Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



Pdf көрінісі
бет144/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      164-бап. Нарық субъектiсi
 
        Нарық субъектісі: 
 
      1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
 
      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
 
      3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға (оның филиалы мен 
өкiлдiгі);
 
      4) кәсіпкерлік қызметті өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын 
коммерциялық емес ұйым болып табылады.
 
      
165-бап. Тұлғалар тобы
 
      1. Мынадай белгілердің біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін жеке тұлғалардың 
және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы тұлғалар тобы деп танылады:
 
      1) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлғаның немесе мұндай осы заңды 
тұлғаның осы нарық субъектісіне қатысуына орай не басқа тұлғалардан, оның ішінде жазбаша 
келісім негізінде алынған өкілеттіктерге сәйкес осы нарық субъектісінің жарғылық 
капиталындағы дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) 
тиесілі дауыстардың жалпы санының елу пайызынан астамына билік ету құқығы болса, жеке 
тұлға немесе заңды тұлға;
 
      2) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы 
нарық субъектісінің жеке-дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асырса, жеке тұлға 
немесе заңды тұлға;
 
      3) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы 
нарық субъектісінің құрылтай құжаттары немесе осы нарық субъектісімен жасалған шарт 
негізінде осы нарық субъектісіне орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы болса, жеке 
тұлға немесе заңды тұлға;
 
      4) алқалы атқарушы органның және (немесе) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің, 
қор кеңесінің) сандық құрамының елу пайызынан астамын сол бір жеке тұлғалар құрайтын 
заңды тұлғалар;
 
      5) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлғаның немесе мұндай заңды тұлғаның 
ұсынысы бойынша осы нарық субъектісінің жеке-дара атқарушы органы тағайындалса немесе 
сайланса, жеке тұлға немесе заңды тұлға;
 
      6) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлғаның немесе мұндай заңды тұлғаның 
ұсынысы бойынша осы нарық субъектісінің алқалы атқарушы органының не директорлар 
кеңесінің (байқау кеңесінің) сандық құрамының елу пайыздан астамы сайланса, жеке тұлға 
немесе заңды тұлға;
 
      7) жеке тұлға, оның жұбайы, ата-анасы (оның ішінде асырап алған), балалары (оның 
ішінде асырап алынған), туған және туысқан ағалары-інілері, апалары, қарындастары;
 
      8) әрқайсысы осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында 
көрсетілген қандай да бір белгі бойынша сол бір тұлғамен топқа кіретін тұлға, сондай-ақ 
осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір 
белгі бойынша мұндай тұлғалардың кез келгенімен топқа кіретін басқа да тұлғалар;
 
      9) нарық субъектісі, егер мұндай тұлғалардың осы нарық субъектісіне бірлесіп 
өзінің қатысуына орай немесе басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы нарық 
субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, 


пайлардың) елу пайызынан астамына билік ету құқығы болса, осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 
5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір белгілер бойынша тұлғалар 
тобына кіретін жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар.
 
      2. Тұлғалар тобы нарықтың біртұтас субъектісі ретінде қаралады. Осы бөлімнің нарық 
субъектілеріне қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет