Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы



Pdf көрінісі
бет149/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
170-бап. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы
 
               келісілген әрекеттері
 
      1. Тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің 
бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде:
 
      1) тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеуге 
және (немесе) ұстап тұруға;
 
      2) тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге;
 
      3) белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарттар 
жасасудан негізсіз бас тартуға;
 
      4) басқа субъектілермен мәні бірдей шарттарға кемсітушілік шарттар қолдануға 
қатысты келісілген әрекеттеріне тыйым салынады.
 
      2. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттері, егер 
жиынтығында олар мынадай:
 
      1) мұндай әрекеттердің нәтижесі нарық субъектілерінің әрқайсысының мүддесіне сай 
келген;
 
      2) нарық субъектілерінің әрекеттері олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болған;
 
      3) аталған нарық субъектілерінің әрқайсысының әрекеттері келісілген әрекеттерге 
қатысатын өзге де нарық субъектілерінің әрекеттерінен туындаған және осы нарық 
субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған;
 
      4) оларға қатысатын нарық субъектілерінің жиынтық үлесі тиісті тауар нарығында 
отыз бес және одан көп пайызды құраған шарттарды қанағаттандырса, келісілген әрекеттер 
деп танылуы мүмкін.
 
      3. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттері жазбаша 
келісімнің бар-жоғына қарамастан, келісілген әрекеттер деп танылады.
 
      4. Егер келісілген әрекеттерді бір тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілері 
жасаса және олар:
 
      1) озық технологияларды ендіру жолымен өндірісті жетілдіруге;
 
      2) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
 


      3) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және қолдануға 
бағытталса, ондай әрекеттерге жол беріледі.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет