Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Тексеру тағайындау туралы акт



Pdf көрінісі
бет125/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
145-бап. Тексеру тағайындау туралы акт
 
      1. Тексеру мемлекеттiк органның тексерудi тағайындау туралы актiсi негiзiнде 
жүргiзiледi.
 
      2. Тексеру тағайындау туралы актiде:
 
      1) актiнiң нөмiрi мен күнi;
 
      2) мемлекеттiк органның атауы;
 
      3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берілген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң 
аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
 
      4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы 
мәлiметтер;
 
      5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе өзiне қатысты тексеру жүргізу 
тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын 
құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, аумағының учаскесi 
көрсетiледi.
 
      Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеру 
тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;
 
      6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
 
      7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
 
      8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары 
тексерілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
 
      9) тексерiлетiн кезең;
 
      10) тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен 
мiндеттерi;
 


      11) актiге қол қоюға уәкiлеттiк берілген адамның қолы және мемлекеттiк органның 
мөрi көрсетiледi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет