Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс



Pdf көрінісі
бет203/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс
 
               пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе
 
               бөліп шығару
 
      1. Егер үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі осы 
Кодекстің 169, 170 және 174-баптарында көзделген бұзушылықтар үшін күнтізбелік бір жыл 
ішінде екі рет әкімшілік жауаптылыққа тартылса және бәсекелестікті шектейтін әрекеттер 
жасауды жалғастырса, монополияға қарсы орган бәсекелестікті дамыту мақсатында осы нарық 
субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір 
немесе бірнеше заңды тұлғаны бөліп шығару туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
 
       2. Сот, егер жиынтығында: 
 
       1) құрылымдық бөлімшелердің технологиялық тұрғыдан негізделген өзара байланысы 
болмау; 
 
       2) тиісті тауар нарығында қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды 
тұлғалардың дербес қызметі мүмкіндігінің бар болу шарттары орындалса, бәсекелестікті 
дамыту мақсатында мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару туралы шешім қабылдайды. 
 
      3. Соттың мәжбүрлеп бөлу не бөліп шығару туралы шешімі меншік иесінің немесе оның 
уәкілетті органының көрсетілген шешімде көзделген талаптарды ескере отырып және 
көрсетілген шешімде айқындалған, бірақ алты айдан аспайтын мерзімде орындауына жатады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет