Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта



Pdf көрінісі
бет201/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

228-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта
 
                 
қарау
 
        1. Монополияға қарсы орган нұсқаманы (өзінің немесе аумақтық органының 
нұсқамасын) өз бастамасы не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша: 
 
       1) егер елеулі мән-жайлар монополияға қарсы органға белгілі болмаған және белгілі 
болуы мүмкін болмаған, бұл заңсыз немесе негізсіз нұсқама шығаруға әкеп соққан
 
       2) егер нұсқама анық емес ақпараттың негізінде шығарылып, бұл заңсыз немесе 
негізсіз нұсқама шығаруға әкеп соққан
 
       3) егер нұсқама Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып 
шығарылған; 
 
       4) нұсқамада жіберілген жаңылыс жазулар немесе анық  арифметикалық қате 
түзетілген жағдайларда қайта қарай алады. 
 
       Монополияға қарсы орган өз нұсқамасының орындалуын оны қайта қарау аяқталғанға 
дейін тоқтата тұра алады, бұл туралы іске қатысатын тұлғалар жазбаша хабардар етіледі. 
 
       2. Қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган: 
 
       1) нұсқаманы өзгеріссіз қалдыруы; 
 
       2) нұсқаманы өзгертуі; 
 
       3) нұсқаманың күшін жоюы; 
 
       4) жаңа нұсқама шығаруы мүмкін. 
 
       3. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша нұсқама қайта қаралған кезде монополияға 
қарсы орган өтініш (шағым) берген тұлғаның немесе өтініш (шағым) мүддесіне орай берілген 
тұлғаның жағдайын нашарлатуға құқылы емес. 
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет