Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Ұлттық палатаның жүйесі



Pdf көрінісі
бет46/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

57-бап. Ұлттық палатаның жүйесі
 
      1. Қауымдастықтар (одақтар) Ұлттық палатаның басқару органдарында және жұмыс 
органдарында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемшарттарға 
өздерінің сәйкестігін Ұлттық палатаның тануы үшін аккредиттеуден өтуге тиіс.
 
       2. Ұлттық палата жүйесіне: 
 
      1) республикалық деңгейде:
 
      Ұлттық палата;
 
      Ұлттық палатада аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар 
(одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық 
қауымдастықтары (одақтары);
 
      2) аумақтық деңгейде:
 
      облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары 
(бұдан әрі – өңірлік палаталар);
 
      өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық 
қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік 
қауымдастықтары (одақтары);
 


      өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы 
бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар);
 
      өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы 
қауымдастықтар (одақтар);
 
      3) қалалық және аудандық деңгейлерде:
 
      тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың 
аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың 
филиалдары;
 
      4) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан 
Республикасы Заңының мақсаттарын іске асыру үшін құрылған, Ұлттық палата құрылтайшы 
ретінде қатысатын заңды тұлғалар;
 
       5) Ұлттық палатаның шет мемлекет аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері; 
 
      6) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет