Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi



Pdf көрінісі
бет254/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
285-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi 
 
      1. Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы 
инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм 
және өтiнiм берушiнiң осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын 
құжаттарды инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жiбередi.
 
      2. Инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен 
инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында 
жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.
 
      Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның инвестициялық басым жобаны iске 
асыратын инвесторларға «бiр терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру 
қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
 
      3. Инвестициялық стратегиялық жобалар үшін көзделген корпоративтік табыс салығы 
жөніндегі инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен 2015 
жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша шарт жасау арқылы 
беріледі.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет