-тексеру үшін маңызы бар қандай да бір мән-жайлар өзіне белгілі болуы мүмкін кез келген жеке тұлға;
6) сарапшы – арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар, іске мүдделі емес жеке тұлға болып табылады.
2. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде іске қатысатын тұлғалар өз құқықтары мен міндеттерін өзі немесе өкілі арқылы жүзеге асыруға құқылы.
3. Егер тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру объектісінің емес, өзге тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі анықталса, монополияға қарсы орган мұндай тұлғаны осы Кодекстің 216-бабында көзделген тәртіппен тергеп-тексеру объектісі ретінде тартады.
218-бап. Тергеп-тексеруді жүргізу
1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның әрекеттерінде осы Кодекстің 216-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргiзу туралы бұйрық шығарады.
2. Осы Кодекстің 174-бабының бұзылуы нысанына тергеп-тексеру жүргізу кезінде монополияға қарсы орган тауар нарықтарына талдау жүргізу арқылы өзіне қатысты өтініш (шағым) беріліп отырған нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтауға құқылы. Бұл ретте, осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстем болған кезеңі үшін де қолданылады.
3. Тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықта:
1) тергеп-тексеру объектісінің атауы;
2) тергеп-тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер тізбесі және мән-жайлар тобы;
3) тергеп-тексерудің басталу және аяқталу мерзімі;
4) монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қамтылуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылықтарын тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылықтарына тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Істі тергеп-тексеру мерзімін монополияға қарсы орган ұзартуы, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Мерзімін ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмесі ол шығарылған күннен бстап үш күн ішінде өтініш беруші мен тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.
5. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру басталғанға дейін тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
6. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру барысында бірнеше тергеп-тексеруді біреуіне біріктіру туралы немесе бөліп алу және жеке тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
219-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет