130-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың
міндеттері
1. Экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және
энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды
әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және өткізетін
өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгін,
олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған орта үшін қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының
ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мiндетi
болып табылады.
2. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 142-
бабының 1-тармағында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi
қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша
заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдауға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |