Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Монополияға қарсы органның кәсіпкерлікті



Pdf көрінісі
бет73/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      88-бап. Монополияға қарсы органның кәсіпкерлікті
 
              мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
 
      Монополияға қарсы орган мынадай функцияларды орындайды:
 
      1) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк 
саясатты қалыптастырады және iске асырады;
 
      2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік 
органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
 
       3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша 
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 
 
      4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 
сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
 
       5) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті 
шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) 
жолын кеседі; 
 
       6) экономикалық шоғырлануды бақылауды жүзеге асырады; 
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      7) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының 
5-тармағынан
 қараңыз.
 
      7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген 
бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды 
теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды; 
 
       8) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдеріне және келісілген 
әрекеттеріне, жосықсыз бәсекелестікке жол бермейді және олардың жолын кеседі; 
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      9) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 
N 375-V
 Кодексімен.
 
      9) нарық субъектiлерiн реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға 
ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiміне енгiзу және одан алып тастау қағидаларын 
әзiрлейді және бекітеді;
 
      10) бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының 
жұмыс істеуі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді және 
келіседі;
 
      11) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 
нормаларын қолдану туралы ақпаратты таратуды және адал бәсекелестікті насихаттауды 
жүзеге асырады;
 
      12) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдауды және бағалауды жүзеге 
асырады;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      13) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 
N 375-V
 
Кодексімен.
 
      13) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық 
субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асырады;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      14) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 
N 375-V
 
Кодексімен.
 


      14) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық 
субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
 
      15) тауарлардың өзара алмастырылу, оларды сатып алуға қолжетімділік 
өлшемшарттарын, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы 
бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдістемелерді, қаржы 
ұйымдарына қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      16) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының 
5-тармағынан
 қараңыз.
 
      16) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық 
жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаны анықтайды;
 
      17) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі 
әдістемелерді бекітеді;
 
      18) нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы 
органдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу 
фактілері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен тергеп-тексерулер жүргізеді;
 
      19) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік 
органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, 
мемлекеттік кіріс органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан 
және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге 
асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де 
құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және алады;
 
      20) нарық субъектілеріне:
 
       осы Кодекс нормаларының бұзылуын тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою; 
 
       бастапқы жағдайды қалпына келтіру; 
 
      осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
 
      егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт 
жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылған жағдайда, өзге нарық 
субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;
 
      21) мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға осы Кодекске қайшы 
келетін өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды 
тоқтату, сондай-ақ өздері жасасқан келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы және 
бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті 
нұсқамалар енгізеді;
 
      22) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде 
белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік 
жазаларды қолданады;
 
      23) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 
бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша істің сотқа дейінгі 
тергеп-тексеруді жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;
 
      24) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан 
Республикасының Үкіметіне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және 
монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын 
1 маусымнан кешіктірмей жібереді;
 
      25) бәсекелестікті қорғау саласында жүргiзілетiн мемлекеттік саясаттың ақпараттық 
ашықтығын қамтамасыз етедi, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он 
бесінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-
ресурсында монополияға қарсы органның қызметi туралы мәлiметтердi орналастырады;
 
      26) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлар бағасына 
сараптама жүргізеді;
 
      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау 


органдарына жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгінеді;
 
      28) нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның 
лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын 
бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекетті (әрекеттерді) жасауға жол бермеу туралы жазбаша 
нысанда алдын ала ескерту жібереді;
 
      29) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын 
ақпаратты қоспағанда, өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестің жай-
күйін талдауды орналастырады;
 
      30) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан 
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген 
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет