Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялық субсидия



Pdf көрінісі
бет260/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
291-бап. Инвестициялық субсидия 
 
      1. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасқан 
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде 
инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі инвестициялық 
субсидия болып табылады.
 
       2. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия инвестициялық 
басым жобаны іске асыратын инвесторға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде 
беріледі. 
 
      3. Инвестициялық субсидия растайтын құжаттар негізінде қосылған құн салығы мен 
акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған, 
бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік 
сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан 
аспайтын, іс жүзіндегі шығындардың орнын отыз пайызға дейін өтеу арқылы беріледі.
 
      4. Инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар:
 
      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік 
туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
 
      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
 
      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік 
декларациялар болып табылады.
 
      5. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық 
субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне 
қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық 
келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу 
арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.
 
      6. Инвестициялық субсидияны төлеу инвестор инвестициялық міндеттемелерді орындаған 
кезде, өндіріс инвестициялық келісімшартта белгіленген толық көлемде пайдалануға 
берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
 
      7. Инвестициялық субсидия беру қағидаларын Қазақстан Республикасының 
Үкіметі бекітеді.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет