Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


хабарламаларды электрондық нысанда жүзеге асыру



бет55/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   160
хабарламаларды электрондық нысанда жүзеге асыру
1. Лицензиялау және хабарламалар жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Рұқсат беру рәсімдері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
2. Өтініш беру, рұқсаттар және (немесе) рұқсатқа қосымшалар беру тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
3. Рұқсат беру органдары рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізеді.
Хабарламалар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
10-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
113-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу
Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу осы Кодекске және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге, сәйкестікті растауға, аккредиттеуге, бақылауға қойылатын міндетті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау болып табылады.
114-бап. Техникалық реттеу объектілері
Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.
115-бап. Техникалық реттеу субъектілері
Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын және техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
11-тарау. БАҒАЛАР МЕН ТАРИФТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
116-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бағалары мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет