Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



Pdf көрінісі
бет2/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
   1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
   1-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗАРА
 
ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
 
      1-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы
 
             заңнамасы
 
      1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан 
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
 
      2. Қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де мүліктік 
қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар 
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
 
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте 
көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары 
қолданылады.
 
      4. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қамтылған Қазақстан 
Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы нормаларының олқылықтары немесе осы 
Кодекстің ережелеріне қайшылықтары анықталған жағдайда, осы Кодекстің ережелері 
қолданылады.
 
      5. Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленеді.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет