44-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру ерекшеліктері
1. Шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық
мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі.
2. Бірлескен кәсіпкерлікке негізделген шаруа немесе фермер қожалығын тіркеген
кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа немесе фермер қожалығының басшысына
беріледі. Куәлікке мемлекеттік кіріс органы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы
мүшелерінің тізімі қоса беріледі.