1) тауарлар нарықтарына талдау жасау кезінде;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015
N 375-V
Кодексімен.
2) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық
субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде;
3) жеке тұлғаның, нарық субъектісінің және (немесе) заңды тұлғалар
бірлестіктерінің, сондай-ақ мемлекеттік органның уәжді өтініші болған жағдайда;
4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу
фактілері анықталған кезде жүзеге асырады.
7. Тауар нарығының көлемі тауардың немесе өзара алмастырылатын тауарлардың әкеліну
және әкетілу көлемдері ескеріле отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе өзара
алмастырылатын тауарларды нарықтың шекаралары шегінде өткізуінің заттай көрсеткіштердегі
немесе құн көрсеткіштеріндегі сомасы ретінде айқындалады.
Нарық субъектісі өз өнімінің бір бөлігін өз мұқтажына пайдаланған жағдайда, өткізу
көлеміне тауар нарығында өткізілген көлем ғана қосылады.
8. Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің тауарды
немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегінде өткізу
көлемінің тиісті тауар нарығының жалпы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.
9. Нарық субъектілерінің үлесін айқындау өнім беру көлемінің үлесі өнім берудің
жалпы көлемінде сексен бес пайыздан асатын субъектілерден ақпарат болған кезде мүмкін
болады.
10. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар,
жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті
орган, мемлекеттік кіріс органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы
органның осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруы үшін қажетті анық
құжаттарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде
коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты монополияға қарсы органның талап етуі бойынша
монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде беруге
міндетті.
РҚАО-ның ескертпесі!
197-бап 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015
N 375-V
Кодексімен.
Достарыңызбен бөлісу: