161-бап. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу саласындағы
қатынастар
1. Осы бөлім нарық субъектілері, тұтынушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен
жергілікті атқарушы органдар қатысатын Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы
бәсекелестікке ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін қатынастарға қолданылады. Бұл ретте
тауарды өз мұқтажы үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға тұтынушы деп танылады.
2. Осы бөлімнің ережелері, егер Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде
нарық субъектісі жасаған әрекеттер нәтижесінде мынадай шарттардың бірі орындалса:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі құралдар және (немесе)
материалдық емес активтер не нарық субъектілерінің акциялары (жарғылық капиталға қатысу
үлестері), Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қатысты мүліктік немесе мүліктік
емес құқықтар тікелей немесе жанама қозғалса;
2) Қазақстан Республикасында бәсекелестік шектелсе, мұндай әрекеттерге де
қолданылады.