Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жеке



Pdf көрінісі
бет82/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      99-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жеке
 
              кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту
 
              саласындағы құзыреті
 
      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
 
      1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту және мемлекеттік қолдау жөніндегі мемлекеттік 
саясатты іске асырады;
 
       2) шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың мемлекеттiк шараларының 
орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi; 
 
      3) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегi 
шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
 
      4) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсiпкерлiктi дамыту 
инфрақұрылымына талдау жүргiзедi;
 


      5) жеке кәсiпкерлiктi қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк 
құқықтық актiлердi әзiрлейді;
 
       6) республика өңiрлерiнде шағын және орта кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру 
мен дамытуға ықпал етеді
 
      7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің инновациялық, 
инвестициялық және индустриялық даму саласындағы құжаттарын iске асыруға шағын және орта 
кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;
 
      8) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдау 
және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;
 
      9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастырады;
 
      10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн 
қызметтердiң халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасайды;
 
      11) жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге 
асырады;
 
       12) жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты 
насихаттайды; 
 
      13) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы 
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет